Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 3. Қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдегі қызметі (тарихи шолу)



бет38/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141
annotation9411

§ 3. Қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдегі қызметі (тарихи шолу)

Қазақстан Республикасында Үкіметтің 1988 ж. 12 мамырдағы қаулысына сәйкес, Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің жанынан «Казахинторг» республикалық шаруашылық есептік сыртқы сауда бірлестігі құрылды. Казахинторгтың құрамына келесі мамандырылған фирмалар кірді: Казахпроминторг, Казахагроинторг, Казахпригранинторг, Казахсервис.


Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 2 маусымдағы № 487 «Казинтермед республикалық сыртқы сауда бірлестігі туралы» Қаулысына сәйкес, республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру мақсатында сыртқы экономикалық бірлестікті құру туралы, шетел фирмалары мен ұйымдармен медицина және фармакология мәселелеріне байланысты өзара пайдалы байланыстарды орнату, республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі емдік-сауықтыру мекемелерін модернизациялау, техникалық жарақтандыруға бағытталған тиімді экспортты-импорттық жұмыспен қамтамасыз ету.
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 5 маусымдағы № 505 «Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жанынан «Құрылыс» республикалық сыртқы экономикалық бірлестікті құру туралы» Қаулысына сәйкес шетелдік фирмалармен сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту, құрылыс материалдары мен өнімдердің экспорты мен импортының көлемін көбейту мақсаттарын көздейді.
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 20 тамыздағы № 717 «Қазақстан Республикасынің сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудағы қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру үшін» Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне 1993 ж. 1 қазанына дейін, мамандырылған сыртқыэкономикалық компанияларды мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығаруды ұйымдастыру және мемлекетке қажетті азық-түлікті сатып алу, медикаменттер т.б.
Министрлер Кабинетінің қаулысын орындау үшін, республикалық сыртқы экономикалық бірлестік «Тиреу» негізінде «Улан» мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы құрылды.
Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі 1994 ж. 5 қаңтарда № 64 Бұйрығында, мемлекеттік маңызы бар өнімдерді жүзеге асыру үшін мынадай сыртқыэкономикалық компанияларды көрсетті:

  1. «Казахстанимпекс» – мақта, полистирол, уылдырық.

  2. «Отырар» «Казвнешмаш» негізінде – глинозем, ферроқорытпалар, мыс.

  3. «Казахинторг» – көмір, мұнай, бензин, мазут.

  4. «Казметаллэкспорт» – цинк, қорғасын, мыс конценттраттар, никель, кобальт, цинк, алюминий, қорғасын рудалары.

  5. «Казинтерметалл» – цинк, қорғасын, бағалы металдар және оладың өнімдері, кара металдар прокаты.

  6. «Тиреу» негізіндегі «Улан» – алюминий қорытпалары, полиприлен, хром, уран, молибден, титан рудалары.

  7. «Құрылыс» негізіндегі «Казахстан сауда» – цинк, ферроқорытпалар, хром рудасы, кара металдар прокаты.

  8. «Казмедимпорт» – медициналық құрал-жабдықтар импорты, медикаменттер

  9. «Казпищепромсырье» – мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару және азық-түлік импорты.

  10. «Казпромэкспорт» негізіндегі «Казыбек» – қара металдар прокаты, көмір, стирол, бихромат натрия.

  11. «Казагросауда» «Казагровнешторг» негізінде – бидай, жүн, марал мүйіздері

Қазақстан Республикасының шетелдегі заңды тұлғаның жеке заңы болып инкорпорация доктринасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңы болады. Қазақстан Республикасының құқығымен сәйкес, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, оның ішкі құрылымы, қайта ұйымдастырылуы, жойылуы т.б. анықталады.
Сонымен бірге, заңды тұлғаны шетел еліндегі шаруашылық қызметке жол беру , осы қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен құқықтық нысандары шетел елінің заңымен анықталады. Шетелдік инвестициялар туралы заңында көзделгендей, ұлттық инвесторлардың шетелдегі инвестицияларына қатысты қатынастар арнайы заңмен реттелінеді (1 бабының 2 тармағы). Яғни шетелдегі инвестициялар туралы арнайы заңды дайындау өткізілген. Заңшығарушы жұмысқа кірісіп кеткеннен кейін шетелге инвестиция шығаруға тыйым салудан басқа ешнәрсе қарастыруға болмайтындағы анық болды.
Шетелде инвестиция салу қазақстандық заңды тұлғаның өз әрекетінде қаншалықты еркін болуына байланысты. Бұрын шаруашылық субъектілердің шетелге еркін шығуға құқықтары болмаған. Барлық сауда операциялары арнайы сыртқы сауда бірлестіктері арқылы жүргізілген («Внешторг», «Казметаллэкспорт» т.б.). Кейіннен шаруашылық субъектілері көбірек құқыққа ие болып, бірақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде арнайы тіркеуден өтулері тиіс еді. Осы кездегі түпкілікті өзгеріс болып 1992 ж. 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. «Об организации внешнеэкономической деятельности РК на период стабилизации экономики и проведения рыночных преобразований». Жарлықтың 1 тармағында бекітілген: «шаруашылық субъектілері сыртқы экономикалық қызметті арнайы тіркеуден өтпей-ақ жүзеге асыра алады, мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару мәмілелерінен басқа. Экспорт кейде импортқа тыйым салынған немесе шектелген өнімдер тізімі қазіргі кезге дейін бар, бірақ ол жыл сайын азайып баруда.
1993 ж. 30 шілдедегі «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудағы қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару, мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары арқылы жүзеге асырылады делінген. 1994 ж. 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бұл ережені ырықтандырды. Мемлекеттік маңызы бар өнімді шетелге экспортқа шығару, мемлекеттік сыртқы сауда компанияларымен бірге аукционда экспорттық квоталарды иемденген шаруашылық субъектілері де жүзеге асыра алады. ТМД елдеріне кәсіпкер-өндірушілер өнім экспортын жеке де мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары арқылы да жүзеге асыра алады.
Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына толықтай еркіндік Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 11 қаңтардағы «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығымен ұсынылды. Жарлықта бекітілгендей, шаруашылық субъектілерінің барлығы сыртқыэкономиаклық қызметті, сонымен бірге делдалдық қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы, стратегиялық маңызды ресурстарды экспорт пен импортқа шығару мәмілелерінен басқа. Олардың тізімін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды.
Министрлер Кабинеті 1995 ж. 19 тамызда № 66 «Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыс, қызмет) экспорт пен импортқа шығару тәртібі туралы» қаулы шығарды. Үкіметтің бұл қаулылары басқаларымен алмастырылды, бірақ атауы қалды. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 30 маусымдағы № 1037 « Қазақстан Республикасығы тауарларды (жұмыс,қызмет) экспорт пен импортты лицензиялау туралы» қаулысы шықты. № 1037 Қаулысымен бекітілді:

  1. Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарларды (жұмыс, қызмет) экпорт пен импортты лицензиялау тәртібі (1-ші қосымша). Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына қатысты, сонымен бірге ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тіркеу орынынан тәуелсіз шетелдін заңды тұлғаларды қоса (2 тармағы);

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде лицензия қажет ететін экспортқа шығаратын тауарларлар тізімі (2-ші қосымша);

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде лицензия қажет ететін импортқа шығаратын тауарларлар тізімі (3-ші қосымша);

  4. Лицензия арқылы экпорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (4-ші қосымша);

  5. Лицензия арқылы импорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (5-ші қосымша);

  6. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес лицензия арқылы экспорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (6-ші қосымша);

  7. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспорт құжаттары арқылы экспорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (8-ші қосымша).

Осылайша 1995 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асыра бастады, мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары міндетті делдал болу міндетінен босатылды. Тек қана стратегиялық маңызды ресурстарға ғана Үкіметтің рұқсаты немесе лицензиясы керек. Осындай тауарлар тізімі жылдан-жылға азайып баруда. Мысалы, 2-ші қосымшада тауардың 3 түрі (жабайы жануарлар, қару-жарақ және әскери техника, ядролық материалдар), 3-ші қосымшада 2 түрі (қару-жарақ және әскери техника, ядролық материалдар). Басқа қосымшаларда тізім көбірек, бірақ ол экспорт пен импорт шынымен лицензияны қажет ететін материалдардан тұрады (дәрі-дәрмек, фосфор, қару, улы заттар). Тізімде көрсетілмеген басқа тауарлар лицензиясыз еркін жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет