Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
6-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан 4
Бөлімдер: « Отан отбасынан басталады», «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-
тіршілігі», «Таулар сыры» 4
2-тоқсан 24
Бөлімдер: «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана – мәдениет пен өнер
ордасы», «Қазақстан қорықтары» 24
3-тоқсан 33
Бөлім: «Болашақ мамандықтары», «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына
аяулы көзқарас», «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» 33
4-тоқсан 46
Бөлім: « Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» 46
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Отан отбасынан басталады»
Достарыңызбен бөлісу: |