Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет18/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

Strophanthus kombe Оliv. Apocynaceaе
Сипаттама. Строфант туысына жататын, ұзындығы 15-20 м-ге дейін жететін, көп жылдық ағашқа айналған қатты шырмауық. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан, эллипс тәрізді. Гүлдері әдемі сары түсті келген. Жемісі күрделі жапырақты бұршақ, оның ішінде көптеген сопақша келген тұқымы болады.
Таралуы. Шыгыс және тропикалық Африкада таралған. Африканың кейбір жерлерінде, Үндістанда мәдени өсімдік ретінде өсіріледі.
Дайындалуы. Дәрілік мақсатта тұқымын (Seminu Strophanthi) піскен кезінде жинап алады. Оны қоспалардан тазартады да, кептіргіштерде 40-50°С температурада не көлеңкелі жерлерде кептіреді.



Қолданылуы. Строфанттан алынған дәрілер жүрекке әсер ететің, несеп жүргізетін күшті қасиеттері бар. Оның препараттары жүрек қызметін жақсартып, оның соғуын реттейді, қан тамырларын кеңейтіп, несеп жүруіне күшті ықпал етеді. Осыған байланысты, жүрек қан айналысы қатты бұзылғанда, стенокардияны, аритмияны, басқа да жүрек ауруларын емдеуге колданады.
Дәрі-дәрмектер. Строфантин-К. Строфантидина ацетат, К-строфантин.
Сақталу мерзімі 6 ай немесе бір жыл.

Мамыр меруертгүлі Лалагүлдер тұқымдысы
Convallaria majalis L. Jiliaceaе
Сипаттама. Меруертгүл туысына жататын, биіктігі 30 см-ге жуық көп жылдық шөп-тектес өсімдік. Тамыры жіңішке көлбеу өседі, сырты ақ көптеген майда қосымша та-мырлары бар. Сабағы қысқа.Тамырдан тікелей өсіп шыққан, сопақша келген жапырақ-тарының саңы 1-ден 3-ке дейін, екі жағы да тегіс жылтыр, сағақтары ұзын. Гүл сабағы да тікелей тамырдан өсіп шығады.Гүлдері гүл сабағының біржағына ғана орналасқан, ақ түсті, хош иісті. Жемісі қызыл, 3 дәнекті. Мамыр - шілде айларының басында гүл-дейді.
Таралуы. Көбінесе орман ішінде, ылғалды жерлерде, бұталар арасында, өзен жағаларында еседі. Далалы аймақтарда сирек кездеседі. Қазақстанда Орал,
Каспий жағаларында таралған. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде, Кавказда,
Қиыр Шығыста, Шығыс Сібірде, Кіші Азияда, Қытайда, Солтүстік Америкада таралған.
Дайындалуы. Дәрі жасау үшін гүлін, жер үстіндегі бөлігін Herba, Flores, et Folia Convallarial/ өсімдік жаңадан гүлдей бастағанда, жерден 4-5 см биіктіктен кесіп, жинап алады. Тамырымен жұлуға болмайды себебі бұл өсімдіктің мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтырады. Жиылған шикізатты темір шатырлы үйдің желдетіп тұратын жоғарғы жағына, күн түспейтін жерге жұқа етіп жайып, дереу, кептіріп алады. 50-60°С температурада кептіргіште де кептіруге болады.
Сыртқы белгілер. Гүлдері ашық-жасыл түсті, иісі әлсіз. Жапырағы сопақша, ұзында, жоғарғы жағы ұшы жіңішкеріп біткен, жалаңаш, жасыл түсті, ұзындығы 10-20 см, ені 3-8 см-ге дейін болады.


Конваллотоксин Конваллотоксол


Сонымен қатар, стероидты сапониндер, эфир майы, аспаргин, крахмал, алма, лимон қышқылдары, флавоноидтар, кумариндер, фенолдар табылған.
Қолданылуы. Медицинада меруертгүлдің препараттарын жүрек ауруын емдеу үшін кеңінен қолданады. Ғылыми медицинада меруертгүлден жасалған дәрілерде нерв жүйесін тыңыштандыру үшін, жүректің қызметін қалыпқа келтіру, қан айналысын жақсарту үшін пайдаланады.
Дәрі-дәрмектер. Спирт тұнбасы, кргликон, конваллатоксин, конваллатоксол.
Сақталау мерзімі 6 ай немесе 1 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет