Қалықбекова Б. Т. Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 7В



бет1/7
Дата03.01.2022
өлшемі44.35 Kb.
#450251
  1   2   3   4   5   6   7
15.10 ТЖБ Қазақ тілі Т1 7-сынып 1-тоқсан 20


Оқушының аты-жөні: Аманжолов Асқар

Мұғалім: Қалықбекова Б.Т.

Пән: Қазақ тілі Т1

Сынып: 7В____

Tоқсан: І

Тоқсандық жиынтық бағалау

Барлығы 25 балл



Оқушыға нұсқау

  1. Бақылау тапсырмаларын орындауға 40 минут уақыт беріледі

(сөйлесуге, көшіруге, басқа оқушылардан көмек сұрауға рұқсат етілмейді)

  1. Жауап жазуға қосымша орын қажет болған жағдайда, осы буклет артындағы қосымша парақты пайдаланып, қай сұрақтың жауабы екенін жазып көрсетіңіз.




Оқылым
Тапсырма

Екі мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, мысалдармен көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз [5]



А мәтіні

ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ ПРОБЛЕМАСЫ

      «Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді. Қан­ша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыз­дықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды. Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бас­тауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жи­ғызбай барады».

   «Мәңгі жасыл құрлық­тар­ды жаз ортасында қар басып, Гренландия­ның мұз құрсауларының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр. Ғаламдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр».

   Иә, жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады. Жер шары қызып барады. Өткен ғасырда ауаның температурасы бүкіл дүние жүзінде Цельсия бойынша 0,7 градусқа жы­лынған. Соның салдарынан Килиманджаро шыңдарын ғасырлар бойы құрсаған қарлар еріп, теңіз түбіндегі маржанды жартастар ізсіз жоғалуда.

http://group-global.org/kk/publication/21046-galamdyk-zhylynu-problemasy



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет