Қалиев Болат Мұқанбетданұлы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, М. Төлегенов атындағы орта мектебінің



Дата23.02.2016
өлшемі33 Kb.
#11606
Қалиев Болат Мұқанбетданұлы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

М. Төлегенов атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының кеңеюі

XVI – XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында (жерді біріктіру ) процксін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым. (Туған жылы 1445ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде – ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында (1511-1523)жж.билік құрған. Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жанжақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағынан негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле, өлкелері/қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі- ұлы князь III Василий /1505-1533жж/ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды. 


Қасым хан алғашқы қазақ заңы – (Қасқа жолды) жарыққа шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдат-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен байланыстырылып (Қасым ханның қасқа жолы) деп аталды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясының кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билегей Шайбани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәуеренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мұндағы өкімет билігін тартып алады леп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани қазақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саяхат бойынша Мұхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде тұратын халықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық берді. Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығына экономикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да ұйымдастырды. 
Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мұхаммед Шайбани Қалың қолды бастап Түркістан аймағына жорық жасады, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, жергілікті халықты тонап, талан-таражға салды. 1505-1506 жылдары мыңдаған әскери жасақты бастап ол тағы да жорыққа аттанды. Түркәстан аймағы арқылы Қазақ хандығының жеріне жетті. Сығнақ қаласын айналып өтіп, Сыр бойындағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абдалға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтарды қирата шауып, қыруар мал-мүліктерін тонады. Әсіресе Жәнібек ханның баласы Жаныш сұлтанның ұлысы ерекше талан-таражға 
түсті. Осыдан кейін Мұхаммед Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сұлтанның ұлы Ахмет 1508 жылы 50 мың жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық қалалары Самарқан мен Бұхараға шабуылдап, бұл қалалардың төңірегіндегі қыстақтарды ойрандада. Бұған жауап ретінде Мұхаммед Шайбани қазақтарға қарсы үшінші жорығына шықты. 1509 жылы қалың қолмен аттанып, Аркөк, Үзгент және Ясы(Түркістан) қалаларын басып өтіп, тағы да Сыр бойындағы қазақ қыстауларының орталығы Қара-Абдалға жетті. Мұндағы Жаныш сұлтанның баласы Ахмет қаза тапты. Жеңіліске ұшырыған қазақтар Бұрындық ханның Дешті-Қыпшақтағы ордасына қашты. Мұхаммед Шайбани әскерлері бейбіт жатқан қазақ халқын аяусыз ойрандап, қисапсыз мал-мүлкін тонап кері қайтты. 
Келесі 1510 жылы Мұхаммед Шайбани Сыр бойындағы ірі қала Сығнаққа қайта келді. Бұл кезде қазақ хандығы әскерлерінің басты қолбасшысы Қасым сұлтан еді. Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласы маңына орналасып баласы Темірмен, немере інісі Ұбайдолла бастаған әскерін Қасым сұлтанның ордасы орналасқан Ұлытауға бастаған әскерін Қасым сұлтанның ордасы орналасқан Ұлытауға аттандырды. Ұлытау жерінде өзбектер Қасым ханның жоқтығын пайдаланып, оның ордасын шапты. Бұл хабарды естіген Қасым өзбектерге қарсы Мойынсыз- Хасанның бастауымен көп әскери жасақтар жіберді. Шайқас барысында жөнді қарсылық көрсете алмаған өзбектер қашуға мәжбүр болды. Қасым ханның әскерлері оларды өкшелей қуды. Қаруларынан және көптеген адамдарынан айырылған өзбектер Шайбани ханның Самарқандағы ордасына әзер жетті. Мұхаммед Шайбанидің бұл жеңілісі нәтижесінде Түркістан қалаларының басым көпшілігі Қазақ хандығының қолына қөшті. 
Қасым хан бұрынғы Дешті-Қыпшақ жерінде яғни кең – байтақ қазақ далалық кеңістігінде өз үстемдігін нығайтты. Бұл кезде Моғолстан ханы Жүністің ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық тартыстың барысында моғолдар мемлекеті ыдырап тарады. Батыстан Қасым ханның қол астына Ноғай Ордасының дағдарасын бастарынан кешірген қазақ ру- тайпалары көшіп келді, сөйтіп хандықтың шекарасы Жайық өзеніне дейін кеңейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет