М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Математика кафедрасы
5В010900 –«Математика»
мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
«Алгебра және сандар теориясы»пәнінен
SYLLABUS
Құрастырушы: Л.И. Урынбаева педагогика
ғылымдарының магистрі, оқытушы
Орал, 2018 ж.
SYLLABUS 16.VIII._2013 жылғы № 343ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5В010900 «Математика» мамандығының типтік оқу жоспарының негізінде дайындалды.
1-курс студенттері үшін “ Алгебра және сандар теориясы” пәнінен кредиттік оқыту технологиясы бойынша – «Математика» мамандығының оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған : педагогика ғылымының магистрі, оқытушы Л.И. Урынбаева
Пікір беруші: ф.-м.ғ.к. Молдагалиев В.С.
Математика кафедрасының «10» қыркүйек 2018 жылғы
мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі Б.Ж. Мухамбетова ______________
1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
3
|
15
|
30
|
-
|
45
|
45
|
135
|
Аралас емтихан
|
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
2. Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: студенттерді абстракты алгебраның алғашқы ұғымдарымен, классикалық алгебраның негізгі бөлімдері және олардың қолдануларымен таныстыру; басқа пәндерді меңгеруге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау; элементтердің табиғатына тәуелсіз абстраклы ойлаудың жалпы мәдениетіне тәрбиелеу.
Курстың міндеті:
Студенттерге сызықтық алгебраның негізгі бөлімдерін толық меңгерту (олар: анықтауыштар, матрицалар, сызықтық теңдеулер системалары, фундаменталь шешулер жүйесі, сызықтық кеңістіктер және сызықтық түрлендірулер, евклидтік кеңістіктер); аксиоматикалық негізде құрылған алгебралық құрылымдардың изоморфты және гомоморфты теорияларын түсіндіріп, олардың интерпретацияларын құруға дағдыландыру; алған білімдерін математиканың басқа салаларында, атап айтқанда, геометрияда, математикалық талдауда, математикалық логикада, физикада т.б. қолдана білуге үйрету.
Пререквизиттері:мектеп математикасы курсы, алгебра және анализ бастамалары, тригонометрия курсы, элементар математиканың барлық негізгі формулалары мен қағидалары.
Постреквизиттер: курсты толық оқыған студенттер мына мәселелерді білулері тиіс:
анықтауыштарды есептеу;
матрицаларға амалдар қолдану, рангын табу, кері матрицаны табу;
сызықтық теңдеулер жүйелерін әр түрлі әдістермен шешу, фундаменталь шешулерді табу;
сызықтық түрлендірулер мен матрицалардың байланысын орната білу;
жиындар теориясының элементтері мен математикалық логиканың алғашқы ұғымдарын меңгеріп, ооларды қолдана білу;
қатынастар мен алгебралық операцияларды түсініп, олардың қасиеттерін, түрлерін, қолданылуын меңгеру;
барлық математиканың негізі болатын сандар теориясындағы белгілі ережелерді еске түсіре отырып (бөлінгіштік, ЕҮОБ, ЕКОЕ, жай және құрама сандар, өзара жай сандар), оларды салыстырулар теориясының теоремаларын қорытуға қолдана білу;
сан коэффициентті полиномдардың дәрежесіне сәйкес түбірлерін табу әдістерін білу;
комплекс сандарды бір формадан екінші формаға көшіру формаларын білу және әр түрлі формадағы сандарға амалдар қолдану ережелерін білу
Достарыңызбен бөлісу: |