Alikhan Bokeikhan University
Эссе
Тақрыбы: Инвестициялық жобалардың тәуекелдерін талдау
Тексерген:Еркінова.С.Е
Орындаған:Кумарова Гулим
2022
Инвестициялық жобаларды талдау әдістері.Жоба тәуекелін талдау.
Инвестициялық жобалардың тәуекелдерін талдау сол тәуекелге алғышарт болатын факторларды анықтап, олардың әсерін болжау үшін жүргізіледі. Қазіргі кезде жобалық тәуекелдерге талдаулар жүргізудің қажеттілігі кез келген инвестициялық жобалар бойынша белгіленген ақша ағымдары болашақ кезеңдерге қатысты және соның салдарынан әрдайым болжамдық сипатта болуымен түсіндіріледі. Сол себепті есептілік үшін қолданылатын сандық мәліметтердің ақиқатқа сай келмей қалу немесе тіптен соңғы нәтижесінің бұрыс болу ықтималдығы туындайды. Сондықтан талдау жүргізу барысында туындайтын ауытқуларды бағалау және есептеу маңызды болып келеді. Осындай зерттеулер жүргізуде жобаның тәуекелдерін талдау және соңынан инвестициялау туралы шешім қабылдау үшін аса оңтайлы әдістердің бірі болып табылады.
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. әсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек. азақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Қорытынды:
Жалпы алғанда, егер инвестициялық жоба өте нақты анықталып бағаланса, онда оның экономикаға әкелетін әсері жағымды болады. Сонымен қатар, осы инвестициялық жобаны әзірлеуші тұлға белгілі бір қаражаттар сомасын сала отырып, болашақта өз пайдасын екі немесе одан да көп мөлшерде ұлғайтуы мүмкін.
Инвестициялық жобаны бағалаудың көптеген әдістері бар және олардың әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Яғни инвестор белгілі бір жобаны бағалау кезінде нарықтық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және тағы басқа факторларды ескере отырып, өзіне сәйкес келетін бағалау әдістерін қолдануы тиіс.
Қазіргі таңда көптеген инвестициялық жобалар әлі қабылданбаған, олар көбінесе химиялық, металлургия, құрылыс материалдары өндірісіндегі жобалар болып табылады. Менің ойымша бұндай жобаларды мемлекет тарапынан жартылай болса да, қолдап және қаржыландырылуы керек. Өйткені бұл жобалар, біздің экономикамызды әрі қарай дамытады және халық тауарларына сұраныс көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |