Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет1/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
annotation9411




Ләззат Нысанбекова


Халықаралық жеке құқық


Оқу құралы


АЛМАТЫ 2013
Рецензенттер:


Алибеков С.Т.- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және халықаралық әлемдік тілдер университеті халықаралық құқық кафедрасының профессорі, з.ғ.д
Айдарбаев С.Ж-. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессорі, з.ғ.д
Байжомартова Қ.А.- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және халықаралық әлемдік тілдер университеті халықаралық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к
Осы жинақта Халықаралық жеке құқытың жалпы және ерекше бөлімінің негізгі мәселелері қарастырылған. Халықаралық жеке құқық –ол құқықтық пәндердің ішінде ерекше құқық саласы,өйткені халықаралық жеке құқық бірнеше мемлекеттердің құқықтарымен байланысты. Оқу- құралының негізгі мақсаты – студентерге курстың манызды сұрақтарын меңеруге көмектесу және өзіндік түрде өз білімін тексеру.
Пәннің мазмұны әрбір тақырыптарға бөлінген және пәннің ерекшелігіне қарай автор әмбебапты қарастыруға тырысты, сол үшін пысықтау сауалдар еңгізді. Бұл құралда тек қана азаматтық қатынастарды реттейтін мәселелерден басқа жанұялық, іс жүргізу қатынастарды қарастырады.
Бұл оқу құралын семинар сабақтарында, бақлау жұмыс жұргізгенде текқана аспиранттар, студенттер емес, сондай-ақ оқытушыларда өз білімін осы салада тексеру үшін қолдануға болады.


1-т а р а у.


ХалыҚаралыҚ жеке ҚҰҚыҚТЫҢ тҮсiнiгi жӘне ОНЫҢ ҚҰҚыҚ жҮйесiндегi алатын орны
§ 1. Халықаралық жеке құқық түсiнiгi және атауы

Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгiнгi күнгi әр-түрлі факторлар тиiмдi әсер етуде.


Бiрiншiден, шаруашылық өмiрдiң интерұлтандырудың объективтi процесi осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейiн талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретiнде еуропалық континенттiк дамуды атауға болады. Шаруашылық өмiрдiң интерұлтандырудың ең жарқын көрiнiсi ретiнде жан-жақты экономикалық және экономикалық - техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де ХIХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектелiп отырған болса, ендiгi ХХ-ХХI ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, сонымен қатар өндiрiстiк қауымдастық, оның құрамына бiрлескен кәсіпорындар мен өндiрiстер, бiрлескен зерттеулер мен iзденiстердi жүргiзулердi қамтиды.
Екiншiден, бұл жағдай – соғыстар мен түрлi сипаттағы қақтығыстар , саяси және ұлттық себептер, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен бiлiм алуға байланысты халықтың көшiп-қонуының (миграциясының) тез арада өсiп кеуі сияқты себептерден болды.
Үшiншiден, ғылыми-техникалық прогресс бiр жағынан, екінші жағынан коммуникациядағы, көлiк жетiстiктерi арқасында көптеген елдер өзара жақындасты. Осының арқасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды: телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктiк құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетiстiктер дүние жүзiнде әр түрлi хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкiндiк бердi; космосты игерудегi жетiстiктер де бар. Ал екiншi жағынан ғылыми-техникалық прогрестiң кертартпа тұстары тағы бар, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, өз кезегінде қоршаған ортаның ластануы мен улануы бiр ғана мемлекеттiң шекарасымен шектелiп қана қоймайды.
Халықаралық жеке құқық үшiн басты маңызды болып табылатын халықаралық қатынастарды гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердiң халықаралық қатынас реттеуiнде қатысушылардың басты назары - адам, оның жағдайы, құқықтары мен бостандықтары болуы тиiс.
Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелердi шешу кезiнде құқық және оның әдiстерi мен құрылымдарының орны ерекше болып келедi.
Халықаралық жеке құқықтың өзіндік ерекшелiгi осы мемлекеттердiң құқық жүйелерiнiң арасындағы айырмашылықты ескере отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегiмен қолданбалы құқықты анықтауға болады. Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәнi ретінде халықаралық өмiр-де пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлi қатынастар танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет