Сценарий Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!



Дата28.11.2019
өлшемі323.15 Kb.
#447586
1 Қыркүйек

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Т.Ахметов


«Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты 1қыркүйек «Білім күніне» арналған сценарий

Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
Жүргізуші: Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызғақош келдіңіздер!

Мектеп деген білім күні, жыр күні,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

Көк тудың желбірегені

Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.

Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын

Жүргізуші:

Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:

1. Аудандық маслихат депутаты Жарылқасымов Шайхслам

2. Ардақты ұстаз, құрметті ардагер апай Утжанов Ұлбосын

3. Ардақты ұстаз, құрметті ардагер Сариев Төлбасы ағай

Жүргізуші:

Жан шуағы, күншуағыарайма,

Ұстаздегенәулиедейталайға

Басыниіпөткенжоқ па бізтүгіл,

Әл-Фараби, Омар, ғалым Абай да.

«Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ахметов Талғат Сағатбекұлына беріледі.


Жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға толып, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.

Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.

Ендеше, бірінші сынып оқушыларын құрмет – қошаметпен қарсы алайық!

Бірінші сыныптың сынып жетекшісі:

1А сынып жетекшісі Таниркулова Жибек

1Ә сынып жетекшісі Алдиярова Айнур

1Б сынып жетекшісі Ермурзаева Алтынай



Жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
Жасұлан:

Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

Қарақат:

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.
Асыл:

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Ажар:

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!

Ән: «Мектебім». Орындайтындар Өзенбай Ұлжан мен Бектемір Аружан
Жүргізуші:

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар - сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

( қонақтарға сөз беріледі)


Жүргізуші:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – дей келе, сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстазға береміз. Құрметпен ортаға 1 сыныптың мұғалімі Таниркулова Жибек апайды шақырамыз.
Жүргізуші:

Қол жеткізген аңсаған арманына.

Жақсы шәкірт Азамат атанады,

Халқынан,ата-анадан бата алады .

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы - сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1 сыныптарының ата-анасы Бекмуратова Муслима апайды ортаға шақырамыз.


Жүргізуші:

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы! – дей келе. Келесі сөз жоғарғы сынып оқушыларына беріледі.

Дәурен:

Дамыған елу елдің қатарында,

Қазақстан ерекше аталуда,

«Рухани жаңғыру» - мен қазақ елі

Гүлденіп күннен күнге жақсаруда.

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,

Елбасы бастап берген саясатқа,

Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз

Жеңіске жету үшін болашақта

Санжар:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

Дана:

Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,

Тербетер әр жүректі бір әсем ән.

Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,

Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Жүргізіші:

Құметті ұстаздар! Сіздердің бала болашағын ойлап, оларды білім нәрімен сусындату жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Олай болса шәкірттеріңіздің сіздерге арналған әсем әнін қабыл алыңыздар.



Ән: «Ұстазым». Орындайтындар Қасымбекова Айгерім мен Лесхан Елнұр

Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

(Бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары қоңырау соғады)

1.9 сынып оқушысы Керімжан Мейрамбек

2. 1 сынып оқушысы Адуын Ұлдария



Ән: «Алғашқы қоңырау». Асылхан Шыңғысхан

Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ресми түрде шықарылсын!


Жүргізуші:

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегеніңалдыңнан

Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққасеніммен қараңдар.

Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Халқымыз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Құрметті оқушылар сіздерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, білімді азаматша, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілеймін. Асқар шыңдарды бағындырыңдар.



“Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2019 – 2020 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. Алтын уақыттарыңызды бөліп, назар қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Оқушыларға сәт – сапар!

«№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Алғашқы қоңырау!»

«Саналы ұрпақ- жарқын болашақ»

Сценарийі


2019 – 2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет