Қазақ тілі
1-мәтін
– Екі ай уақытыңды пайдасыз бос өткізгенсің. Емтихан тапсыру үшін оқыған сабақ білім боп бойға сіңбейді. Философиямен шындап айналысқың келсе, оқу бағдарламасын жиып қойып, өзіңше кірісу қажет. Әрине, кейін, уақыт тапқанда. Ал қазір... қазір алдыңда басқа мақсат тұр. – Профессор тағы да ойланып қалды. – Жастың аты – жас, - деді жанары қашқан көздерін әлдеқайда қадап отырып. – Бойдағы қайрат кемерінен асып төгіліп жатқан шақ. Бірақ оның да ортаяр, сарқылар күні туады. Қазірден бастап ақылыңды, күшіңді орнымен жұмсауға үйрен. Неге жымиясың, Абай айтқандай, «Артқа қарап, ақылсыз шалға күліп» отырған жоқсың ба?
1-сұрақ
Профессордың ақыл-кеңесі кімге арналған?
*
А) Студентке
В) Оқушыға
С) Мұғалімге
D) Еңбек адамына
E) Дәрігерге
2-сұрақ
Семейде шығатын губерниялық Қазақ тілі газеті 1926 жылғы 28 сәуірдегі Қаныш Сәтбаевтың Том қаласындағы ұлттар кеші деген хабарын жариялаған
Қандай тыныс белгі қажет?
*
А) Жақшы
В) Көп нүкте
С) Тырнақшы
D) Сызықша
E) Үтір
3-сұрақ
Cөйлем соңында келетін тыныс белгі:
*
А) Көп нүкте
В) Қос нүкте
С) Үтір
D) Жақша
E) Сызықша
4-сұрақ
Иә, бұл күнде ол – Сәтбай қажыдан тарайтын екі ауылдың көшбасшысы, көш-қонға ғана емес, өзге жөніне де билік айтатын бірегей басшысы.
Сызықшаның қойылу себебі:
*
А) Бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөз
В) Оңашаланған айқындауыш
С) Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
D) Бастауыш пен баяндауыш
E) Жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету
Қазақ әдебиеті
1-мәтін
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.
Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең, һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хүсідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бәлкім азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хірслану жарамайды. Егер хірсланса, өз сөзімшіл ғұруырлық, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші – әр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза, екінші – мұхафаза. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар зинһар жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуел құданың, екінші – халықтың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың бәрінің дұшпаны. Олар бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!
5-сұрақ
Абай Құнанбайұлының отыз екінші қарасөзінде негізгі ойға лайықты мақал-мәтел қатарын көрсетіңіз:
*
А) Ғылым – теңіз, білім – қайық.
В) Ақыл – алтын садық, адамына қарай ашылар.
С) Оқу – білім азығы, білім – өмір қазығы.
D) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
E) Жақсы мінез – сүйінтер, жаман мінез – күйінтер.
6-сұрақ
Қарасөздегі ақын ұстанған басты идея:
*
А) Ғылым-білімге шақырған
В) Ғылым-білімның маңыздылығын түсіндірген
С) Мінез кеселдерін көрсеткен
D) Еңбекті бағалауды айтқан
E) Оқудың алды ғылым екені жайлы ой қозғаған
7-сұрақ
Ақыл, ғылымды сақтайтын ең ғажайып сауыт:
*
А) Ар-ұят
В) Білім
С) Мінез
D) Еңбек
E) Күш-қайрат
8-сұрақ
Қаныш Сәтбаевтың азан шақырылып қойылған есімі:
*
А) Ғабдулғани
В) Ғабдулла
С) Ғабдулғазиз
D) Ғабдуллин
E) Ғабдулазиз
9-сұрақ
« ...Абайдың көзі тірісінде, оны оқырман қауымға таныстырған адам – Әлихан Бөкейханов». Пікір иесі:
*
А) Қ. Мұхамедханов
В) Ж. Аймауытов
С) М. Әуезов
D) Т. Жұртбай
E) З. Қабдолов
10-сұрақ
«Шашты» әңгімесінің бас кейіпкері:
*
А) Асылбек
В) Жанатбек
С) Арман
D) Жүрсін
E) Кенжебек
11-сұрақ
«Шашты» әңгімесіндегі бас кейіпкерді түрлі қауіп-қатерден аман алып шыққан тұлпары:
*
А) Найманкөк
В) Көктұйғын
С) Қыпшақбоз
D) Байшұбар
E) Тайбурыл
12-сұрақ
«Шашты» әңгімесіндегі ұлттық дүниетаным:
*
А) Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр.
В) Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың – сол.
С) Жылқышы ата, күндіз тығылып жатсам, қуғыншылар ұзатпай, ұстап алмай ма?
D) Оғыз-қыпшақ – ежелден шығандай бергенмен, түп нәсілі бір халық.
E) Тұлпар дүбірі сені қиянға шырқатып әкетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |