«Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау»



бет1/12
Дата30.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#167015
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-12.1.5/03-2013

«Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

18.09.2013ж.

№1 басылым




    «Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау»



пәнінен оқу-әдістемелік кешен




    5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2013
мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий


Алгоритм – арнайы іс-әрекеттің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Сонымен, алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау алгоритм деп аталады

Цикл қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін атайды

Қызметші сөз деп – Паскаль тілінде белгілі бір міндет атқаратын сөзді айтамыз. Қызметші сөздер program, var, begin, end болады.

Атау – қандай да бір объектіні белгілеу үшін қолданады. Паскаль тілінде атаудың екі түрі бар, олар: стандартты және ЭЕМ-ді қолданушы енгізетін атау.

Стандартты атау – ол стандартты объектілерді белгілеу үшін тілдің өзіне бекітілген атау болады. Стандартты атауларға input, output атаулары да жатады.

Тілдің символы дегеніміз – кез келген мәтінді құруда қолданылатын элементар таңбалар. Осындай символдар жиынтығы тілдің алфавиті деп аталады.

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі.

Массив дегеніміз – бір атаумен белгіленіп бір өлшеммен өлшенетін айнымалылардың реттелген тізбегі. Массив элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс.

Тұрақты деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Өрнек деп арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынын айтады.

Бүтін типтегі мәндер. Мәндердің барлық типтерін жай және күрделі деп екіге бөлуге болады.

Жай типтер дегеніміз – мәндерінің стандартты және айнымалы типтері. Стандартты мәндер типтеріне жататындар: бүтін integer, нақты real, логикалық boolean, символдық char.

Күрделі тип – бұл жай типтердің әр түрлі комбинацияларынан құралады.

Бүтін типтегі тұрақты дегеніміз – нүктесіз жазылған кез келген ондық сан. Бүтін тұрақты санды нақты түрле береді. Өзінің мәні ретінде бүтін типтегі тұрақтыны қабылдайтын айнымалы да бүтін типке жатады.

2. Дәрістер


Дәрістік сабақтар

1 апта



Тақырып 1. Алгоритмдер
Дәріс жоспары

  1. Алгоритм ұғымы және оның негізгі қасиеттері.

  2. Алгоритмді жазу тәсілдері және құралдары.

  3. Есептеу процесінің негізгі типтері: сызықтық, тармақталу, циклдық.

  4. Есептерді ЭЕМ – де шығару және дайындау этаптары.



Дәрістің қысқаша тезисі


І. Алгоритмдер, алгоритмнің негізгі құрамы

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Студенттерге алгоритм жайлы жалпы мағлұмат беру арқылы оның мүмкіншіліктерін атап өту.

  • Алгоритмдерді жазу әдістерін үйрету.

  • Алгоритмдердің сызықтық, тармақталған және циклдік құрылымын атап өту.


Дамытушылық

  • Студенттердің алгоритм құра алатынын қадағалау және өздігінен тапсырмаларды орындауы

  • Ақпаратты өңдеудің әрбір сатысын блок-схема арқылы өрнектеу, сонымен қатар алгоритмдерді бейнелеу блоктарын білу.

  • Студенттердің қабілетін дамыту.

Алгоритм – арнайы іс-әрекеттің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Сонымен, алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау алгоритм деп аталады. Алгоритмнің орындалу кезінде оны орындаушыға келесі жолы қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны – командалар жүйесін құрайды.

Алгоритмді машинаға енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен текст түрінде жазып, ЭЕМ-нің жадына кіргізу қажет.

Алгоритм мен программаға байланысты ЭЕМ-нің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:



  1. есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;

  2. алгоритм программаға айналдырылуы тиіс;

  3. программа машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек.

Сонымен керекті нәтижені алу жолында ақпаратқа қолданылатын әрекеттердің орындалу ретін анықтайтын нұсқау – алгоритм болып есептеледі.

Алгоритм информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі, үшбұрыштың ауданын есептеу жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады. Сонымен, алгоритм есептерді шығару тәсілі, яғни белгілі бір нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың реттелген жиыны.

Алгоритмдерді ЭЕМ-де орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:


  1. табиғи тіл арқылы жазу;

  2. белгілі бір терминдер – псевдокодтар арқылы жазу;

  3. графика жолымен жазу;

  4. алгоритмдік тілдермен жазу жолдарын жатқызуға болады.

ЭЕМ-де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төменгі кезеңдерден тұрады:

  1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.

  2. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.

  3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.

  4. Есепті ЭЕМ-де шығару программасын жасау және оның қателерін түзету.

  5. Есепке керекті мәліметтер дайындау.

  6. ЭЕМ-де есепті шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

ЭЕМ бір қарапайым не логикалық операцияны ғана орындай алатын етіп құрылғандықтан ақпаратты өңдеу үшін машинаға берілетін командалар (бұйрықтар) берілетін нұсқаулар тізбегінен тұруы тиіс.

Мысалы:

a=10.3, b=5.4 және h=6 мәндерін пайдаланып, ЭЕМ-де трапеция ауданын есептеу керек болсын (a, b – табандары, h – биіктігі).

Мұндағы өңделетін ақпарат үлгісі – трапеция ауданы. Өңдеу алгоритмі: оны есептеу формуласы – B=(a+b)*h/2. Алгоритмдік тілді пайдаланатын символдар: * - көбейту таңбасы, / - бөлу таңбасы, ** - не “ – дәрежелеу таңбасы, := - меншіктеу белгісі, . – нүкте. Бұл нақты санның бөлшек бөлігін бүтін бөлігінен ажырату үшін пайдаланылады. Осы формула бойынша трапецияның ауданын есептеуге арналған қарапайым нұсқаулар тізбегін мынандай түрде жазуға болады:


  1. 10.3-ті а деп, 5.4-ті b деп, 6-ны h деп белгілеу (a:=10.3; b:=5.4; h:=6);

  2. a-ны b-ға қосып, r1 деп белгілеу (r1:=a+b);

  3. r1-ді h-қа көбейтіп, r2 деп белгілеу (r2:=r1*h);

  4. r2-ні 2-ге бөліп, B деп белгілеу (B:=r2/2).

Осы сияқты жеке қадамдардан тұратын нұсқаулар тізбегі алгоритм деп аталатыны орта оқу орындарының информатика пәнінен белгілі. Жалпы алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адамға, не компьютерге) жинақты түрде берілген нұсқаулар тізбегі алгоритм деп аталады.

Құрылған алгоритмде 3 түрлі берілгендер кездеседі:



  1. бастапқы берілгендер (10.3, 5.4, 6)

  2. аралық берілгендер. Жоғары алгоритмдерде олар 2-ші және 3-ші нұсқауларды орындаудан соң шыққан нәтижелер.

  3. ол – 4-ші (қорытынды) нұсқауды орындаудан шыққан мән.

Жалпы, берілгендер - информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі. Өңдеу үшін дайындалып, ЭЕМ-ге ендірілетін, машинада кодталған түрде пайда болған және шығарылатын ақпараттардың бәрі де берілгендер деп аталады.
ІІ. Алгоритмдерді жазу әдістері
Алгоритмдерді өрнектеудің көп тараған түрі – оны график арқылы бейнелеу. Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлкеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Ол фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп те аталады. Жиі қолданылатын амалдар, яғни мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізу, формуламен есептеу, шарттардың орындалуын тексеру, нәтижені қағазға басу символдары 1.1-суретте көрсетілген. Осы суреттегі көрсетілген блоктардан алгоритм схемалары құрастырылады. Кейде алгоритмдер схемасын оның блок-схемасы деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет