Алгоритмнің қасиеттері? Алгоритм түрлері?



Дата03.01.2022
өлшемі15.14 Kb.
#451733
түріНұсқаулар
Алгоритмы


  1. Алгоритмнің қасиеттері?

  2. Алгоритм түрлері?

  3. Алгоритм қолданыстары?

1. Алгоритмнің қасиеттері?

Қай алгоритм болса да негізгі қасиеттерді қанағаттандыруы шарт:

1.Дискреттілік қасиет – орындалатын әрекеттер тізбегі бірнеше қадамдарға бөлініп үздікті құрылымды болуы керек. Және қадамдардың орындарын ауыстыруға болмайды.

2.Түсініктілік қасиеті – орындаушыға түсінікті және орындай алатын нұсқаулар жиынынан командалардан тұруы қажет. Орындаушыдан біртұтас әрекет жасауды талап ету керек. Алгоритм орындаушыға бағытталуы керек.

3.Анықтылық қасиеті – детерминделген деп те аталады, бір алгоритмді кез келген орындаушы орындай алатын болуы керек. Қай орындаушы орындаса да алынатын нәтиже біреу болуы керек. Орындаушы дербес шешім қабылдамайтындай болып құрылуы керек, яғни анық, егжей-тегжейлі ойластырылған, толық, жалғыз нәтижелі болуы керек. Бір - екі минуттай деген сияқты нұсқаулар болмау керек.

4.Ортақтық қасиеті – бір алгоритм барынша үлкен класқа жататын есепті шешетіндей болуы керек, тек бастапқы берілгендерді өзгерту арқылы ғана шешімді табуға болатындай. Мысалы квадрат теңдеуді шешу алгоритмін ах2+bx+c=0 жағдайына құрған дұрыс болады, ал 4x2+5x-1=0 түріне құрса онда алгоритм дербес болады, неғұрлым жалпы болуы керек.

5.Нәтижелілік қасиеті – алгоритмнің пункттері немесе нұсқаулары шектелген, оның шегі есептің нәтижесін беретіндей болуы керек. Алынған нәтиженің дұрыстығын анализдеу керек.


Алгоритм түрлері?

Жалпы алгоритмдердің келесі түрлері болады:



    1. Тұрмыстық

    2. Есептеу

    3. Рекурсивті

    4. Қосалқы

Күнделікті өмірде белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын, ешқандай роботтың көмегін талап етпейтін, адамдардың сана – сезімінен тәуелді әрекеттер жиынын тұрмыстық алгоритмдер дейді.

Формула көмегімен шығарылатын, есептеуді қажет ететін, күрделілігіне байланысты белгілі бір техниканың араласуын талап ететін алгоритмдерді есептеу алгоритмдері дейді.

Рекурсивті алгоритм деп есептеу алгоритмінің бір түрін айтады. Оның нәтижесі формуланың ішіндегі бір параметрінің мәні басқа бір өзгеріп отыратын параметрден тәуелді болудан шығады.

Қосалқы алгоритм дегеніміз күрделі алгоритмдердің бірнеше жай алгоритмге бөлінуі арқылы негізгі алгоритмге қажетті уақытында ғана шақырылатын, жалпылама жағдайға негізделіп дербес құрылатын алгоритмдер.


Алгоритм қолданыстары?

Алгоритмдер құрылымына қарай үшке бөлінеді:



  1. Сызықты

  2. Тармақталған

  3. Қайталану немесе циклдік

Операциялардың реті алгоритмнің өз структурасымен анықталған және енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелсіз, тізбектеліп орындалатын алгоритмдерді сызықты алгоритмдер дейді.

Енгізетін шамалардың жеке мәндерінен тәуелді бірнеше әрекеттердің біреуінің орындалуын тағайындайтын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет