Алмасай ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі
Құрметті ауылдастар !
Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы жарлығына байланысты 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы Алмасай ауылдық округінің әкіміне сіздердің алдарыңызда есеп беруге рұқсат етіңіздер.
2010 жылғы Алмасай ауылдық округі бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауынан туындап отыр.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздік, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Тәуелсіздік алғанына енді ғана 19 жыл болған Қазақ елінің Еуропа мен Азия мемлекеттерінің басын біріктірген ірі халықаралық Ұйымының Саммитін өз жерінде өткізуі, сөз жоқ, үлкен жетістік. Мұндай жоғары деңгейдегі жаһандық басқосу Қазақстанның әлемдегі беделін арттырып қана қоймай, елдің дамуына жаңаша серпін береді. Саммиттің Азияда, Қазақстанда өтуі – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның құрылысына қосқан жеке үлесі, сондай-ақ Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымының саммитін өткізудің өзектілігін мойындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын өткізуге «Ұлан жастары», ақпарат- насихат тобының мүшелері, ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер кеңесінің және “Нұр Отан” Халықтық Демократиялық Партия мүшелері қатысады. Бүгінгі күнде «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелер саны 116 адам.
Алмасай ауылдық округінде үш елді мекен бар. Тұрғындар саны Алмасай ауылы бойынша- 938, Б. Өтепов ауылы бойынша - 487, 17 км. елді мекені бойынша -129. Барлығы- 1554 адам. Оның ішінде 169 зейнеткер, 868 жұмыс жасындағы, 215 оқушылар, 67 мектеп жасына дейінгі балалар. Жұмыспен қамтылған 546 адам, жұмыссыздар орталығында тіркелгендердің саны- 3 адам.
Ауылдық округінде – 329 аула, оның ішінде Алмасай ауылында-
197 аула Б. Өтепов ауылында – 103 аула , 17 км. елді мекені бойынша- 29 аула. Ауылдық округінің тұрғындары электр куатымен, газбен қамтамасыз етілген. Тұрғындарды электр куатымен «Шығысэнерготрейд» Меновное ауылындағы бөлімшесі жабдықтайды.
Округ бойынша бір орта, бір негізгі мектеп, екі фельдшерлік пункт, 212 номерлі АТС, 7 дүкен, 116 шаруа қожалықтары, 2 өндірістік кооператив тіркелген. Басты мақсат -халықтың экономикалық- әлеуметтік жағдайын жақсарту.
Округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында 2010 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 32 адам тартылды, 8 азамат өз мамандықтарын қайта өзгертті. Қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен 2010 жылдың көктем-жазғы айларында санитарлық тазалау откізілді. Фельдшерлік және учаскелік полиция пунктерін, автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Алмасай ауылдық округі аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жұмыстары қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды.
Осы мәселені іске асыруда ауылдық округ бойынша мекеме басшыларымен, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен тұрғындар арасында бірнеше рет жиындар өткізіліп нақты шаралар қабылданды. Соның ішінде жеке меншік малдарды бос жібермеу, санитарлық тазалық, қаңғыбас иттерді жою, өрт қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп туралы айтылып қоғамдық кеңес құрылды
Әр аптаның дүйсенбі күні аппарат мәжілісінде ауылдық округ аумағында болған құқық бұзушылық жағдайлары тіркелсе учаскелік полиция капитаны Кайрат Оспанов баяндайды, ал әкім болашақта атқарылатын іс- шараларды белгілейді.
2010 жылғы мектеп жасындағы балалар арасында құқық бұзушылар тіркелмеген. Абай орта мектебі, Амангелді негізгі мектебі бойынша ата-аналармен біріккен пед.патруль жұмысын жалғастыруда. Жасөспірімдерді есепке алу, олармен нақты жұмыс жүргізуге сынып жетекшілерін, ата - аналарды тарту ең ұжымды шаралар деп ойлаймыз.
Ауылдың береке - бірлігіне, қылмыстың болмауына қоғамдық ұйымдар ақсақалдар алқасы Р.Мұхамеджан, ардагерлер кеңесі- К. Оспанова, әйелдер алқасы-Б. Сабитова, жастар көшбасшысы Ж. Сержанова құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын барынша жандандырып өз үлестерін қосуда.
2010 жылы 13 отбасына арнаулы әлеуметтік көмек және 33 балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
Аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай, заттай өндірістері ілгері басқан азаматтардан көмек көрсетілді.
2010 жылдың тамыз айынан бастап жалғыз басты зейнеткерлерге- жиыны
9 адам 1 штаттық әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетуде.
Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га жерді құрайды, оның 19 171 га жері ауылшаруашылық құрылымдарына жалға берілген.
Ауылшаруашылық жұмыстарымен 2 өндірістік кооператив және 116 шаруа қожалықтары айналысады.
2010 жылы төмендегідей ауылшаруашылық өнімдері өндірілген:
- ет......................................... 5401,5 ц;
- сүт........................................ 32444 ц;
- жұмыртқа........................... 133 мың дана;
2011 жылғы 1 қаңтарға түлік саны төмендегідей:
- ірі қара............................. 2 909 бас,
оның ішінде сиырлар...... 1126 бас;
-қой ..................................... 8174 бас;
- ешкі................................... 753 бас;
- жылқы................................ 771 бас;
- түйе.....................................57 бас;
- құстар................................. 1240 бас,
Ауыл тұрғындар өткен жаз және күз мезгілдерінде 9 рет облыстық және аудандық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрменкесінне қатысты. 1800 кг ірі қара мал еті және 700 кг қой еті сатылды.
Ағымдағы жылы картоп және көкөніс көлемі төмедегідей:
- картоп ............... 16,2 га,
- көкөніс............... 4,4 га,
оның ішінде
- сәбіз............................0,8га,
- қызанақ......................0,6 га,
- қырыққабат............... 0,5 га,
- свекла.........................0,3 га,
- сарымсақ....................0,4 га,
- қияр............................0,7 га,
- басқа түрлері..............1,1 га
Округ аумағында тіркелген шаруа қожалық басшыларымен бөлінген жерді тиімді және мақсатты түрде пайдалану туралы мәселе азаматтық жиындарда бірнеше рет көтерілді. Сонымен қатар, шаруа қожалық басшыларына тиімді пайдаланбай жатқан жерлерді шабындық немесе жайылымға ауыстыру, егістік көлемін өңдеп, дәнді дақылдар немесе көп жылдық шөптер егу туралы ескертілді.
Жер қатынастары бөлімімен бірлесе отырып тиімді пайдаланылмаған 2046,6 га жер Ұлан ауданының қорына аударылды. Округ аумағында тұрмайтын және ауылшаруашылығымен айналыспайтын 30 шаруа қожалығының тізімі шара қолдану үшін жер комитетіне жіберілді.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында барлық сауда орындарымен 2010 жылы меморандумдар жасалды, бұл жұмыстар 2011 жылы да жалғастырылады.
2010 жылы Алмасай ауылдық округі бойынша елді мекендерді жарықтандыруға 1млн. 15 мың теңге бөлінді. Ұсынған баға тәсілімен электронды түрде хабарландыру берілді. Жеңімпаз жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ВК АВТО ПЛЮС» атанды. 745 000 мың теңгеге келісім- шартқа қол қойылып, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Үш елді мекендерге 30 прожектор қойылып, қолданысқа енгізілді. Бөлінген қаражат барлық көшелерді бірден қамтуға жетпеді, сондықтан жыл сайын бөлінген қаражат жеткенінше көшелер кезекпен жарықтандырылады.
2010 жылы «Лиза» шаруа қожалығының басшысы Самат Карапов Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына орай Б. Өтепов ауылында ауылдық клуб ауласына соғыс кезінде қаза тапқан жерлестеріне арнап, кұны 1млн. 300 мың теңгені құрайтын ескерткіш салды.
Ескерткіш 9 мамыр Жеңіс күні салтанатты түрде ашылып, сонынан ас берілді.
Округте екі білім беру мекемесі жұмыс атқаруда.
Алмасай ауылында Абай орта мектебі бойынша – 156 оқушы, 25 ұстаз
Б. Өтепов ауылында - 59 оқушы, 14 ұстаз.
Ұлттық біріңғай тестілеуге Абай орта мектебінің 7 түлегі қатысты. ҰБТ – ның қорытындысы бойынша орташа бал 87 пайыз құрады. Жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға 6 түлек түсті, соның ішінде грантқа 2 оқушы түсті.
Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Алмасай ауылдық округі бойынша медициналық жабдықтармен жабдықталған екі фельдшерлік пункт бар. Онда үш орта білімді медбике халыққа әртүрлі медициналық қызмет көрсетеді.
Алмасай ауылында – Нураханова Галия Капаевна, Оспанова Гульмира Даниловна Б. Өтепов аукылында – Оралбекова Лязат Камалбековна.
2011 жылға республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу науқаны ұйымдасқан түрде өтті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен берілген жеңілдік басылымдарға жағдайлары төмен және аз қамтылған отбасылары, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын азаматтар жазылды. Барлығы 26 адам. Казпошта өз жұмысын қалыпты деңгейде атқаруда. Алмасай ауылында тізім бойынша қарт және ауру қарияларға зейнетақы үйлеріне жеткізіледі
Ұлан ауданының салық басқармасымен тығыз байланысып, тұрғындардын жергілікті мүлік және жер салықтарын уақытында тапсырылуы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салық және басқа төлемдер туралы» Кодексінің салық төлемдерін орындау барысында 2010 жылы округ бойынша жер салығы 108534 теңге, мүлік салығы- 48104 теңге құрады. Біркүндік талон жоспар бойынша 2300 теңге, орындалғаны 14 360 теңге.
Округте «Қазақталеком» акционерлік қоғамы өз жұмысын атқарады. Тұрғындар телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 2010 жылы Алмасай ауылындағы абонент саны 182 - ге жетті, соның ішінде үстіміздегі жыл бойы 12 абонент қосылды. Баяш Өтепов ауылы бойынша 15 абонент бар.
Байланыс желісінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау мақсатында Алмасай ауылында бір монтер жұмыс істейді, жұмысы қанағаттанарлық.
ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген атаулы күндер округ бойынша жоғары деңгейде өтеді. Ол Жаңа Жыл шыршасы, 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Қазақстан Республикасы Конституция, Қарттар, Тәуелсіздік күндері тағы сол сияқты мерекелер. Мемлекет қарауындағы мерекелер бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбесе де, демеушілер арқасында өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Осы жерде ауыл тұрғындарына айта кетерлік жайт, ауыл азаматтары шамалары келгенше ат салысып, белсенділік көрсетіп отырса жақсы болар еді.
Ауылдық округ бойынша жылына екі рет – көктемде, күзде, санитарлық тазалық айлығы жүргізіледі. Көшеттер мен ағаштар, гүлзарлар барлық елді мекендерде отырғызылады. Алмасай ауылында сәуір, мамыр, маусым айларында тұрғын үйлер арасындағы қоқырларды жинау үшін сегіз жұмыссыздардан құрылған арнайы топ шығарылып, қалдықтар ауыл сыртына арнайы қоқыр төгілетін жерге шығарылды.
Барлығы санитарлық тазалыққа 170 000 теңге бөлініп, ол қаржы толығымен игерілді.
2011 жылы жеке кәсіпкер Байтыков Аслан 17 км. елді мекенінде техника жөндеу стансасын ашуды жоспарлады. Бүгінгі таңда жер құжаттарын рәсімдеу жұмыстарымен айналысып жұр.
Атқарылған жұмыстармен қатар, округ аумағында қазіргі уақытта шешімін таппаған мәселелер де аз емес.
- ауылдардың көшелерін толығымен жарықтандыру,
- көшелерді қыс кезінде күнделікті қардан тазалау,
- Алмасай ауылындағы мәдениет үйін қалыпқа келтіру,
- Алмасай ауылындағы канализация жүйесін жөндеу,
- Б. Өтепов ауылындағы кіреберіс көпірді жөндеу,
- бос жүрген иттермен жұмыс жүргізу.
Алмасай ауылдық
округінің әкімі Н. Дутбаев
Достарыңызбен бөлісу: |