Алма Есенбаева



Дата22.02.2016
өлшемі35 Kb.
#1813
«Бұл - балалар әлемі емес»

бейнеүзігі қараусыз балдырғандар жайын баяндайды



Алма Есенбаева

«Жетісу» №35 29.03.2008 жыл


Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдердің қоғамның кейбір келеңсіздіктерімен бетпе-бет келіп, өмірдің қатал сынына төтеп беруіне тура келеді. Есірткі есігінді сығалаған, алкоголь мен темекінің кез-келген жерде үстемдік құрып,токсикомания да құрығын кеңге салған тұста жеткіншек ұрпақты осынау нәубеттеен аман алып қалудың жолын табу өте қиын. Осыған орай, Алматы облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаменті мен «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Балалар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың, бақылаусыздықтың және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу» деген тақырыпта брифинг өтті. Оған мектеп оқушылары мен мектеп психолог мамандары қатысты.

Брифинге жиналған қауым көтеріліп отырған мәселеге жете мән беру мақсатында «Балалар әлемі емес» бейнеүзікке назар аударды. Онда ата-ана қарауынсыз қалып, көше кезген және маскүнемдер отбасында тәрбиеленіп жатқан, біреулердің қорқытып-үркітуімен жұмыс жасап, еңбегі қаналып жүрген балалардың өмірлерінен үзінді көрсетілді. Мұндағы мақсат-әр баланың балалық шағы болуы керек, олар кішкентай күнінен білім алып, өз дәрежесінде дамымаса, жасөспірімнің болашағына балта шабулы деген ойды жеткізу еді.

Осыдан соң Алматы облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Гүлнар Ермекбаева брифингті ашып, бүгінгі көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігіне тоқталды.

-Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты мұрат-елі мен жерінің тыныштығы, ұрпағының амандығы. Ол үшін осы кең – байтақ мекенімізді қорғай алатын , оны көркейтіп, өркендететін дені сау, салауатты ұрпақ өсіруіміз керек. Осыған орай, мемлекетіміз балалық шақты адам өміріндегі ең маңызды кезең деп санап, баланың қоғамда қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Оны мемлекеттік саясат негізінде жүзеге асырып,бүгінгі қоғамдағы балалар жағдайын жақсарту мәселелерін қолға алып отыр. Соған қарамастан бүгінде көше кезіп, үлкендердің қадағалауынсыз жүретін балалар қатары көбейіп, жасөспірімдер түрлі қылмыс әрекеттеріне баруда. Мысал келтіре кетсек, 2007 жылы кәмелетке жасы толмағандар 174 қылмыс жасаған. Бұл дерек, 2006 жылы-190, 2005 жылы 297-ін құраған. Бүгінгі таңда облысымыз бойынша кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекцияның тізімінде 1463 жасөспірім тұр. Бұл көрстекіш 2006 жылы 1582 болса, 2005 жылда 1651-ді құраған. Ал сәтсіз отбасылар саны 2007 жылы-1044, 2006 жылы-1156, 2005 жылы – 1129 болған. Жасөспірімдер қылмысы арасында қоқан-лоққы көрсету жиі орын алады. Бүгінгі таңда алаңдатып отырғаны да осы – балалардың бір-біріне мейірімсіздікпен, аяусыздықпен қарайтындығы. Егер қоғам шынайы бет бұрса, бұл жағдайды өзгертуге болады. Ол үшін моральдық-психолгиялық тұрғыда жасөспірімдермен жұмыс жасау керек. Шындығына келгенде, ауыр қылмыстарға баратындардың қатарын бақытсыз отбасыларынан шыққан жасөспірімдер құрайды. Олардың тағдырына үңілсеңіз, негізгі кінәнің балада емес. Олардың тағдырына үңілсеңіз, негізгі кінәнің балада емес. Олардың ата-аналарында жатқанын көресіз. Әке-шешесі маскүнемдікке салынған отбасында жеткіншектің дұрыс тәрбие алуына ешқандай мүмкіндік жоқ. Олар балаларына қатал қарап, ұрып – соғып, ақша табу амалдарын жасатуға дейін барады. Дұрыс тәрбие алмаған бала нашар ортаға түсіп, қылмыс жасайды.

Жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында еліміздің 16 аймағына 790 мектеп инспекторы берілген. Оның ішінде Алматы облысында 24 инспектор қызмет етеді. Қазіргі кезде облыста қосымша 64 мектеп инспекторларының штаттық кестесін бөлу қарастырылуда. Тәжірибе көрсеткеніндей, мектеп инспекторы психологтармен тығыз байланыста жұмыс жасауы керек. Сонда ғана бұл іс күткен нәтижесін береді. Сонымен қатар мектеп пен инспектордың ара қатынасы бала құқықтары мен әлеуметтік мәселелерге байланысты құрылуы қажет.

Облысымызда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, бақылаусыздықтың және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ, балалар еңбегін қанау мен зорлау сынды теріс жайларды болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалынды. Осыған сай облыстық ІІД-мен бірлесе өткізілген рейдтік шараларда кейбір балалардың мектепке мүлде бармағандығы анықталды. Мәселен, 1998 жылы туғанПронина Ксения мемлекет тарапынан да бақылаусыз қалған. Осындай деректерге орын берсек, тек қана 11-і мен 13-ші ақпан аралығында өткен облыстық ІІД-нің рейдтік тексеруінің нәтижесінде оқумен қамтылмаған 29 бала анықталған. Әлеуметтік маңызды мәселелердің қатарында жастардың психоактивті заттарға, ішімдікке, нашақорлыққа әуестігін жасыруға болмайды. Бұл мәселелер ішкі істер қызметкерлері мен наркологтардың назарынан тыс қалмауы қажет.

Біздің елімізде балалар еңбегінің пайдалану деректері де орын алып отыр. Тұрмысы төмен отбасы балаларының есік-есікті қағып, нәпақа сұрап немесе базар маңында ірілі-ұсақты сауда жасап күнкөріс қамымен жүргендігін күнде көреміз. Алайда, біз көп жағдайда көз жұма қарап, оның шындығына үңілгіміз келмейді. Балалардың еңбегінің қаналуы, олардың сабаққа бара алмау жайы бәрімізді толғандыруы тиіс.

Соңғы жылдары орын алған басты проблемаларының бірі-балалар суициді. Оның бір себебі отбасындаңғы түсінбестік пен жайсыздықта жатыр. Әлеуметтік теңсіздік, балаларды ашындыратын басқа да жағдайлар олардың дағдарысқа түсіп, өздеріне қол жұмсауына әкеліп отыр. Әр мектепте психолог маманы бар, олар осы мәселенің шешімін табу бағытында балалармен жұмыс жасау керек.

Кейбір мектептерде қиын жағдайға тап болған балаларға қажетті көмек көрсетілмеген. Мәселен, Талғар ауданында орын алған мына жағдай төбе шашынды тік тұрғызады. Мектеп әкімшілігі зорлау құрбаны болған қыз бен оның намысын жасаушылардың жағына шыққан. Бұл оқиғаны тексеруімізге департамент аясында жұмыс жасайтын «Сенім телефоны» негіз болды. Департамент жұмысын бастаған үш айда әртүрлі арыз-шағымдармен 15 қоңырау келіп түсті. Онда мектепте балалар құғының тапталуына байланысты 3 жағдай, кәмелеттік жасқа толмағандардың зорлыққа ұрынуы 3 жағдай, оқумен қамтылмау 2 жағдай, ата-аналар тарапынан балалар құқығын тапталуына байланысты 3 жағдай, баланы асырап алуға қатысты 2, бұдан басқа да 2 жағдай тіркелген. Осы арыз-шағымдар бойынша департамент мамандары арнайы тексеруге барып, істің ақ-қарасын анықтады. Және құзырлы органдардың осы жағдайларға араласуын талап етті.

Жоғарыда аталған мәселелер балаларға жауапты мекемелердің бірлесе жұмыс жасап, құқығының сақталуы жағдайында қызмет еткенде ғана шешімін табады. Ал балаларды жаман әдет-қылықтарға мойын бұрғызбау – олардың арасында қоғамдық ұйымдар құрып, жақсылыққа тәрбиелеп, жан-жақты дамытып, қызықты іс-шаралар ұйымдастырып отырғанда ғана мүмкін болмақ, - деп қорытындылады сөзін Гүлнар Ермекбаева.



Осы тақырып негізінде ары қарайғы ой тиегін ағытқан облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев балалар мәселесін қоғамымыздан бөліп қарауға болмайтындығын, ендігі кезекте осы жас ұрпақтың лайықты тәрбие алуына жан-жақты үлес қосу қажеттігін айта келіп, қордаланған проблемалардан шығудың нақты жолдарын ұсынды. Сондай-ақ брифинг барысында облыстық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция майоры Ғалым Құджаков, облыс прокурорының көмекшісі Дастан Баймағамбетов, облыстықнаркологиялық диспансердің бас дәрігері Юрий Седов, облыстық білім департаменті дтректорының орынбасары Анатолий Рудер, облыстықспорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы Тұратбек Шарапиевтер жоғарыда көтерілген мәселелерге орай өз ойларын ортаға салып, тығырықтан шығудың жолдарын әр қырынан қарастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет