"Алдар көсе мен шайтандар" мультфильмі бойынша жазылған сахналық қойылымның әзірлемесі Алдар көсе ен далада дауыстап ән салып келеді: Алдар көсе



Дата17.06.2016
өлшемі42.15 Kb.
#143281
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы

орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы


"Алдар көсе мен шайтандар" мультфильмі бойынша жазылған сахналық қойылымның әзірлемесі
Алдар көсе ен далада дауыстап ән салып келеді:

Алдар көсе:

Қыран самғап көгімде

Далам қандай кең еді

Шаттық ауып көңілге

Өлең айтып келемін

Дүние байлық менде жоқ

Мендегі қулық сенде жоқ, айхой!

Ақылменен алдайтын

Мендей адам елде жоқ-ай!

Алдар: (Алдар көсе бір ағаштың түбіне келіп:)

-Ой шаршағаным-ай, мына ағаштың көлеңкесіне жата тұрайын.

(Осы кезде сол жерге екі шайтан келеді, Алдарды көрмей, өзара сөйлесіп жатады)

Құлан: Ха-ха, мен саған қанша рет айтам, асыққан шайтанның ісі деп.

Түлен: ал біз сонда кім болғанымыз?

Құлан: Біз шайтан!

Мен шайтанмын, сен шайтан иә,иә



Түлен: мен түленмін сен құлан иә,иә

Құлан: жердің бәрін азғырып

Түлен Берекесін қашырдық

Құлан: жақсы ойды бұздырып,

Түлен: жаман іске асырдық иә,иә

Құлан: бірімізді біріміз

Сыйламайтын іріміз

Тыңдамайтын іріміз иә, иә!

Алдар көсе. (Көзін сәл ашып қарайды да, екеуін көріп, әлі ұйықтап жатқан адам құсап, көзін жұмып жата береді) ( Ішінен айтады:) Аха, мына екеуі қайдан жүр.

Түлен: Керемет шықты ғой, ә!

Құлан: (Ағаш түбінде жатқан Алдар көсені көріп қояды) Түшшш өшір үніңді. (екеулері қарайды)

Түлен: не болды?

Түлен: Ұйықтап жатқан шығар?

Құлан: Тірі ме өзі?

Түлен: (алдардың көзін ашып қарайды) түу, түрін қараш, аштан өлген сияқты

Құлан: онда тірілтіп алайық

Түлен: қайтесің тірілтіп, жата берсін!

(екі шайтан теріс қарап сыбырласып тұрғанда, Алдар көсе Түленнің құйрығынан басып қалады, ал Құланның жамбасынан бір переді)



Құлан: өй, не болды саған? Неге пересің?

Түлен. Өзің ғой, құйрығымды...

Құлан оны бір переді.Екеуі төбелеседі) Алдар көсе тұрып алып, екеуінің төбелесін қызықтап отырады



Алдар көсе: ұр, ұр, қаттырақ, оң жағынан

Таптырма, пер, пер,әп бәрекелді, қай жеңгенің менікі!



Құлан: Не дейді өзі? Мынау жаңағы өліп жатқан адам ғой.

Алдар көсе: Қандай қырғын шайқас еді, өй, неге тоқтап қалдыңдар?

Түлен: әә, осы емес пе ортамызға от салған.

Құлан: Мәссаған, адамдарды азғыратын біз бе десек, қарапайым адам бізді қатырды ғой.

Алдар көсе: Ее қарапайымы несі. Әйгілі қу, алдаудан алдына жан салмаған Алдар көсе мен болам!

Құлан: Өйдөйттеген-ай! (Түленге қарап) Бізге де осындай адам керек емес пе?!

Түлен: Алдар көсе?! Аты да мықты екен.

Алдар көсе: иә, не керек. Менен сендерге не пайда?

Құлан: Түген деген жерде Бәлен деген ауыл бар. Сол ауылға барып...

Алдар көсе: Жоқ,жоқ мен ешқайда бармаймын

Құлан: неге?

Алдар көсе: аш бала тоқ баламен ойнамайды. Асқазаным ас көрмегелі алты күн болды. Алдымен тамаққа тойдырыңдар.

Құлан: тамаққа тойсаң барасың ба?

Алдар көсе: сөз жоқ, барам!

Құлан: Түлен, ойбай қазан, ой қазан

Қасымызға кел қазан.



Түлен. Тоқсан түрлі тамақ жоқ.

Тоқ етерін айтыңдар.



Алдар көсе: ой маған осы бес табақ бешбармақ, қазы -қарта, жал-жая, төрт таба нан, бір саба қымыз, бір самаурын шәй болса жетеді, қалғаны керек емес.

Түлен: ай-момент!

Құлан:Түген деген жердің берекесі кіріп ынтымағы жарасып тұр. Сол ауылға барып, адамдарын азғырып, араларына іріткі салып...

Түлен: берекесін қашырып, қызығына қарқ болайық. ха-ха-ха!

Алдар көсе: е, мен ол ауылды білемін. Бірақ сол ауылға жеткенше шаршап-шалдығып бітеміз ғой

Түлен: енді не істейміз?

Алдар көсе: жаяу жүргенше бір-бірімізді арқалап барайық!

Құлан: Дұрыс, бірінші сен бізді арқалайсың. Сосын біз сені арқалаймыз.

Алдар көсе: жоқ, бұларың болмайды. (жүгіріп кетеді де айтады)

Құлан: Тоқта, қайда қашып барасың?

Алдар Көсе: Онда мен сендерге шарик, малик ойынын үйретейін

Түлен. Шарик, малик? Ол не пәле?!

Алдар көсе: нағыз шайтандардың ойыны.Жеңілгенің бірінші арқалайсың.(құртты жасырады екі кесенің астына)

Ал, шайтандар, шайтандар,

Қимылымды байқаңдар.

Қулығымды асырам,

Мына құртты жасырам!

Әне кетті домалап,

міне кетті домалап,

айтыңдаршы жобалап,

қайда кетті домалап?

(құртты кесенің астынан алады да жеп қояды)



Түлен: мен бірінші!

Құлан: жоқ, мен бірінші!

Түлен: мен,мен, мен!

Құлан: жарайды, көрейік өнеріңді!

Түлен: мынау!

Алдар көсе: (кесені көтеріп қалады да , ештеңе жоқ екенін көрсетеді) ха!

Құлан: айттым ғой таба алмайсың деп, құрт мына кесенің астында

Алдар көсе: ха!

Ал ұтылғандар! Шүу! (Құланның үстіне мініп алады) Барғанша бір өлең айтып берейін.Сол өлең біткенде менің кезегім келеді. Түлен, билеп жүр алдымда

Әйлуләйім әйлуләй,

Құлан: (Алдарды көтерем деп ұзақ жолдан қатты шаршайды)

мына өлең қашан бітеді өзі?



Алдар көсе: өлеңнің қайырмасына келдік.

(құлан құлап қалады)



Алдар көсе: шаршасаң Түленнің кезегі келді, әйлуләйлім әйлуләй (Түлен құлап қалады)

Құлан: әй Көсе, сен бізді алдадың.Бізді не ақымақ көресің бе?

Алдар көсе: ауылға да жетіп қалып едік қой. Не ренжіп қалдыңдар ма?

Құлан: қазір сазайыңды береміз!

Түлен:мұрныңды бет қылып сүйегіңді шашып тастаймыз!

Құлан: әкел таяғыңды, көрейік өнеріңді!

Алдар көсе: екеуіңнің біреуге жабылғандарың жұрттан ұят болатын шығар.

Түлен. Ұят деген не?

Құлан: Қайтесің, шайтандарда ұят болмайды!

(Түленді переді, Төбелеседі) Шайтандар қашып кетеді.



Алдар көсе: Зұлымдықты айламен жеңе білу де – өнер. Солай емес пе, балалар?!

Қу болсам да қаншама

Озбырлыққа бармадым

Кедейге қолқа салмадым

Тек сараңды алдадым

Алдар көсе мен болам

Шайтанды да алдаған айхой

Мені көрген шайтанның



Зәре құты қалмаған

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет