Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай



Дата17.06.2016
өлшемі38 Kb.
#143280
Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайьай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Көңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:



  • Шық, әй! – екен. Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен екен.

Шықбермес Шығайбайдың атын естімеген ел болмайды екен. Оның «Шық, әй- ін» естімеген жан болмайды екен.

Қайтсем де Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылыпты.

Алдар- ау! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ та осы кезде ел-елге жайылады. Ел ауызындағы мәтелге айналады.


  • Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, -дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді. «Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем, Алдар деген атым құрысын» -деп Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.

«Не істеп отыр екен бұл қу?», - деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды.

Сығаласа Шығайбай қазы тіліп, бәйбешесі нан илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын», - деп, жылмаң етіп: «Кеш жарық!» - деп кіріп барады.

Бұлар да жылдам екен, Алдар « кеш..» дегенді айтып болғанша, қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбеше ұршықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.

«Әй, әбден-ақ әккіленіп алған екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер»,- дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып, төр алдына отырып алады.

«Ай, көсе екенсің, жұрты қуратқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәс тата алмассың», - дейді бай ішінен.



  • Қайдан жүрген адамсың? Қайда барсың? НЕ естіген-білгенің бар?- дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі.

  • Көрген-білгенім көп. Жолда келе жатып, ұлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.

Артық- кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай:

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай,

Былш етті иленіп,

Бәйбеше астындағы нанындай,

Өтірік болса, сақалым жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай-

Бәрің де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай, - дейді.



Осыны айтқаннан кейін бай:

  • Шоқ түссін тіліңе! – деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды.

  • Тілің кесілсін! –деп, бәйбеше нанын лақтырады.

  • Жағың қарыссын!- деп, тоқал басты лақтырады.

  • Ішің толсын!- деп, қыз тырнаны лақтырады.

  • Қазаныңды аса бер, бәйбеше, -дейді бай « амал қайсы» деген пішінмен. Бәйбеше қазанға ас салады да:

  • Піс, қазаным, бес ай! – дейді.

  • Отырайын он ай! – дейді Алдар етігін шешіп.

  • Кер тағының терісін келер жылы киермін, - деп төрге орнығып отырады. Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. « Мынау кәпір қашан жатады?» - деп, үн жоқ қасарып бай да отырады.

  • Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:

  • Әй, кемпір, төсек сал, -дейді. Бәйбешесі төсек салады. Үй-іші ұйықтаған кезде, Алдар орынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, ет орына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбешесін оятады.

  • Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді- ау ит! – деп сыбыр етеді. Бәйбеше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:

  • Жат , жігітім жат! Сазайың осы! – деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды, бұлай қидалайды, болмайды.

  • Етіңе не болып кеткен, өңкей шандыр! – деп әйеліне ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры бір бәле Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады. Таңертең Шығайбай жолға шықпақ болып, бәйбешесіне: «Қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер», - дейді. Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып, байдың қойына тыға қояды.

Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

  • Е, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айырылысайық, -деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

  • Ау, жарайды енді!- деген сайын қаттырақ қыса түседі.

  • Ау, мына ит жегірді ит жесін, мә! – деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.

  • О, байеке, ит жегенше, мен жейін, - деп, Алдакең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді. Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбешесінебір торсық айран құйғызып, оны көрсетпей ішіне байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар; !Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын, қоштасып қалайын, - дейді де, құшақтасқан күйі торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айтан төгіліп, Шығайбайдың мазасын кетіреді. Отрсықты амалсыздан Алдарға беріп, Шығайбай бұл жолы да аш кетеді.

Алдардан құтыла алмаған соң, бай Көсенің атын сойып алмақ болады. Алдар байдың мұнысын тағы естіп қойып, атынабарады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «маған ойлайтын зиян болса, өзіне тисін! –деп, өз атының қасқасына сиырдың жас жапасын жағып жоғалтады да, бай атының басынабор жағып, қасқа ат қылып қойады. Сөйтеді де орнына келіп жатып ұйықтайды.

Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін білген бай ішінен: «Тұра тұр, бәлем!»- деп Алдарға ыза болып жүр еді. Алдар ұйықтады- ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.



  • Міне, жігітім, сазайың! – деп, өзінің істеген існе көңілі толып қуанып, төсегіне жатып ұйқығакетеді. Таңертең бай орынан тұрып жатып Алдарға:

  • Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Жарылып қалған сенің атың болуы керек, - дейді. – Сорлы, атыңды бақпай, қазан бағып жүрген не қылған адамсың? – деп қарқ-қарқ күледі.

Алдар тұрып:

  • Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса, менікі болар, бор қасқа болса, сіздікі болар, - дейді. Бай сонда құдайдың ұрғанын бір-ақ біледі де, орнынан тұра жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқандағыдай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен. Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:

  • Жоғалт қараңды, сұм! Мен сені енді көрмейін, - деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен әйеліне:

  • Мына итті тез жөнелт!- дейді. Бай үйден ұзай берген кезде Алдар жақындап барып:

  • Етігім жыртылып, шылғауым шығып жүр. Бізіңді беріп кет, - дейді. Байдың бергісі келмейді. Алдар жабысып жібермейді.

Ақыры болмаған соң:

  • Ә, алсаң алшы, антұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір,- дейді. Алдар алғысты жаудырып, күліп қала береді. Бай кетісімен Алдар оның бәйбешесіне жүгіріп келіп:

  • Ал, бәйбеше, қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз, - дейді.

  • Е, не үшін?

  • Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.

  • Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, -дейді.

  • Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал, -деп сыртқа шығып, едәуір жерге ұзап кеткен байдың артынан айғайлайды:

  • Әй, бай! Бізбейкені бермей жатыр мына бәйбешең, - дейді « біз» сөзін қатты айытып.

  • Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, -деп айғайлайды бай.

  • Әне, естідің бе№ - дейді Алдар қасына тұрған әйелге.

  • Мына кәріні ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа қыз беріп құтырған ба? – деп таңқалады әйелі. Қатын-қалашқа бой бермеген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді. «Алдардың ойыны осылай болады», -деп еліне тартып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет