Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар



Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452584
шежірелі өлкемнің тарландары


Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сағыз орта мектебі


«Шежірелі өлкемнің тарландары»

ақырыбындағы облыстық зерттеу шығармалары және мақала байқауына


Тақырыбы:



Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар.

Орындаған: 10-сынып оқушысы Сәкенұлы Ермахан.


Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші

Нұрмағанбет Ләйла Аманғалиқызы.

2020-2021 оқу жы
Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар.
Панам да-ел!

Данам да-ел!

Соған арқа сүйедім,

Содан ғана үйрендім!

Д.И.Қонаев.

Мен туған жер, менің шыр етіп дүниеге келген киелі мекенім, мен үшін қасиетті де қастерлі мекен-Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Ноғайты елді мекені! Осы өлкемнің табиғаты қаншалықты қатаң болса,халқы соншалықты мейірбан,соншалықты кеңпейіл! Мен бүгінгі өз жұмысымды осындай қарапайымдылығымен,мейірімділігімен, кішіпейілділігімен және еңбекке,соның ішінде өз мамандықтарына деген асқан жауапкершілік иелері, ауыл халқының бүгінгі күнге дейінгі денсаулығына зор үлес қосқан дәрігерлер құрметіне арнамақпын!

Олар: терапевт-дәрігер-Жаленов Кәдірбек, педиатр-дәрігер-Ізбасарова Мейрамхан, акушерка- Сағындықова Ұлболсын /Ұлша апа/, медбике-Құлманова Жамал, акушерка-Табылдина Өзипа, медбике-Оспанова Салтанат, фельдшер,балалар медбикесі-Нұрмағанбетова Ғайша, медбике- Едігенова Наушан, Жолина Балымай, акушерка-Бөлегенова Ақтоты есімді азаматтар мен азаматшалар. Ауылдағы 1969-жылғы дүниеге келгендерден бастап,кешегі 2000-жылдар аралығындағы дүниеге келген сәбилердің кіндігін кескен,дүниеге аман-есен келуіне себепші болған және ана мен бала денсаулығына да жауапты осы жандар болған еді.


Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың. Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің.  Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды.Жоғарыда есімдері аталған ақ халатты абзал жандар – сол кездегі ауыл адамдарының еміне дауа тауып,тек дәрімен емес,өз мейірімдері мен жылы сөздері арқылы әр жүрекке жол тапқан абзал жандар.!!!

Иә, түсінемін, дәрігер болу оңай емес. Бұл мамандық жайында осы саланың білікті мамандары: «Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек», -дейді екен.Менің ойымша, дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан жалықпау қажет. Әрдайым  ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Себебі дәрігер -  күрескер адам. Мен дәрігер мамандығын таңдағым келеді. Өз ісімнің білікті де білімді маманы болсам, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз шыңдап, әр науқастың дертіне дауа, шипа бола білсем. Қысылған адамға бар қызметімді жасасам, жылы сөзіммен, ақжарқын адал көңілмен сырқаттың жайын таба білсем, жанары жәутеңдеп келген сырқаттың дертін емдесем, өзін мазалаған сұрақтарына жауап бере алатындай дәрежеде болсам деймін... Дәрігер адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алады. Нағыз дәрігер - емделушінің жанын түсініп, мейірім танытатын жан. Науқас адам, ең алдымен, дәрігерден жылы сөз бен жан мейірімін күтеді. Ақ халатты азбал жанның емінен бұрын қамқорлығына мұқтаж. Дәрігердің үш қаруы бар. Ол - сөз, өсімдік және пышақ. Оның ішінде сөз - дәрігердің бірінші қаруы. Адамға сөзбен сенім сыйлау - бұл өмірдегі ең құдіретті құбылыс. Дәрігердің жылы сөзі мен мейірімді мінезі кез келген дерттің емі деп ойлаймын


Халық денсаулығының мық­ты болуы – еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында екендігі мәлім. Осы ретте, еліміздің ден­саулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөлен­ген барша ақ халатты жандарға алғыс білдіремін.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет