Коммерциялық емес Акционерлік қоғам
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Геоинформатика және картография»
Мамандығы: «Табиғи техногендік қауіп қатерлер»
ЖОБА
Тақырыбы: Топырақ географиясы - табиғи зоналар
топырақтарының қасиеттерін талдау
Орындаған:Сапарәлі Арайлым
Сланбек Тоғжан
Хакимжан Ақмарал
Тексерген: Қожахметова Үміт
Алматы, 2022ж
Жобаның мақсаты: Студенттерге топырақ географиясы туралы түсіндіру, топырақтағы табиғи зоналардың қасиеттерін талдау.
Жобаның міндеті: Топырақ географиясы мен табиғи зоналары туралы нақты анықтама беру, оларды талқылау.
Жоба мазмұны:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1)
1.1 Топырақ географиясы
1.2 Топырақ географиясының таралу заңдылықтары
2)
2.1 Табиғи зоналар
2.2 Топырақ зоналылығының түрлері
III Қорытынды
Топырақ – дегеніміз тікелей өсімдіктер мен жануарлардың, тірі организмдердің әсерінен пайда болатын табиғи дене. Ал топырақтану – топырақтардың құрамын, құрылысын, дамуын зерттейтін ғылым.Топырақ осы жер бетіндегі тіршілікті бір-бірімен байланыстырып тұрған негізгі табиғи дене. Бұл ғылымды әлемге танытқан, топырақтану ғылымының атасы аталған – В.В.Докучаев болып табылады. Бірақ та, Қазақстанға бұл ғылымды танытуға үлкен үлес қосқан ғалымдар да жоқ емес. Олардың қатарына - П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев секілді ғалымдарды қоса аламыз. Бұл кісілер топырақтану ғылымына үлкен үлестер қосып, дамытуға атсалысқан. Осы кісілердің арқасында топырақты тереңірек білуге, зерттеуге мүмкіндіктер бар.
Адамдар бұрынғы кездерде топырақты киелі тұтқан. Оның себебі, бұрынғы ата-бабамыз барлық тіршілігін жер арқылы,яғни топырақ арқылы алып отырған. Егістік егіп, оларды жинап алып, азық-түлік ретінде сатып не өздері тамақтанып күн көрген. Оның барлығы топыраққа тікелей қатысты.Бұрындары ата-бабамыз топыраққа егін еккенімен топырақ туралы зерттеулерді білмеген. Топырақты зерттеп білу 19 ғасырлардан бастап анықтала бастаған. Яғни, 19 ғасырда агрогеологтар мен агрохимиктердің арқасында жайлап бұл ғылым ашыла бастаған. Бұл ғылымды ашудың,топырақ құрамын зерттеудің бірден-бір себебі, топырақ құрамының өзгеруі, эрозияға ұшырауы, егіннің дұрыс шықпауы. Топырақтың құнарлылығы деген ол қазіргі кезде маңызды дүние. Яғни, топырақ құнарлы болмаса еккен егінде дұрыс шықпайды. Топырақтың құнарлы болуы тікелей тіршілік дүниесіне байланысты. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы болуы ең бірінші өсімдіктерге, содан кейін барып жануарларға байланысты. Топыраққа әсер ететін өсімдіктердің өзі жер үстінде не жер астында болып бөлінеді. Жер үстіндегі өсімдіктерге ағаштар жатады. Ағаштан түскен жапырақ жерге түскен соң сонда жата беріп, шіріп топыраққа еніп кетеді. Ол топыраққа оң әсер етеді, топырақ құнарлы болады. Жер ішіндегі өсімдіктерге өсімдіктің тамыры жатады. Өсімдік тамыр арқылы топырақты құнарландырып отырады. Ал топыраққа жануарлардың әсері – олар топырақты қопсытып, топырақты біржерден екінші жерге орын ауыстырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |