Алмасай ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі98 Kb.
#4288
Алмасай ауылдық округі әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті жерлестер!
2013 жылдың тамыз айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша республиканың барлық аймақтарында ауылдық округтер және кент әкімдерінің сайлаулары өткізілді. Округ тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, ауылшаруашылығы кешенін, элеуметтік сфераларын, инфраструктураны дамыту, жұмыссыздық деңгейін барынша азайту, жергілікті басқару жүйесі мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету мақсатында «2013-2017 жылға арналған Алмасай ауылдық округі даму бағдарламасы» әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 6-шы сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдер атқарылған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулер өткізеді. Бұл кездесулер Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылының ашықтығын көрсетіп, билік пен халықтың барынша жақындай түсуін көздейтін іс-шара болып табылады. Мұндай кездесулер оңды нәтижеге қол жеткізумен қатар, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, жұмыстарына жаңа серпіліс береді.

 Алмасай ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады

Құқықтық жағынан ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген және қызмет барысында осы құжаттарды басшылыққа алады.

Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.

. 2013 жылы округ әкімінің есептік кездесулер кезінде көтерілген сұрақтар (Алмасай ауылындағы электр жүйелерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, су құбырының апатты жерлерін жөндеу) мүмкіндігінше шешімін тапты.



Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округте екі елді мекен бар. Жалпы тұрғындар саны -1450 адам.

Б. Өтепов ауылы бойынша – 425, Алмасай ауылы бойынша- 1025 адам.

Округ бойынша 329 аула бар, оның ішінде Алмасай ауылында- 226 аула, Б. Өтепов ауылында – 103 аула

Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 19 171 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 3755 га, жайлымдар –12 653 га. Округ аумағында 90 шаруа қожалығы тіркелген. 66 шаруа қожалығы әр салалы шаруашылығымен айналысады.



Округ бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарына ІҚМ-2567 бас, соның ішінде сиыр-1126 бас, ҰҚМ- 4940 бас, жылқы -896 бас, түйе- 73 бас тіркелген. 5393 ц. ет, 32 444 ц. сүт, 128 ц. жұн, 182 ц. қымыз, 133 дана жұмыртқа өндірілді.
Мал басы:

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж барлығы

2013 ж барлығы

Бас көлемінде айырма-

шылық

%

ІҚМ

бас

2502

2567

+65

2,5

Соның ішінде сиыр

бас

1126

1126

0

0

ҰҚМ

бас

5093

4940

-153

-3

Жылқы

бас

758

896

+138

18,2

түйе

бас

66

73

+7

10,6


Өнім:

Атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж барлығы

2013 ж барлығы

айырма-

шылық

%

ет

центнер

6127

5393

-734

-11,9

сүт

центнер

32 444

32 444

0

0

жұмыртқа

дана

133 мың

133 мың

0

0

жүн

центнер

198

128

-70

-35,3

қымыз

центнер

172

182

+10

0,58


Малдарға сәйкестендіру жүргізіліп, мәліметтер дерекқор базасына кіргізілді. Электрондық шаруашылық кітап толтыру жұмысы толығымен аяқталды.

Ветеринарлық алдын алу іс-шаралары уақытында өткізілді. Округ бойынша 35 бас бруцеллез ірі қара мал «Ұлан» ЖШС-ке өткізілді. Мал қораларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Алмасай, Б. Өтепов ауылдарында жер учаскесі заңдастырылмаған екі мал қорымы бар. Мал қорымдарының жер учаскелерін заңдастыру үшін 450 000 теңге қаражат қажет.

Асыл тұқымды мал сатып алу арқылы малдың өсім беру сапасы көтеріледі. «Маншук» , «Ажар» шаруа қожалықтарының басшылары М. Тугелов Ж. Бабаханов өз қаражатына 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша үш шаруа қожалықтарының басшылары: Ахмадиев Жомарт, Кенжебаев Ерболат, Коксимбай Жанейхан 100 қой алуға өтініш білдіріп, құжаттары аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне тапсырылды.



Округте қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасауда. 2012 жылы Алмасай ауылында қолдан 14 бас сиыр ұрықтандырылып, 13 бұзау туды. 2013 жылы 10 сиыр ұрықтандырылды.

Кәзіргі уақытта округте мал сою алаңы жоқ болғандықтан, «Ұлан» шаруа қожалығының басшы Мейрамғазы Сагатов өз қаражаты есебінен 2014 жылы салуды жоспарлап отыр.

2013 жылы егістік алқабы 2040,1 га құрады,оның ішінде картоп- 23 га, көконіс- 4,9 га, көпжылдық шөптер- 2012,2 га. Округ тұрғындары өткен жаз және күз мезгілдерінде 5 рет облыстық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрменкесіне қатысты.

Егістік алқабы


барлығы

егістік алқабы

өлшем

бірілігі

2012 ж

барлығы

егістік алқабы

өлшем

бірілігі

2013 ж



айыр машы

лығы

%

көпжылдық

шөптер

картоп

көкөніс

арпа

көпжылдық

шөптер

картоп

көкөніс

1541,0

га

1478,5

22

0,5

40

2040,1

га

2012,2

23

4,9

+471,2

30,6









































Округ аумағында тіркелген шаруа қожалық басшыларымен бөлінген жер учаскелерін тиімді және мақсатты түрде пайдалану туралы мәселе азаматтық жиындарда бірнеше рет көтерілді. Сонымен қатар, шаруа қожалық басшыларына тиімді пайдаланбай жатқан жерлерді шабындық немесе жайылымға ауыстыру, дәнді дақылдар немесе көп жылдық шөптер егу туралы ескертілді. Округ аумағында тұрмайтын және ауылшаруашылығымен айналыспайтын 22 шаруа қожалықтарының тізімі аудандық жер қатынастары бөліміне 2 рет жіберілді.

Бюджет
2013 жылы Алмасай ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 8 млн. 037 мың теңге қаржы бөлінді. 2013 жылы округ бойынша бөлінген бюджеттік қаражаты 100 пайызға орындалды. 2013 жылы мүлік салығы 30326 теңге есептелді, төленгені- 30350 теңге, 69 604 теңге жер

салығы, төленгені 69 700 теңге, ол 100, 1 % құрайды.

Округ аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 134 800 теңге, аббатандыру және көгалдандыруға 134 800 теңге бөлінді. Округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуір - 1 маусым және 26 қыркүйек - 26 қазан аралықтарында Ұлан ауданының әкімдігі қаулыларымен бекітілген санитарлық тазалықтың екі айлықтары өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды. 2013 жылы 26 сеңбілік өткізілді. Барлық 350 куб. м. қоқыс шығарылып, 5 заңсыз қоқыс төгетін жер жойылды. 200 көшет отырғызылып, 320 шаршы метрге гүлзарлар салынды.

Округтегі әр көшеге келісім бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды. Негізгі мақсат - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуды іске асыру. Әр аптаның жұмасы «Тазалық жұма» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектептер, шаруа қожалықтары, медициналық пункттердің ұжымдары түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аксакалдар, әйелдер алқаларының, ардагерлер кеңесінің, жастар бастауыш ұйымының мүшелері белсенділік көрсетті. Ақсақалдар алқасының мүшелерінің қатысуымен округтегі ауылдарда рейдтер жүргізіліп, ескертулер жасалды. Учаскелік полиция инспекторы ҚР Әкімшілік кодексінің 387 –бабы бойынша (санитарлық ережелерін бұзғаны үшін) 30 округ тұрғындарына айыппұл салды. Округтегі қатты-тұрмыстық қалдықтар төгетін полигондардың жер учаскелерінің заңдастыру үшін 900 000 мың теңге қаражат қажет.



Әлеуметтік қорғау
Тұрғындардың белсенді экономикалық саны 838 адам, өзін-өзі қамтитын- 211 адам ,оқушылар – 163 адам, мектеп жасына дейінгілер- 67 адам, зейнеткерлер-130 адам, 2, 3 топтағы мүгедектер -43 адам, студент- 68 адам, әскер қатарында- 7 адам, жұмыссыз есебінде тұрғандар 11 адам, тыл еңбеккерлерінің саны – 24 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 23 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 13 адам.

Оралмандар отбасылар барлығы -28. ҚХР- 19 отбасы, МХР- 9 отбасы, әйлдер-66, еркек-61, жоғары білімді-6, арнаулы орта-3, жұмыс істейтіндер- 29, жеке негізде-36, зейнеткер- 7 студент- 4 , оқушы- 25 , мектеп жасына дейінгі- 9.

2013 жылы 37 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 9 адам қайта даярлау курстарында «даяшы», «іс жүргізуші», «есепші» мамандықтары бойынша оқып шығып, 3 адам мамандық бойынша жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік атаулы көмек 1 отбасына, балаларға арналған жәрдемақы 22 отбасына бөлінді. Жалғызбасты зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы 1 отбасына берілді.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 7 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз ету, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер ауылдық медициналық пунктімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығына бұқаралық ақпараттық құралдарға жазылу жұмыстары ұйымдастырылды. «Дидар» газетіне – 28, Рудный Алтай - 13, Егеменді Қазақстан - 24, Казахстанская правда - 6, Ұлан таны – 110.







Ұлан таңы

Дидар

Рудный Алтай

Егеменді

Қазақстан

Казахстанская правда

жоспар

250

33

8

24

6

нақтылы

110

28

13

24

6



Медициналық қызмет
Алмасай ауылдық округі бойынша екі медициналық пункт бар. Онда үш орта білімді медбике халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы өте төмен деңгейде.

Алмасай ауылындағы медициналық пункт ғимараты қыс мезгілінде электр қуатымен, ал Б.Өтепов ауылындағы медициналық пункті отын және көмірмен жылынады.

2013 жылы округте туған балалар саны - 16 , қайтыс болғандар- 13 адам.

Білім саласы

Алмасай ауылдық округі аумағында 2 білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Алмасай ауылындағы Абай орта мектебінде жалпы оқушылардың саны -118. Мектепке дейінгі топта– 19 бала.

2013 жылы мектепті 10 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орта балл – 62 % құрады . 2013 жылы жоғары оқу орындарына грантқа 1 түлек, ақылы оқуға 5 түлек түсті. 2012 жылы Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орта балл – 73 % құрады .

Абай орта мектебінде 29 мұғалім жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі жоқ.

17 км. елді мекенінен мектепке дейін 12 оқушы тасымалданады. Мектептің автобусы күніне 3 рейс жасайды. Орта мектепте 4 компьютер және 16 ноутбукпен жабдықталған 1 мультимедиялық, 1 физика кабинеті бар. Бір компьютер интернет желісіне қосылған. Компьютерлік сынып жоқ.

Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары тегін (55) ыстық тамақпен қамтылған.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, еркін күрестен спорттық секция жұмыс атқарады. Қатысатындардың саны 58 оқушы.

Б. Өтепов ауылындағы Амангелді негізгі мектебінде жалпы оқушылар саны-45, мектепке дейінгі топта- 12 бала. Бастауыш сыныптың оқушылары және аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, барлығы- 33 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. 8 компьютермен жабдықталған информатика кабинеті бар, 2 компьютер интернет желісіне қосылған. Амангелді негізгі мектебінде 14 жоғары және арнаулы орта білімдері бар мұғалімдер жұмыс атқаруда.

Мектепте сыныптан тыс футболдан, волейболдан, тоғыз- құмалақтан, дойбыдан, үстел теннисінен, қол күрестен спорттық ұйірмелер жұргізіледі. Барлығы қатысатын оқушылар саны- _35_. Округтегі мектептердің құрама қомандалары аудан, облыс жарыстарында футболдан, баскетболдан, волейболдан, армреслингтен жүлделі орындарға ие болған.

Абай орта мектебінің қыздар волейбол командасы бірнеше дүркін аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орынға ие болып, Ұлан ауданы құрама командасының мүшелігіне кірді. 2013 жылғы 1 желтоқсан күні Өскемен қаласында өткен Тұңғыш Президент күніне арналған армреслингтен облыстық біріншілікте Амангелді негізгі мектебінің оқушылары Алимбетов Саян, Касымов Олжас жүлделі бірінші, екінші орынға ие болды.

Округте мектеп жанындағы 2 шағын орталық жұмыс істейді. Алмасай ауылындағы шағын орталыққа 40 бала (сыйымдылығы-50 ), Б. Өтепов ауылындағы шағын орталыққа 10 бала барып жұр. Бала бақшаға кезекте тұрған ауыл тұрғындары жоқ.

Кәсіпкерлік
Жалпы округ бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 25 адам. Соның ішінде: 9 дүкендер мен дүңгіршектер, 2 мектеп жанындағы асхана, түрлі қызмет көрсету нысандары- 14. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкен иелерімен 10 пайыздық сауда қосымшалар бойынша меморандумдар жасалған.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Алмасай ауылында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шығыс Самғау» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі «Шығыс Қазақстан облыстық тұрақтандыру қорының» жәрменкесін өткізді. Толайым бағалары бойынша қант, күріш, кұнбағыс майы сатылды. «Санжар» дүкенінде жеке кәсіпкер А. Кыдырмолдина аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік бөлім ашып, 6 азқамтылған отбасыларына толайым бағаларымен азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бері кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін ауылдық округтің қолдаухаты бойынша 19 отбасыға шағын несиелер бөлінді, соның ішінде: 2011 жылы- 5 отбасыға-8 млн. 250 мың, 2012 жылы- 8 отбасыға- 23 млн., 2013 жылы -6 отбасыға- 17 млн. теңге. Барлығы 19 отбасыларына- 48 250 млн. теңге. Шағын несиелер мал шаруашылығын дамыту, күс өсіру, көкөніс және жеміс өндеу цехін ашу сияқты жобаларға берілді.

Соның ішінде: 1 жоба- КС «Ұлан несие 2020» ЖК Аупаев Бекболат- көкөніс және жеміс өнімдерін өңдеу- 24 млн.теңге, ЖК Алимбетова Меруерт тауық фермасын ашу- 3 млн. теңге, Муликов Саят – наубайхананың жұмысын қайта жандандыру- 3 млн. теңге.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 7 округ тұрғыны несие алуға ниет білідірді.

Біріккен үлттар ұйымы округте шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін 2013 жылы келесі жобалар жүзеге асырылмақшы: Адылбекова Жанар- шаштараз ашу, Муликов Саят - шаруашылық тауарлар дүкенің ашу, Асхатов Шынғыс- кулинарлық цех ашу, Каныкен Амантай –дәнекерлеушінің қызметі, Сулейменов Каирды- омарташылықты дамыту.
Инфраструктура
2013 жылы Алмасай ауылына кіреберіс 7 км. асфальт жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 49 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алмасай ауылындағы ауыз су құбыры жүйесінің жөндеу жұмыстарына 3 млн. 300 теңге қаражат бөлініп, апатты жағдайдағы су құбыры жүйесінің учаскелері жөнделді. Алмасай ауылындағы электржүйесінің бағаналары мен сымдары жаңартылып , іске қосылды.

2014 жылы округтегі елді мекен көшелерін жарықтандыруға 39 414 теңге құрайтын жобалық-сметалық құжаттама аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» тапсырылды.



Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторы қызметтік пәтермен қамтылған.

Учаскелік полиция жаныңда 2011 жылы қыркүйек айынан бастап қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 35 адам тұр. Оның ішінде бұрын сотталғандар –_3_адам, шартты түрде сотталғандар – _3 адам, созылмалы алкоголизммен ауыратын – 29 адам, есепте тұрған жасөспірімдер жоқ.

2013 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 75 хаттама толтырылды, 19 сотқа жіберілді. Оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – __9 адам, бұзақылық жасағандары үшін –__7_ адам, түнгі уақытта тыныштық сақтау ережесін бұзған үшін – _5__ адам, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – _5_ адам, шылым шегуге тиім салынған жерде шылым шеккені үшін- 4 адам, паспорттық режимін бұзғаны үшін – _15 адам, санитарлық ережелерін бұзғаны үшін -30 адам. Алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланатын _2 адам мәжбірлеу тәртібімен емделуге жіберілді.

2013 жылы тұрғындардың арыз өтініштерін және құқықбұзушылық пен оқиғаларды тіркеу кітабында _22_ факті, оның ішінде –_13_ қылмыстық іс қозғалып _9_ ашылды.

Тұрғындардың өтініштерін қарау
2013 жылы округ әкімінің атына 7 тұрғыннан және 3 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінде тұрғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер қаралып, жауаптары уақытымен қайтарылды.

«Туған жерге тағзым!» акция аясында округтен шыққан кәсіпкерлерімен 10 млн. 825 мың теңгеге 7 меморандум жасалынып, жоспар 6 млн. 705 мың теңгеге орындалды.



2014 жылы «Ұлан» шаруа қожалығының басшысы М. Сагатов 2 млн. 100 мың теңге құрайтын мал сою алаңын салуды жоспарлауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет