Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет19/30
Дата23.05.2024
өлшемі2.17 Mb.
#501744
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Бағалау критерийі


Білім алушы

Тақырыпқа сай


мәліметтерді


жинақтайды,



постер әзірлейді





Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Қытай елінен Ұлы Жібек жолы арқылы батысқа шыққан бір саяхатшы Қазақстанның орта ғасырлық қалалары арқылы саяхат жасайды деп елестетіңіз. Осы саяхатшының жүрген жолын, басып өткен қалаларын көрсетіп, постер жасаңыз.


Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат


Дескриптор Білім алушы



  • қажетті мәліметтерді жинақтайды;

  • постер жасайды;

  • саяхатшының жолын, болған қалаларын көрсетеді.

44


Оқу мақсаты
6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Шақ түрлерін, қызметін ажыратады


• Етістіктің шақтарын ауызша және жазба
жұмыстарда қолданады


Мәтінді оқып, берілген кестені толтырыңыз, етістіктің шақтарын ажыратыңыз.


Ұлы Жібек жолы
Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. ІІІ-VI ғасырларда Ұлы Жібек жолы «қажылар жолы» деп аталды, бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. VII-X ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті, себебі Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. XV ғасырда теңіз жолының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Рим, Франция, Византия, Русь, Иран мен Араб халифатында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың ғана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбеде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмильдің (Еміл); еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Көмбеден табылған күмістен жасалған құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азиялық айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер.

Етістіктің шақтары























осы шақ

өткен шақ

келер шақ



















Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Ауыспалы келер шақта сұрақтар дайындаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет