Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы


Телефон Телефон аппараты



бет40/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Нұржанова-1

Телефон
Телефон аппараты (орыс. Телефонный аппарат) — Телефон аппараты келіп түскен шақыруды қабылдауға және басқа телефон аппаратына қосуға немесе ажыратуға арналған номмутациялық—шақыру, сондай-ақ дыбысты қабылдап, жеткізуді қамтамасыз ететін сөйлеу деп аталатын негізгі екі бөлінген тұрады. Телефон аппаратында шақыру сигналын қабылдайтын электр қоңырауы болады. Одан басқа сигналдық шақыру құрылғысы ретінде қоңырау соғылған кезде жанатын күнделікті электр шамы да пайдаланылуы мүмкін. Жарық сигналы нашар еститін адамдар үшін әрі үйдегі адамдарға дыбыс сигналы тиімсіз болған жағдайда қажет. Сигналдық шамды абоненттік, өтін іші мен телефон торабының технигі орнатады.
Абонентті линияға шақыру үшін телефон аппаратынан оның нөмірінің кодталған шақыру сигналы электр импульетері түрінде беріледі. Шақыру дискілі немесе кнопкалы нөмір тергіш арқылы жүзеге асады. Абоненттік телефон нөмірін теруге барынша ыңғайлы әрі жетілдірілген кнопкалы нөмір тергіш (тастатура) пайдаланылады. Тастатура, әдетте, әрқайсысы бір ондық санмен (О-ден 9-ға дейін) және қосымша әріппен таңбалан-ған негізгі 10 кнопкадан тұрады. Ша қырыл а-тын абоненттің телефон нөмірін автоматтық телефон станциясының линнясына беру үшін бірнеше кнопканы (нөмірдегі цифрлар санына сәйкес) біртіндеп басып, қажетті импульстер сериясын жіберу керек. Таста-туралы телефон аппараттарында нөмір теру жылдамдыгы дискілі нөмір тергішпен салыстырғанда 4—6 есе шапшаң. Соңғы терілген темірді есте сақтайтын электрондық сақтау қабілеті бар тастатуралы телефон аппараты мысалы, «Электроника элетап-микро» (М 3 модель) шығарылады: қайталанған шақыру кезінде, нөмірді термей-ақ шақыру кнопкасын басса, қажетті сигналдар лннияға автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ 32 нөм ірге дейін (цифр саны 8-ге жететін) электрондық «еске сақтау қабілетті» бар аппараттар {мысалы, «Электроника элетап-микро» (ЛЬ 4 модель) да болады. Бұларда қажет нөмірді шақыру үшін 2 кнопканы басу жеткілікті.[1]
Пайдалану кезінде ыңғайлы болу үшін бір конструкциялық торапқа — микротелефон трубкасына миластырыл ған микрофон мен телефон аппараттық сөйлесу бөлігінің неғұрлым маңызды элементі болып табылады. Микрофон дыбыс сигналын электрлік сигналға айналдырыл, күшейтеді, ал телефон басқа аппараттан келген электрлік сигналдық дыбыс сигналына айналдырады. Адамның дауыс ырғағына сай дыбысың — тембрін сақтай отырып, сөзінің айқын естілуін жеткізуді 300 Гц-тен 3400 Гц-ке дейінгі жиілік диапа-зонында дыбыс сигналын қабылдай алатын телефон аппаратының микрофоны мен телефоны қамтамасыз етеді. Микрофон мен телефон микротелефон трубкасының арнайы қуысына орналасып, алмалы-салмалы қақпақшамен жабылатын, тұтас дөңгелек капсула түрінде болады. Столға қоятын (мысалы, «ТАН-70-Ь, «ТАН-У-74», «Электроника элетап-микро») және қабырғаға орналастырылатын («ТАСт-70») телефон аппараттары шығарылады. Телефон аппараты линияға жалғастырушы шнурдың және клеммалы арнаулы розетканың көмегімен қосылады. Қажет жағдайда, бір телефон атқаратын пәтердің әрбір бөлмесінде пайдалану үшін бірнеше штепсельді розетка орнатады. Абоненттің талап етуі бойынша, стандартты жалғастырушы шнурды ұзартып (8—10 м-ге дейін), телефон аппаратын пәтер ішінде тасымалдауға болады. Телефон желісін пайдалану тәртібі бойынша бір линияға 2 телефон аппаратынан артық қосуға болмайды. Параллель қосылған телефон арқылы сөйле екен кезде оны басқа адамның естімеуі үшін аппараттарды «директор — секретарь» делінетін схема бойынша қосады. Яғни, аппараттық біреуі негізгі («директор»), екіншісі — қосалқы («секретарь») деп саналады. Қосудың мұндай схемасы кез келген аппараттан нөмір теруге мүмкіндік береді, ал негізгі аппараттық микротелефон трубкасын көтергенде, қосалқы аппарат ажыратылады. Шақыру кезінде тек қосалқы аппараттық немесе қос аппараттық қоңырауы жұмыс істейтіндей етіп қосады. 80 жылдардың басынан сыртқы пішіні 20—30 жылдардың аппаратта-рына ұқсас столға қоятын телефон аппарат-тары (мысалы, «Ретро», «Стелла») шығарыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет