КАРДЕНОЛИДТЕР
Физико-химиялық қасиеттері. Карденолидтер сілтілі ортада пирин қышқылымен (Бальета реакциясы) метадинитробензолмен (Раймонда реакциясы) метадинитробензой қышқылымен (Кедде реакциясы) нитропруссид натриймен (Легаль реакциясы) әр түрлі боялады. Карденолидтердің лактон сақинасы сілті ортада өте жеңіл ыдырайды, осының нәтижесінде изокарденолидтер пайда болады.
Лактонның кеңістіктің бағытталуына қарай ол (лактон) альфа- (17 бета H) немесе (17 альфа Н) - орындарында болуы мүмкін. Табиғатта көбінесе карденолидтердің молекуласында лактон сақинасы 17 альфа жағдайда орналасады. Кейбір өсімдіктерде лактон 17 бета орынында кездеседі.
Карденолидтердің лактон сақинасы кейбір тотықтырғыштармен қос байланыс арқылы жеңіл тотығады.
Карденолидтер Ажәне В сақинасы қосылысына байланысты екі қатарға бөлінеді:
1. Холестан қатары (транс -А/В-катары) немесе 5 альфа-қатары. Бұған узаригенин жүрек гликозиді жатады:
2. Копростан қатары (цис-А/В-қатары немесе 5 бета қатары). Бұл қатарға дигитоксигенин деген стероидты агликон жатады:
БУФАДИ ЕНО Л И ДТЕР
Буфадиенолидтерді карденолидтермен салыстырғанда стероидтың шетіндегі 17 көміртек атомында екі рет қанықпаған алты мүшелі лактон шығыршығы болады. Олардың кұрылыс молекуласында А және В сақинасылары цис-транс-және қосылыстар арқылы құралған. Бұларды анықтау үшін мындай сапалық реакцияларды қолдануға болады. (Либерман, Бурхард, Розенхейм, Васицкий)
Белгілі буфанолидті гликозидтердің құрамында Д-глюкоза, L - рамноза, не L- теветоза кездеседі.
Бұл стероидты гликозидтер теңіз пиязы туысына жататын өсімдіктерде кездеседі.
Стероидты гликозидтер жүрек ауруларын емдеуге арналған табиғи қосылыстар.
ЛЕВКОЙ АҚБАСҚУРАЙЫ, ҚЫ РЫ ҚҚАБАТТАР
Erysimum cheiranthoides J. Brassiaceafe
Сипаттама. Ақбасқурай туысына жататын, биіктігі 15-18см-ге жететін, екі жылдық өсімдік. Жапырақтарының жиектері бүтін, кейде ара тісті болып келеді, олар сопақша келген, отырмалы. Жапырақтарының үсті жұлдызша тәрізді түктелген. Гүлдері сары түсті.
Таралуы. Ұлытауда, Жонғар Алатауында, Тарбағатайда, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, Қарқаралыда, Мұғаджарда кездеседі, далалы, таулы-тасты жерлерде өседі. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде, Монголияда, Батыс Европада кең таралған.
Дайындалуы. Емдік мақсатта шөбін (Herba Erysimi) өсімдік гүлдеген кезінде дайындайды. Кептіру тез жүргізілуі керек, ашық ауада немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді.
Химиялық құрам. Өсімдіктің шөбінде карденолидтер, эризимин, эризимозид, эриконазид, хейрототин, эрикардин, эризинозол, кансцемин т.б. жүрек гликозидтері бар.
Сонымең қатар, шикізаттың құрамында 1,57 - 3,7 %-ке дейін органикалық қышқылдар, 0,015 % алкалоидтар, 1,34 -5,54 % илік заттар, флавоноидтар (кверцетин)кездеседі.
Қолданылуы. Клиникалық және фармакологиялық зерттеулердің нәтижесінде ақбасқурайдың бағалы жүрек дәрісі екені анықталды. Оның тұнбасы жүрек қызметін жақсартып, оның соруын реттейді, қан тамырларын кенейтіп, несеп жүруіне күшті ықпал етеді. Ғылыми медицинада ақбасқурайдың тұнбасы мен препараттарын аса шұғыл дәрігерлік көмекті қажет ететің жүрек қан айналымының қатты бұзылуы мен гипертоняны, ревматикалық ұстамаларды, стенокардияны және басқа жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Ақбасқурайды жедел пен қан тамырларының органикалық шұғыл өзгерістер кезінде ішу өте қауіпті.
Дәрі-дәрмектер. Ақбасқурайдың шырыны күрделі жүрек препаратының құрамына енеді.
Сақталу мерзімі жарты немесе бір жыл.
Строфант комбе Кендірлер тұқымдасы
Достарыңызбен бөлісу: |