Алимбаев ержан нурланович



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі388.25 Kb.
#124408
  1   2   3


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ 626.81(282.255.2):631.95

Қол жазба құқығында




АЛИМБАЕВ ЕРЖАН НУРЛАНОВИЧ

Сырдария өзені суының сапасының көп жылдық мерзімге өзгеруі, оның егістік-алқаптар экологиялық – мелиоративтік жағдайларына әсері
6М080500 – «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.





Ғылыми жетекшісі:




техника ғылымдарының докторы, профессор

С.И.Қошқаров




Ресми оппоненті:




техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.Н. Байманов




Қорғау 2012 жылдың «_____» _________ сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Политехникалық факультеті, № 5 оқу ғимараты, ауд ______ )

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында негізгі бағыт суармалы жердің экологиялық – мелиоративтік жағдайын жақсартып, ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты түрде жоғары өнім алу болып табылады. Осы міндетті орындау үшін су-жер қорларын тиімді пайдаланып, суармалы жерлердің ең тиімді мелиоративтік режимін анықтау қажет.

Қоршаған ортаға антропогендік жүктеменің өсуі бірінші орынға оны қорғау мәселелерін, ал шаруашылықта табиғи ресурстарды қолдану немесе енгізу, ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігін алға қояды. Сырдария өзені бассейнінде күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы жылдары бұл аумақта су шаруашылығы жағдайының қиындығы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы халықты сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсті, аумақтық экологиялық жағдайын күрделендірді, адамдардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын нашарлатты. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бойынша суармалы егістікте жұмыс атқаратын адамдарда өзен суымен жұмыс атқармайтын халықпен салыстырғанда аскаридоз ауруымен ауырудың жоғары деңгейде өсу тенденциясы анық байқалады.

Аймақта 1966-1990 жылдары кең ауқымды ауылшаруашылығы және су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде көптеген ірі кемшіліктер орын алған. Олар: игерілген жерлерде ғылыми негізделген коллектор – кәріз жүйелері тұрғызылмаған, дақылдардың суару мөлшерін есептегенде өзен суының тұздылығы ескерілмеген, агротехникалық шаралар толық сақталмаған, ауыспалы танаптар тиісті дәрежеде қолданбаған және т.б. Осылардың салдарынан суару жүйелерінде су тапшылығы өсті, алқаптардың экологиялық – мелиоративтік және аймақтың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайлары нашарлады.

Өзенді ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген Сырдария өзенінің төменгі ағысында су сапасын сақтау, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселелері маңызды. Мұндай жағдайда су көздерін ластанудан қорғау, суды үнемдеу, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері көзделеді.

Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі, оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесінде суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Сонымен қатар Сырдария өзені суының сапасына аса көңіл бөлген жөн. Себебі, соңғы кезде Сырдария өзенінің суының сапсы нашарлауда. Осының барлығы тақырып өзектілігінің негізгі дәлелі.
Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері.

Қызылорда суару алқабының мелиоративтік экологиялық тұрғыдан нашарлауына себеп болған басты факторларды анықтап, олармен күресудің жолдарын қарастыру.

Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесінің дамуының географиялық, табиғи, климаттық жағдайлары. Сонымен қатар Сырдария өзенінің төменгі алабының дамуының географиялық – ландшафттық заңдылығын анықтау. Су тапшылығына байланысты өзгеруін зерттеу. Қызылорда облысындағы суармалы алқаптардағы суды тиімді пайдалану. Дақылдардың оптимальды суару режимдері мен әдістерін жетілдіру.

Қойылған мақсаттарды орындау үшін төмендегі келтірілген міндеттер орындалады:



  • өзен суының сапасын, оның топыраққа әсерін зерттеу;

  • күріш, күріш ауыспалы егістігіндегі басқа дақылдардың тиімді суару режимін экологиялық тұрғыда зерттеу және негіздеу;

  • шаруашылықтардағы коллекторлы-кәрізді тізбектегі жұмыс жасау режимін зерттеу;

  • суару режимінің суармалы жердің топырағындағы тұз режимінің динамикасына әсерін зерттеу;

  • суармалы инженерлік жүйенің құрылымдарын қалпына келтіру бағытында іс-шаралар ұсыну.

Зерттеу нысаны.

Қызылорда облысы суармалы алқаптары.



Зерттеу әдістері.

Жұмыстың методикалық негізі антропогенді әсерге интенсивті (қарқынды) ұшыраған агроландшафттарда топырақ – экологиялық тексерулерді ұйымдастыру. Экологиялық қауіпсіз суару режимін жасау, жүйелік және экспертті – аналитикалық тәсілдерді қолдану болып табылады. Топырақты тексеру, зертханалардағы, далалық тәжірибелер, аналитикалық зерттеулер мен талдаулар стандартты әдістермен жүргізілген.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы. - Сырдария өзенінің төменгі ағысында орын алып жатқан мелиоративтік-экологиялық қиындықтарға Сырдария суы сапасының қолайсыз түрде қалыптасуының ықпалы анықталды;

  • суармалы аймақтар егістік топырақтарында өндірілетін дақылдарға қолайлы емес тұз режимі қалыптасқаны анықталды;

  • Қызылорда облысының суармалы алқаптарында соңғы 15 жылда ауылшаруашылық дақылдары өнімділігінің азаюы, егістік топырағында ылғал, тұз және қоректік режимдерінін қолайсыз түрде қалыптасуының себебі анықталды;

  • Қызылорда облысының негізгі суармалы алқаптары үшін басты дақыл күріш пен жоңышқаның суару режимдері және суару мөлшері ұсынылды;

Жұмыстың негізгі қорғалатын қағидалары.

  • Сырдария өзенінің төменгі алабы топырағының дамуының ландшафттық – географиялық заңдылығы;

  • Аймақтағы агроландшафттардың топырағының, экологиясының, табиғи су көздерінің өзгеруі;

  • Қызылорда облысы суармалы егістіктердегі суды тиімді пайдалануды жетілдірудің жолдары;

Бастапқы зерттеу мәліметтері.

Жұмыстың бастапқы мәліметтері және негізі ретінде «Казгидромет», «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қор-ғау» жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы және АШМ, СРК «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы мекемелерінің мәліметтері пайдаланылды.



Өндірістік құндылығы.

Зерттеу жұмыстары күріштің және күріш ауыспалы егістігіндегі басқа дақылдардың, оптимальды суару режимін анықтауға мүмкіншілік берді. Осыларға байланысты жасалған жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда облысындағы суармалы жүйелердің экологиялық – мелиоративтік жағдайына баға бере отырып аймақтың агромелиоративтік жағдайын жақсартуға ұсыныс жасалынады.



Жұмыстың жариялануы.

Диссертация тақырыбы бойынша 2 ғылыми еңбек жарияланды.



Жұмыстың сыннан өтуі.

«Сыр өңірі суармалы егіс алқаптарының экологиялық, мелиоративтік жағдайларын жақсарту мәселелері» атты ғылыми семинарда (Қызылорда, 2011), «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты 13(67) студенттердің және магистранттардың ғылыми конференциясының «Су, жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану» секциясында (Қызылорда, 2011) баяндамалар жасалды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі.

Диссертация кіріспеден, бес бөлімнен, қорытынды, қосымшадан және 107 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 90 беттен, оның ішінде 13 суреттен және 21 кестеден құралған.




ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұмысының өзектілігі, жұмыстың мақсаты және де тарауларға қысқаша тұжырым берілген.

Бірінші бөлімде облыстың табиғи – климаттық және Сырдария өзенінің төменгі сағасының ландшафттары, топырақ, геологиялық, гидрогеологиялық және геохимиялық ерекшеліктері жайлы жазылған.

Оңтүстік Қазақстанның біраз аумағы (Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы) Сырдария өзенінің төменгі алабына орналасқан. Сырдария өзенінің алабы жалпы оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Сырдария өзенінің төменгі алабының солтүстік шекарасы Қаратау жоталарының оңтүстік-батыс беткейі, Арал теңізінің алабындағы Қарақұм және Кіші Борсық, ал оңтүстігі Қызылқұм шектеседі.

Сырдария өзенінің төменгі алабының жер беткейі жалпы бір тегіс болып келеді. Оның жоғарғы бөлігі тау етегіндегі жазықтықтан басталып біртіндеп көп аумақты алып жатқан Тұран ойпатына дейін созылып жатыр. Сырдария өзенінің төменгі алабы Арал теңізіне қарай бағытталған біртегіс еңістікпен ерекшеленеді. Өзеннің 1647 км ұзын бойынла жер бетінің еңістігі Шардара су қоймасынан (236-279 м) Арал теңізіне (54 м) 182-225 м төмендейді.

Сырдария өзенінің төменгі алабы 15 ландшафтқа бөлінген, ол біртектес аймақтық белгілерімен ерекшеленген біртұтас генетикалық геожүйе және оның құрамына әртүрлі ерекшелеген жекеленген геожүйенің бөлшектері де кіреді (кесте 1 сурет 1).

Сырдария өзенінің төменгі алабының ауа-райының жағдайы біркелкі болып келеді: жыл бойы ауа жылуының үлкен ауытқуын, ауаның құрғақшылығын, жауын-шашынның өте аз екендігін көрсетеді.

Орташа айлық ауаның жылу көрсеткіші бойынша ең ыстық ай шілде – +26...28°С, ол кейбір күндері +44,6°С дейін көтеріледі. Ең суық ай – қаңтар, ол кезде ауаның орташа суықтығы – -7...11°С, ал абсолюттік минимум -33,4°С.

1 – кесте. Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық-географиялық сипаттамасы.

Ландшафттар

Ландшафттар-дың түрлері

Топырақтың түрі

Ауданы, га

Түрі



Солтүстік далалық Тұран

14

Аллювиальдық

Батпақты, сазды-батпақты

-

16

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды-батпақты

300000

17

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды

-

20

Аллювиальдық

Құрамында сор топырақ кездесетін аллювиальдық - сазды және сазды батпақты

100000


21

Аллювиальдық

Сазды-батпақты

70000

22

Аллювиальдық

Сазды, сазды-батпақты

-

23

Аллювиальдық

Сазды, сазды-батпақты

-

24

Аллювиальдық

Тақыр

155000

25

Аллювиальдық

Сортаң тақыр

-

31

Аллювиальды-пролювальдық

Сортаң тақыр

-

33

Аллювиальды-пролювальдық

Аллювиальдық-сазды, далалық сазды

-

43

Эоловиялық

Қатарлы-үйінді-құмдар

-

Оңтүстік далалық Тұран

15

Аллювиальдық

Аллювиальдық-шалғынды, шалғынды-батпақты

-

18

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды-батпақты

198000

19

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды-батпақты

80000

22

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды-батпақты

-

24

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды,

сазды-батпақты



155000

28

Аллювиальды-пролювальдық

Далалық аллювиальдық-сазды

-

34

Аллювиальды-пролювальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды-батпақты

140000

36

Аллювиальды-пролювальдық

Далалық аллювиальдық-сазды

-

41

Эоловиялық

Қатарлы-үйінді-құмдар

-

44

Эоловиялық

Қатарлы-үйінді-құмдар

-


Сурет 1.2.1 – Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық-географиялық жағдайы



Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесіндегі суармалы егістік жерге пайдалануға жарамды жердің ауданы, оның құрамына игеру кезеңінде күрделі мелиоративтік шараларды талап ететін жерлерді қосқанда 259160 га құрайды (кесте 2).
2 – кесте. Сырдария өзенінің төменгі алабының топырақ ландшафттарының сипаттамасы

Топырақ түрі

Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттары

Қазалы

Қызылорда

Жаңақорған-Шиелі

Түгіскен

Ландшафттың рет саны

24

18

19

23

34

Алқабтың ауданы, га

59450

67100

128900

45600

18500

Сұр-боз топырақ, га

6000













Сұр-боз тұзданған топырақ, га

12800




100







Тұзданған тақыр топырақ, га

300

8400

14600

7900

4600

Тұзданған саз топырақ, га

4950




11800

3400

5000

Сазды-батпақ топырақ, га

14000




20200

4400




Сазды-батпақ тұзданған топырақ, га







37400

16200




Сор топырақ, га




6000

8300







Сор араласқан тұзданған тақыр топырақ, га




41000

21600




8800

Тұрақты құмдар, га




2600

2300

3600

100

Саздар, га







3200







Батпақтар, га







9400







Ашық сұр топырақ, га










2400




Сорланған ашық сұр топырақ, га










2000




Сазды-сұр топырақ, га










1900





Екінші бөлім бойынша Қызылорда облысының суармалы алқаптарында экологиялық – мелиоративтік жағдайының қалыптасуы, облыста өзен суының тапшылығы жағдайы, облыстың топырақ жамылғысының және өзен суының химиялық заттармен ластану жайы қарастырылған.

60-шы, әсіресе 70-шы жылдары Сырдария өзенінің жоғары және орта тұсында суармалы егіншілктің, оның ішінде суға тілек мақта егісінің көбеюі және көптеген су қоймалардың сулануы өзеннің аяғына келетін судың мөлшерін күрт азайтып жібереді. Бірнеше республикаға ортақ Сырдарияның суын пайдалануда әр қайсысының үлесі бірдей болмады. “Судың сағасындағы керегін алады, аяғындағы тигенін алады” деген рас болып әйтеуір Қызылорда облысы өзенінің байтағына жеткен азын-аулақ суға қанағат қылды, өйтпегенде бәрібір басқа амал жоқ еді.

Сайып келгенде, Сырдарияның атыраулық топырақ түрлерінің дамуы, олардың бір түрден басқа түрге көшуі, соған орай мелиоративтік, күйі мен құнарының қалыптасуы өзен ағысының динамикасымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл процестер қуанданудың ықпалымен жүруде.

Суармалы жердің мелиоративтік күйін зиянды әсерін тигізетін факторлардың бірі – өзен суының сапалық төмендеуі. Судың сапасы ондағы еріген тұздардың мөлшері мен тірі организмге зиянды әр түрлі қоспалардың концентрациясына қарай бағаланады. Қоспалардан гөрі тұздардың мөлшері қанша да көптеу болады, әсіресе қазіргі кезде Сырдарияның аяғына келетін судың минералдылығы өте жоғары екенін қолда бар мәліметтер көрсетіп отыр. Егінді суаратын су ашқылтым, кейде тіпті ащы болады, ондай судың атыз ішіне алып келетін тұзды да көп болатыны айтпаса да түсінікті. Әрине, атызға кірген ащқылтым су сол атыздың ішінде ғана қалмайды, төңірігіне де тарайды, сөйтіп, жердің сорлануына едәуір үлес қосады.

Суару мелиорациясы басталмай тұрған кезде Сырдария суының жалпы тұздылығы жоғары сағасында 0,25 г/л болса, төменгі ағысында 0,5-0,60 г/л болған. 1950 жылы Сырдария суының тұздылығы 1,0 г/л жеткен. 1970...1980 жылдары суармалы жердің көбеюіне байланысты Сырдария суының тұздылығы орта есеппен 1,5-1,7 г/л, ал Қазалы маңында 1,8 г/л жеткен (кесте 3 және сурет 1 ).

3 – кесте. Сырдария суының тұздылығының өзгеруі



Жылдар

Жаңақорған

Қызылорда

Қазалы

1960

0,5

0,5

0,5

1970

1,1

1,1

1,1

1980

1,5

1,7

1,6

1990

1,4

1,4

1,7

2000

1,4

1,3

1,5

2001

1,6

1,5

1,8

2002

1,4

1,2

1,5

2003

1,4

1,2

1,5

2004

1,1

1,5

1,5

2005

1,2

1,3

1,6

2006

1,2

1,2

1,4

3 – кестенің жалғасы.



2007

1,3

1,0

1,4

2008

1,3

1,1

1,3

2009

1,4

1,3

1,4

2010

0,9

0,9

1,2

2011

0,9

0,9

1,1



Сурет 1 – Өзен суының минерализациясының сызбасы
Көп өнім аламыз деп суармалы жерлерге минералды тыңайтқыштар мөлшерден артық берілетіне мәлім. Олардың көбі кәріз суы арқылы суармалы жерлерден өзен суына түсіп, ондағы биогенді (азот, фосфор, калий), заттарды көбейіп отыр. Сонымен қатар, суармалы егістікке пестицидтерді кеңінен пайдалану салдарынан, дария суында олардың саны белгіленген мөлшерден көп болып отыр (кесте 4).

4 – кесте. Сырдария суындағы улы химикаттардың мөлшері



Есепке алынған бөлімше

ДДТ

ДДЭ

ГХЦГ

ШРК (ішетін суда)

-

-

0,02

Көкбұлақ станциясы

0,026-0,095

0,0-0,012

0,063-0,14

Қызылорда қаласы

0,04-0,09

0,099-0,06

0,065-0,14

Қазалы

0,09-0,11

0,005

0,05-0,09

Чинас кенті

0,068

0,116

0,1-0,4

Сырдың төменгі ағысында суармалы жердің экологиялық мелиоративтік жағдайы ондағы тұздың қоры мен сапалық құрамы және топырақтың ылғалдылығы анықтайды. Бұл аймақтағы топырақтардың қай қайсысында да тұздың қоры және тұздану процесіне оңай берілуге бейім. Тұздың концентрациясы көбейгенде топырақтың мелиоративтік жағдайына, онда тиімді құнарлықты құрайтын жиналуына кері әсерін тигізеді.

Қызылорда облысының топырақтары ауылшаруашылығына пайдаланылатын объект ретінде сапасы бойынша өзара ерекшеленеді. Бірақ-олар өзара ортақ белгілерге ие: жоғары карбонатылығы, топырақтың сілтілік реакциясы, ерітінді тұздардың болуы, макроқұрамының жоқтығы, қабаттық құрылым, жоғары биогендік, қарашіріндінің аз болуы.

Экологиялық жағдайды бағалауды және аймақтағы агроландшафттардың топырақ – экологиясын тексеруді жасалған әдістемелік негізде орындауды ұсынады, бұл концептуалды ережелерді пайдалана отырып кешенді мелиоративтік іс-шараларды белгілеуге мүмкіншілік жасайды.

Қызылорда облысының егін шаруашылығы суармалы жерлерге негізделген. Өткен ғасырдың 60 жылдары бүкіл елімізде мелиорация саласына жоғары мән берілген болатын. Соған байланысты 1960 – 1980 жылдары Сыр өңірінде мелиоративтік жұмыстар жоғары қарқын алды. Оған дәлел облыс көлемінде 1995 жылы 226,8 гектар жерде суармалы егістік инженерлік жүйеге келтірілген. Сол жылдары облыс бойынша жалпы дақылдардың егіс көлемі 287 мың гектарға жетті. 2001 – 2002 жылдары инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жер көлемі 172 мың гектарды құрады. Демек, 1995 – 2002 жылдар аралығында 54 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік пайдаланудан шығып қалды. Оның негізгі себептері: топырақтың сортаңдануы, жер асты суларының жоғары деңгейде тұруы, суармалы желінің құрамдас бөліктерінің талапқа сай жұмыс істемеуі т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет