Алматы қалалық
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
2015 жылдың 1жарты жылдығында атқарылған жұмысының қорытындысы бойынша ақпарат.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.
18 жасқа дейінгі балалары бар, жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (2081 теңге). Азық-түлік себетінің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (2 тоқсандағы мөлшер-13 043 теңге). 2015 жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 8,6 млн. теңге сомасында 469 отбасына (1 266 балаға) төленді.
Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (2 тоқсандағы мөлшері – 8696 теңге).
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 6,3 млн. теңгеге 81 отбасына (316 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 3 311,82 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.
Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 42,5 млн.теңге сомасында 2641 адамға төленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы», 2013 жылғы 28 қарашадағы №183 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімдеріне сәйкес әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетіледі:
-
алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде (11892) жарты жылда бір рет әлеуметтік көмек. Аталған әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға тағайындалады:
-
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
-
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
-
бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар 1 топтағы мүгедектерге;
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік көмек 117,9 млн. теңге сомасында 9 911 адамға төленді.
-
өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін әлеуметтік көмек. Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік көмек 1,3млн. теңге сомасында 8 адамға көрсетілді;
-
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық әлеуметтік көмек. Жыл басынан әлеуметтік көмек 11,9 млн. теңге сомасында 857 адамға көрсетілді;
-
ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға, соның ішіндетөменде аталғандарғакөрсетіледі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға);
бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.
Жыл басынан бері әлеуметтік көмек 3,5 млн. теңге сомаға 398 адамға көрсетілді.
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік көмек 30,2 млн. теңге сомасында 703 адамға көрсетілді.
Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19желтоқсандағы V сайланған кезектен тыс XXIII сессиясысының «Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы»шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 12883 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. 2015 жылдың басынан бастап жәрдемақы 11,5 млн. теңге сомасында 458 адамға төленді.
Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін санаториялық-курорттық ем беріледі. Жыл басынан бастап 2 176 еңбек пен соғыс ардагерлері «Ақ-қайың», «Ақбұлақ», «Қазақстан» санаторияларында, «Қарғалы», «Самал», «Спутник» пансионаттарында 195,6 млн. сомаға денсаулықтарын жақсартты.
ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қалалық қоғамдық көліктердетегін жол жүрумен қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 222 ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне 1 076,8 мыңтеңге сомасына жол жүру билеттері берілді.
Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және Ленинградты қорғағаны үшін медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» шешіміне сәйкес жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе және/немесе теміржол көлігімен бару және қайта оралу үшін толық құны өтеледі. Ағымдағы жылы осы мақсатқа 500 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін Ленинградтың 1 қорғаушысына кеткен шығын 84,1мың теңгені құрады.
1941-1945 жылдардағыҰлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығын тойлауға байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оған теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне, Ауғанстанда қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне және ата-аналарына жергілікті бюджет қаражатынан біржолдық материалдық көмек көрсетіледі:
-
826 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне150 000 теңге мөлшерінде, жалпы 123,9 млн. теңге сомаға;
-
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 4 078 тұлғаға 30 000 теңгеден, жалпы 122,3 млн. теңге сомаға;
-
Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың (қаза болғандар мен жоғалғандардың) жесірлеріне – 16 адамға 30 000 теңгеден, жалпы 480 мың теңге сомаға;
-
Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің зайыбына (жұбайы) -41 адамға 30 000 теңге көлемінде, жалпы 1,2 млн теңге сомаға.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар Жоспары бойынша Жеңіске қосқан үлестері үшін республикалық бюджеттен:
-
820 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 теңге мөлшерінде, жалпы 82 000 мың. теңге сомаға;
-
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 144 тұлғаға 30 000 теңгеден, жалпы 4 320 мың. теңге сомаға; 33 адамға 70 000 теңгеден – 2 310 мың теңгеге көмек көрсетілді;
-
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан мүгедектердіңзайыбына (жұбайы) – 1 372 адамға 25 000 теңгеден, барлығы 34 300 мың теңгеге көмек көрсетілді;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыбына (жұбайы) – 16 адамға 30 000 теңгеден, барлығы 480 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді;
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған – 22 094 адамға 25 000 мың теңгеден, барлығы 552 350 мың теңге сомаға көмек көрсетілді.
Қалада «Самрұқ-Қазына» қорымен бірге іске асыратын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің «Жеңіс» жобасына сәйкес туыс жағынан тұрақты бағып-күтуі болмаған жалғыз тұратын соғыс ардагерлері мен мүгедектерін, еңбек тылының қатысушыларын медициналық дабылдамасымен (дабыл тетік) қамтамасыз ету пилоттық жобасы жүргізілуде. Осыған байланысты, қалалық және аудандық Ардагерлер кеңесі басшыларының, ішке істер, төтенше жағдай, қорғаныс істері, денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілді, онда медициналық дабылдама берілді.
1 шілде жағдайы бойынша 851 адам медициналық дабылдамамен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 46 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 13 адам «Алтын алқа» алқасымен, алты бала туып өсірген 33 адам «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.
Есептік кезеңде Әлеуметтік тұрғын үйінде 42 адам, Ардагерлер үйінде – 324 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -627 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -149 адам, күндізгі уақытта болу орталығында 48 адам тұрады.
Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 29 бөлімшелерінде жеке басты 2 405 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.
Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы 280 койко-орынға арналған. Жыл басынан бері Орталықтың қызметін 486 адам пайдаланды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында, және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттары» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында 6 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 16 бөлімшеде, екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) және күндізгі уақытта болу орталығында көрсетіледі. Сонымен, жартылай стационар жағдайында 100 адамға, үй жағдайында 1130 адамға, оның ішінде аудан бөлімшелерінде 655 адамға, оңалту орталықтарында 475 адамға (оның ішінде 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 160 тұлғаға) қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік емес сектор арқылы АӘҚжартылай стационар жағдайында психоневрологиялық патологиясы бар және тіреу-қимыл жүйесі бұзылған 189 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға көрсетіледі.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жыл басынан бастап 223 мүгедек 35,0 млн. теңгеге кресло-арбалармен (жүрдекшелер, аккумуляторлар) қамтылды,1571 мүгедек 232,6 млн. теңгеге жеке көмекші қызметін пайдаланды, 379 мүгедек 15,0 млн. теңгеге сурдотехникалық құралдармен қамтылды, 109 мүгедек 1,2 млн. теңгеге слухопротездік көмек алды, 402 мүгедек 10,7 млн. теңгеге тифлотехникалық құралдармен қамтылды, 113 мүгедек 10,0 млн. теңгеге ымдау тілі маманының қызметін алды, 124 мүгедек 1,3 млн. теңгеге арнайы гигиеналық құралдармен қамтылды, 997 мүгедек санаториялық-курорттық емге жолдама алды, 400 бірінші топтағы мүгедектер және жүрдекше-арбашамен жүріп тұратын мүгедек балалар 35,9 млн. теңгеге «инватакси» көлік қызметін пайдаланды, «Инватакси қызметі даму» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 8,9 млн. теңгеге 180 мүгедекке көлік қызметтері көрсетілді.
Қалған қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шаралары өткізілуде.
2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмірінің сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша 2015 жылға 648 нысандарды төлқұжаттау жоспарланған, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне198 нысан төлқұжаттандырылды.
Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанында еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың саны 880,9 мың адамды, жұмыссыздардың саны 47,2 мың адамды, жұмыссыздықтың деңгейі 5,4 пайызды, жастардың жұмыссыздық деңгейі 7,8пайызды, ағымдағы жылдың маусым айының соңында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрайды.
Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіргендердің саны – 7 014 адам. Есептік кезеңнің соңында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1 992 адам.
Қаланың Даму бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында жұмыспен қамту іс-шараларымен 6 536 адам қамтамасыз етілді. Оның ішінде 4 594 адам жұмысқа орналастырылған, атап айтқанда 779 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 270 адам жастар тәжірибесіне орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 1 279 адам қатысқан, кәсіби даярлау курстарына 663 адам жолданған.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Бірінші бағытты жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы әлеуметтік мәдени инфрақұрылымның 5 нысанына күрделі жұмыстар жүргізілуде. 4 әлеуметтік нысанның әкімгері Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 1 нысанның әкімгері Алматы қаласының Құрылыс басқармасы болып табылады. Қазіргі таңда Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы екі нысан бойынша3 жеткізушілермен келісім шартқа қол қойды, Құрылыс басқармасы 2015 жылғы 01 шілде жағдайына 31,7 млн. теңгені игерді.
Бағдарламаның үшінші бағытының аясында ауыспалы контингентті ескере отырғанда жастар іс-тәжірибесіне 478 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 582 адамқатысты. Жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін 163 адам, әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 133 адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіби даярлау курстарындағы оқуын 22 адам жалғастыруда. Ағымдағы жылы қайта даярлау курстарына 209 адам, біліктілігін арттыруға 28 адам жіберілді. Бұдан басқа, әлеуметтік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс орындарына 2 597 адам орналастырылды.
Мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстары жалғастырылуда. Жыл басынан бері аудандық бөлімдерде жұмыссыз ретінде 388 мүгедек есепте тұрды, оның ішінен 330 адам ағымдағы жылы өтініш берді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 345 адам қамтылды, оның ішінде:
- 51 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды;
- 228 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;
- 35 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты;
- 4 адам жастар іс-тәжірибесіне жолданды;
- 27 адам кәсіби даярлауға жіберілді.
Бұдан басқа, 37 мүгедек мемлекеттік қолдау шараларына жүгінбей жұмысқа тұрды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 6 871 адам,оның ішіндегі жұмыссыздар саны 751 адам. Жұмыспен қамтылғандардың саны 138 адамды, оның ішінде жұмыссыздар саны 61 адамды құрады.
Қызметкерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 91,3 мың адам жұмыс істейтін 332 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 1 054 адам, мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 205 адам, олардың ішінен жұмыстың жартылай тоқтауына байланысты – 34 адам, өндіріс көлемінің қысқартылуына байланысты – 20 адам, қысқартылуға 1 085 адам жатады.
Экономиканың әр түрлі саласындағы жұмыс күшіне сұранысының мониторингі және болжау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, биылғы жылы еңбек ресурстарының қажеттілігі 5,3 мың адамды құрады, оның ішінде өндіріс саласында – 3,2%, құрылыста 5,4%, ақпарат, байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі саласында - 14%, қызмет көрсету саласында – 41 %, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, өнер, сауық және демалыста 5,4%, мемлекеттік басқару, қорғаныс саласында – 1,6 %және басқалары - 27%.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне10 831 жұмыс орындарықұрылды, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ сату саласына- 29,7%, құрылысқа 15,3%, өнеркәсіпке-7,6% келеді.
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылары бекіткен бас бостандығынан айырылған тұлғаларға жұмыспен қамту көмегін, әлеуметтік және басқа көмектерді көрсету туралы 2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес басқарманың өкілдері кәмелет жасқа толмаған ЛА-155/6 мекемесінің тәрбиеленушілеріне бос жұмыс орындарын іріктеу және жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс кеңесінеқатысты.
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/121 «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы қабылданды.
Ағымдағы жылдың басынан бері9 бос жұмысорындары жәрменкесі өткізілді, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларына, орта және жоғары оқу орындарының түлектері мен барлық жұмыс тапқысы келетін тұлғаларға арналған «Бүгінгі жаңа мүмкіндіктер» атты 2 жалпы қалалық босы жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді;
-
жұмыссыз тұлғаларға арналған Алатау және Әуезов аудандарының 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі;
-
жұмыс іздеуші мүгедектерге арнлаған 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі;
-
индустриалды колледждің түлектеріне арналған 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
-
жұмыссыз тұрғындарға және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазМТУ түлектеріне арналған Бостандық пен Наурызбай аудандарының 1 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.
Жәрменкеге 414 жұмыс берушілер қатысып, 2,7 мыңнан астам бос жұмыс орындар ұсынды. 4,0 мыңнан астам жұмыс іздеген азаматтар, мүгедектер, жұмыссыздар, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаның қатысушылары қатысты. Жәрменкенің қорытындысы бойынша ізденушілер жұмыс берушілерге және жұмыспен қамту аудандық бөлімдеріне 2,2 мыңға жуық түйіндеме мен сауалнама тапсырды, 94 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 мүгедек.
Алматы қаласының әкімі 2015 жылғы 12 наурызда 2015 жылға арналған Алматы қаласында халықты жұмыспен қамтуға жәрдем берудің Кешенді жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Алматы қаласы әкімінің арасында 2015 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мақсатты көрсеткіштерге жету туралы Меморандумға қол қойылды.
Мемлекет Басшысының жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының халық тығыз орналасқан аудандарында ақпараттық стендтар орналастырылған, онда мәлімет жұма сайын жаңартылады.
Алматы қаласының әкімдігінде Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеубойынша Қалалық үш жақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның отырысы бойынша өндіріс-еңбек қатынастарында тұрақтылық сұрақтарын, еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс орындарының қысқартылуының болдырмайтындығын қарастыратын, Алматы қалалық әкімдігінің, Алматы Кәсіп Одағының және Кәсіпкерлер Палатасының арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Аумақтық келісім қабылданды.
Жыл басынан әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссияның 2 отырысы және оның жұмыс тобының 1 отырысы өтті. Отырыстарда қала өнеркәсіптерінің «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық жарыстарға қатысу туралы, Алматы қаласының аудан әкімдерінің, кәсіпорын басшыларының және Алматы Кәсіп Одағының арасында жұмыскерлердің босатылуын және еңбек ақының қысқартылуын болдыртпайтын меморандумдарға қол қою туралы мәселелер қарастырылды. Қазіргі таңда Алматы қаласы кәсіпорындарымен 9 303меморандумға қол қойылды.
ТМД елдерінен түскен жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 11 сұраныс қаралды.
Өткен кезең үшін жұмыспен қамту сұрақтары бойынша азаматтардың 104 арызы қаралды.
Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша халықты ақпараттандыру және кеңес беру мақсатында және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық кеңесінің хаттамасына сәйкес мобильдік топ құрылған.
Мобильдік топтың құрамына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті Департаментінің, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы қаласындағы филиалының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының, Жұмыспен қамту орталығының өкілдері кірді.
Мобильді топтың шығу кестесіне сәйкесАлатау, Алмалы және Әуезов аудандарының халқымен кездесу өткізілді. Кездесуден кейін Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасына 74 адам қатысуға ниет білдіріп, оның 47-сі бағдарламаның қатысушысы болды.
Қалада жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар туралы халыққа хабарлау мақсатында БАҚ-та 76 мақалалар жарияланған, телеарналарда 50 сұхбаттар ұйымдастырылып,49 «дөңгелек» стол және жиналыстардың жұмыстарына қатыстық.
Достарыңызбен бөлісу: |