Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет56/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
110 
Исан-Бұғы хан оның дегеніне бола қоймаған. Бұл жағдай Самарқант әміршісін 
Жағатай ұрпағына тіпті өшіктіре түскен. 
Жағатай, Моғол хандарымен күресетін бөтен жолын таба алмаған әбусейіт, 
ақырында Уайс хан балаларын бірін-біріне айдап салмақ болған. Ол Иранда 
жүрген Жұныс сұлтанды шақырған. Кеше осы әбусейіт Ордасынан Исан-Бұғыға 
жасырын кісі келген. Осы құпия адамның айтуына қарағанда, әбусейіт Жұныс 
сұлтанға көп қол беріпті-міс. Жұныс сұлтан көп кешікпей Яссы, Сауран, Сығанақ 
қалаларынан бері қарай Шу, Талас өзендерін қуалай отырып. Алмалыққа 
аттанбақшы-мыс. 
Жайшылықта «ел шетіне жау тигелі жатыр» дейтін хабарлардан айылын да 
жимайтын Исан-Бұғы бұ жолы шошып қалған. Өйтпеске амалы жоқ. Еліне 
сырттан келер жаудың қаупі бір бөлек те, өз ішінен шыққан жаудың қаупі 
басқаша. Сырттан келер жауға жұртыңды қарсы қоюға, ұран сап халқыңды 
біріктіруге болады. Ал өз ішіңнен шыққан жау, ол халқыңның жауы емес, 
тағыңның жауы. Мұндайда «отаным, елім!» деп ұран салу да қиын. Жұныс 
сұлтанның әбусейіт әскерімен Исан-Бұғыға қарсы шығуы, әкесінің тағы үшін 
күресуі Жағатай ұрпақтарын екіге бөлу еді. Ал жалғанда үйіңнен өрт шыққаннан 
асар жамандық жоқ. Өрт шығатыны тағы белгілі. 
Исан-Бұғының мазасын алған осы ойлар еді. Ол бүгін құмсағаттың үшінші 
аударылуына хан кеңесін шақырған. Сол хан кеңесі жиналғанша жанын қоярға
жер таппады. Нөкерлерін ертіп көне Алмалыққа барды. Алтын Емелден әкелінген 
құм алтынды уыстап біраз отырды. Бірақ көңіл тұманы бірде-бір селт етпеген. 
Тұнған желімдей жан сезіміне жабысып алып тұрған да қойған. Жайшылықта 
алтын көрсе рақаттанып қалатын көңілі бұ жолы Исан-Бұғыны шошыта берген. 
Бұдан өз басына төнген қатердің қаншалық қауіпті екенін түсінген. 
Бату ұрпақтары Алтын Орда тағынан айырылғаннан бері қазақ рулары Жағатай 
хандарына достық ілтифат көрсетіп баққан. Бұл екі жағдайдан туған. Бірі Жағатай, 
Моғол хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман, Керей, Қаңлы секілді басты 
руларымен тізе қосып үнемі Қытай, Ойрат секілді көршілерін тонауды мақсат 
еткен сырт жаумен көбірек алысуға тура келген. Бұл қазақ пен Жағатай, Моғол 
хандарының бір ойдан шығуына себеп болған. Екіншісі — Жағатай, Моғол 
хандары да қазақ рулары тәрізді көбінесе көшпелі өмір сүрген. Мал қамы кейде 
жер қамына айналып, амалсыз бірлесулеріне мәжбүр еткен. 
Ал Ақсақ Темір мен Көк Орда хандарының басқа жұртқа үстемдіктерін
жүргізу әрекеттері, өздеріне қорқыныш тудыратын елдерден емес, өздері қор- 
қыта алатын елдерді жаулап алудан басталған. Осы екі жақтың ортақ құрбаны ең 
алдымен Дәшті Қыпшақ болған. Ақсақ Темір де өзінің Алтын Ордаға қарсы 
жорығында, ең алдымен жолай қазақтың алғашқы ханы Алашаның балалары 
Мәмет пен Сәметтің ұлыстарын шапқан, өздерін өлтірген. Бертін келе қыз алып, 
қыз берісіп кеткен Ақсақ Темір ұрпақтары мен Дәшті Қыпшақ ханы 
Әбілқайырдың саясаты екеуара бірігіп қатар тұрған Моғолстанды шабу болған. 
Қасыңның досы — о да қасың. Қазақтың көп рулары Моғол, Жағатай ұлыстары 
жағына шығып кеткендіктен, бұл рулар Әбілқайыр хандығы мен Самарқант 
әмірлігіне қас саналатын. Реті келсе оларды ел етіп біріктірмей, бағынышты 
жағдайда ұстау үшін, әлсін-әлсін шабуды саясат еткен. 
Осы саясат әсіресе соңғы кезде Әбілқайыр мен оның күйеу баласы —
Самарқанттың әмірі әбусейіттің кезінде өрши түскен. Бұл мезгілде Моғолстан мен 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
111 
Дәшті Қыпшақтың ортасындағы бүкіл Түркістан өлкесі Әбілқайырдың қолында 
тұрған. Моғолстанға жаны қас әбусейіт Әбілқайырдың арқасында осы өлкенің 
Яссы, Сауран, Сайрам, Сығанақ секілді мединелеріне арқа сүйеуге толық 
мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне әбусейіт Жағатай Ордасының ішіне суық 
қолын бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы әйелінен туған 
қызы Сұлтан-Нигар-Бегімді баласы Омар-Шейх мырзаға алып бермек-тін. Мұнда 
тағы саясат бар. Исан-Бұғының орнына өзінің туған құдасы Жұныс сұлтанды 
отырғызу үшін, әрине әбусейіт әскерін аямайды. Жұныстың күшеюі және оның 
әбусейіт жағында болуы — Самарқант әмірінің айбарының ұлғая түсуіне көп 
жәрдем. Соңғы кездері әбусейіттің Әбілқайырдан алыстауы Ақсақ Темір ұрпағы 
мен Жағатай тұқымдарының тізе қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой 
көтереді. Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тәжінің салмағын ұрпағы әбусейіт көтере 
алмай жүр. 
Жоқ, олай емес. Әбілқайырға Самарқант әмірлігі құлақ сала берсе, түбі Ақсақ 
Темір хандығынан дым да қалмайды. Бұны әбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып 
ол жанталасады. Уайс ханның баласы Жұныспен бірігіп Моғолстанды алып, түбі 
Әбілқайырға қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек? 
Олар тек «Ұр-рит соқ, соқ!, Ұр-рит соқ, соқ!» Әбілқайыр мен әбусейіт секілді екі 
азбан қошқар сүзіссе екен дейді. Тек сонда ғана Моғолстанды алып күшеймек 
түгіл, өз хандықтарын сақтап қалулары да бұлардың екіталай болар еді деп 
ойлайды мықты біткеннің бәрі-бәрі. 
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір 
ұрпағы Астрахань хандарына, күншығысындағы — Қытай богдахандарына, 
солтүстігіндегі — Ойрат қонтайшыларына, оңтүстігіндегі — Ақсақ Темір мен 
Сайбанның қанды балақ әмір, сұлтандарына бой бермей келген. Ал қазір ше? 
Қазір де жаралы жолбарыстай бір шабатын күші бар. Бірақ сол күші ұзаққа жетер 
ме? Ай, жетуі екіталай. Оны жаралаған сыртқы жаулары емес, ішкі жаулары. Жете 
1
мен Қарбанас 
2
хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы. Моғолстанды ішінен 
жегі құрттай жеп, әлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік. 
Исан-Бұғы тағы ойға шомды. 
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-
бірі шұқымас үшін, алла-тағала ортасына мұрын жаратыпты. Ал бұдан отыз жыл 
бұрын, бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жылы әкелері атақты Уайс хан өліп, 
артында қалған ағайынды екі жігіт Жұныс пен Исан-Бұғы Моғолстан тағына 
таласар күн туа жаздағанында кім араша тұрды? Ешкім де тұрған жоқ. Қайта 
ағалы-інілі сұлтандарды өшіктірумен болды. Әсіресе бұны бұрын Уайс ханға 
бағынып 
келген 
Моғол 
әмірлері 
істеді. 
Осы 
әмірлердің 
ар- 
қасында Исан-Бұғы Жұныстан Жағатай хандығын тартып алды. Бірақ артынан 
жастығы ма, мастығы ма, хан болғаннан кейін өзін хан тағына жеткізген осы 
әмірлерге қиянат істей бастады. Ең алдымен бас наип 
3
етіп Тұрфан қаласынан 
шыққан Темір деген ұйғырды белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің 
қаққанда қанын, соққанда сөлін шығарды. Өзі қарадан туа әсіресе Моғол 
әмірлеріне жайсыз тиді. Қарадан наип еткен хан ісіне наразы Моғол әмірлері, 
Темірдің қорлығы әбден асқан кезде, бір күні түнде жиналып кеп оның басын 
1
Ж е т е, я ғ н и ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған. 
2
Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған. 
3
Е с к і ш а ғ а т а й т і л і — уәзір деген мағынада. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет