КІРІСПЕ
Қазақстандағы сақтандыру жүйесі – қоғамның экономикалық қатнастарының айрықша сеферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процентерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақты аспектерін) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесен резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюжеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъктілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуы, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтау қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау.
Сақтандырырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Эконамиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ереше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды орттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады: қоғамдық қорғауды жүйесі;
әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру – сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар тындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демке, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға матералдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сеферасы.
Ерекше сақтық қатнастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңмен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің номативтік актілерімен реттеліп отырады.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
Ақша қорларын жасап, пайдалану кезендегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымжық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |