ПРЕЗЕНТАЦИЯ КНИГИ
«ЕЛІНЕ ҰРАН БОЛҒАН ЕР ЖӘНІБЕК»
Гости проходят в зал. Звучит песня «Ер Жәнібек» (исп.Талгат Кузембаев) | «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» |
Выход ведущего
|
Жүргізуші:
|
Қош келдіңіздер қадірменді қонақтар, жастар!
Батыр Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында бүгінгі «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты кітаптар презентациясына қош келдіңіздер!
Биыл алты алашқа мағлұм болған Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойы республика көлемінде кеңінен аталуда.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған қаһарман батырлардың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлына арналған деректі фильмінен үзіндіге назар аударайық.
|
(слайд-фильм 4мин.10сек.)
|
|
Қазақ халқының тарихнамасы бойынша Бердәулетұлы Жәнібек 1714 жылы Сыр бойында туған.
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян, т.б. баһадүрлермен үзеңгілес тұлға. Абылай ханның бас батырларының бірі ретінде халық жадында терең зерделенген, ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кейіптелген тарихи тұлға.
Құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға ер жүректі батырдың, шешен болған ұлы қаһарманның 300 жылдық мерейлі тойы қарсаңында баспадан шыққан жаңа кітаптармен таныстырып өтсем.
|
Презентация книг. На экране слайд-материалы, названия книг
|
| -
«Ер Жәнібек Бердәулетұлы «Тарихи жырлар мен аңыздар». Бұл үлкен жинаққа Абылай хан дәуіріндегі қазақтың хас батыры Ер Жәнібек туралы тарихи жырлар мен аңыздар топтастырылды. Кітапқа 8 тарихи жыр мен 43 аңыз енгізілген. Жинақ зерттеуші ғалымдарға, ізденушілерге, магистранттар мен студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.
2. Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романы – Ер Жәнібек туралы тарихи баян. Қаракерей Қабанбайдың төл шәкірті, Қаздауысты Қазыбек бидің тәрбиесін көрген, Қожаберген жыраудан бата, Абылай ханның оң тізесінен орын алған Жәнібек Бердәулетұлының өмірдерегі, қазақ-қытай соғысындағы ерлігі, қазақ-қытай қарым-қатынасындағы бітімгерлік қызметі жан-жақты ашып көрсетілген.
Қазақ хандығын құрған әз Жәнібек, шақшақ Жәнібек, атышулы батыр Жәнібектердің соңы - «Ақыр-Жәнібек» тарихи дерегі өте мол, көңілге көп ойлар салатын көркем шығарма. «Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын?» қалың оқырман, бұл кітап сіздерге жол тартты.
3.Халықаралық қоғамдық қоры басып шығарған кітап «Ел ұраны - Ер Жәнібек» зерттеу мақалалары.
Ер Жәнібек жасаған дәуір жоңғар шапқыншыларының қазақ даласына талай рет қанды жорық жасаған кезеңіне тура келеді. Жәнібек азамат болып атқа мінген, қолына қару алып батырлықпен толысқан шағы еді.
Аталған 1727-1752 жылдар ішінде Жәнібек Іле, Балқаш Қаратал өңірлерін жаудан тазарту соғыстарына, Қарақол, Нарын, Ұржар, Қатынсу, Алакөл, Барлық, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін жаудан босатуға атсалысады.
1756 жылы мына Аягөз өңірінде өткен қазақ-қытай соғысында да Ер Жәнібек бастаған ерлер ерлігімен көзге түсіп, ел мен жерін қорғаудың өшпес өнегесін көрсетті.
Ерлігі мен тапқыр шешендігі қатар жетілген қас батырды таныған Абылай оған тілек айтқызғанда, батырдың үш жүздің игі жақсыларының алдында ханға қойған үш тілегін орындап, оң тізесінен орын алуы да қазақ ерлеріне тән әпсана. Абылайдың жас Жәнібекке ту ұсынуы және оның осы сенімді ақтау жолында көрсететін ерлігі де қанымызға еншілеген дүр ерліктің бір мысалы.
Қорытындылай келе, баһадүр бабамыздың 300-жылдық тойы мерейлендіріп, мәңгі қазақ елінің болашағын рухтандыратын, батырлығы, елдікті сақтаудағы ерен ерлігі ғасырдан-ғасырға ұлықталып отыратындығын мына сөрелердегі мұра болып қалған кітаптардан таныса аласыздар.
|
Жүргізуші:
|
Бүгінгі шарамызға арнайы келген қонақтарымыз бар. Сол қонақтарға сөз берсек..
|
Выступление гостей
|
Жүргізуші:
| Ер Жәнібектің өмірі мен ерлігі жайында ел аузында бірнеше толғау, дастандар мен аңыз-әфсаналар сақталған. Солардың ең көлемдісі Қытай қазақтарының рухани көсемі Ақыт қажы Үлімжіұлының «Жәнібек батыр» дастаны. Бұл дастан ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек әдебиеттер мен қолжазбалар қорында сақталып, кейіннен қадым жазуынан қазіргі кириллица әрпіне түсіріліп, «Бабалар сөзі» жинағы мен ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі жарыққа шығарған «Қазақтың батырлық жырлары» антологиясына енген. Батыр жайында Бұқар жырау, Үмбетей жыраулардың жыр-толғаулары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбалары біздің заманға жеткен. Шежіре жөнімен таратса, Ер Жәнібектің үлкен нағашысы атақты Қаздауысты Қазыбек би, өз нағашысы Сарыүйсін Досымбет батыр. Өзі Абайдың атасы Өскенбайдың туған нағашысы. Өскенбайдың Ермек есімді анасы Ер Жәнібекктің қызы. Аңыздың айтуынша, Керей елінің туын Ер Жәнібекке Қожаберген батыр-жырау аманаттаған деседі. Ер Жәнібек 1792 жылы 78 жасында дүние салып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ ауылы маңына жерленген. 2010 жылы ұрпақтары үлкен ас беріп, басына кесене-ескерткіш тұрғызды. Енді осы ескерткіштің ашылуын экраннан көрейік. | (На экране видео открытие памятника - время 01мин.06 сек.) |
Жүргізуші:
|
Биыл Ер Жәнібектің 300 жылдығына Ер Жәнібек халықаралық қоры, Дүниежүзі Қазақ Қауымдастығымен бірге біраз жұмыс жасап жатыр. Қазақстанда, Моңғолияда, Қытайда, Еуропада еске алу шаралары, конференциялар, дөңгелек столдар, жиналыстар өткізілуде. Бүгін де Ер Жәнібек қорының өкілдері жерлестеріміз Бекенов Сабит, Бейсембаев Шілікбай Құсайынұлы, Аліпов Б.Б. қатысып отыр, сіздерге сөз берсек.
|
|
Выступление Ш.Бейсембаева, Б.Алипова, М.Бекенова
|
Жүргізуші:
|
Батыр бабамыздың 300 жылдық мерейтойына дейін қаншама ғасырлар өтсе де, батыр баба рухы мәңгі өшпейді. Батырдың ерлігі мен ізгілігін жарқырататын бір жауһардай жарқыраған әдебиеттер келешек ұрпаққа өнегелі дәріс беретін мұра болып қалады.
Құрметті қонақтар! Презентацияның соңында батырдың ұрпақтарында сақталған, мұра болып қалған жәдігерлерді экраннан тамашалаңыздар.
|
(Слайд-фильм с музыкой – время 3мин.34сек)
|
Жүргізуші:
|
Көріскенше күн жақсы, құрметті қонақтар мен көпшілік қауым
|
Достарыңызбен бөлісу: |