Алматы қаласындағы энергия көздерін анықтау және білу



Дата11.11.2022
өлшемі19.57 Kb.
#464619
сценарий энергия


  • Қарақат; Қайырлы күн , құрметті ұстаздар және де мектебіміздің парламент ммүшелері! Сіздері жаңа оқу тоқсанының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Біз 7 Д сынып оқушылары , Энергия күніне қарсы өтетін интелектуалдық ойынға өзіміздің біліміміздің деңгейін анықтау үшін және де білмейтін жағымыз болса білімімізді толықтау үшін келіп отырмыз. Ал ендеше біздің жобамызды сіздерге ұсынсақ , біздің жобамыздың тақырыбы Алматы қаласында қандай энергия көзін қолданған тиімді. Біздің жобамыздың мақсаты Энергия ұғымымен толықтай танысу.

  • Алматы қаласындағы энергия көздерін анықтау және білу.

  • Алматы қаласында қолдануға тиімді энергия көзін анықтау.

  • Қолдануға тиімді энергияны қалай қолдануға болады , өз ұсыныстарымызбен бөлісу.

  • Жобаның өзектілігіне тоқталсақ, Ғалымдардың зерттеулері бойынша , жылдан жылға қарай температура өсуде, яғни “Жаппай Жылыну” орын алуда. Жаппай Жылынудың әсерінен айсбергтер еруі сияқты түрлі табиғи катаклизмдер орын алуда. Ал , Жаппай Жылынуды тоқтатудың тек бір ғана шешімі бар , ол табиғатты қорғау , яғни ауаға бөлінетін улы газдар санын азайту және де баламалы энергия көзін қолдану. Яғни , қазіргі заманда баламалы энергияны қолданысқа енгізу қарастырылып жатыр. Қорытындыласам , Алматы қаласында қолдануға тиімді энергия көзін білу , қазіргі замандағы өзекті жобалардың бірі.

Үміт: Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады.

  • Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.

Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда



Айгүл; Гидроэлектроэнергия. Су электр станциялары (СЭС) арқылы өндірілетін бұл энергияны барлығымыз жақсы білеміз. Тау өзендері мен сарқырама, жасанды каналдардың жағасына үлкен СЭС немесе гидроэлектрикалық тоған салынады. Ағысы қатты су айналып тұрған турбина арқылы өтеді де электр энергиясын өндіретін арнайы қондырғылар одан қуат алып, оны электр энергиясына айналдырады. Қазіргі таңда Қазақстанда қуаты жоғары Өскемен СЭС-і (қуаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-тері (қуаты 434 мың кВт) орналасқан

  • Бек: Ядролық энергия немесе атом энергиясы. Уран және өзге де радиоактивті элементтерден өндірілетін энергия түрі.Радиоактивті бөлшекті суға қайнатқан кезде, буға айналады. Кейін оның атомдарын жарып, энергияға айналдыруға болады. Бұл үрдіс атом электр станцияларында жүзеге асады. Дегенмен атом энергиясы өндіріске тікелей байланысты, яғни, атомды жару үшін энергия керек. Оны мұнай мен көмірден алуға тура келеді. Оның үстіне, АЭС апатқа ұшыраса үлкен радиоактивті шығын келетіні сөзсіз. Сондықтан аталмыш энергия әдісі адамзаттың болашағын жасай алмайды.

  • ЗАҢҒАР; Күн энергиясы. Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Кремний төсемелерінен жасалған фотоэлектрикалық ұяшық өзіне түскен сәулені электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күннен келетін сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдыруға болады, мұны күн жылу энергиясы деп атаймыз.

  • Жел энергиясы. Ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрі. Желдің қатты жылдамдығы алып жел турбиналарын қозғалысқа түсіреді де, кейін одан электр энергиясы өндіріледі. Нидерланды мен Дания елдері ежелден диірмен қолданады, қазір алып диірмен құрылыстарын салып, жел энергиясын өндіріп отыр.

  • Биомасса. Өсімдіктен май өндірілетінін білеміз. Ал майдан жанармай алуға болады. Сол тәрізді этанол мен глюкозадан, саңырауқұлақ, бактерия мен балдырдан жанармай жасалады. Бұл – бензинді алмастыра алатын сұйықтық.

Ерасыл: Геотермальды энергия. Жер қыртысындағы белсенді геологиялық құбылыстар (гейзер, ыстық бу, жанартау лавасы) да электр энергиясын өндіруге пайдалануға болады. Жанартау маңындағы жерасты суы өте ыстық келеді, қайнау температурасынан да артық. Мұндай белсенді геологиялық аймақтарға ұзын құбырлар немесе мұржалар орналастырылады. Ыстық бу осы мұржалар арқылы өтеді де мұржа ішінде орналастырылған турбиналар негізінде электр энергиясы өндіріледі.
Үміт : Алматы қаласында қолдануға тиімді энергия көзі Күн энергиясы болып табылады. Себебі Алматы қаласында Күн ыстық.

  • Оффистарға , мемлекеттік ғимараттарға және де сауда орталықтарына фотоэлектрлі энергия технологиясын орнату және олармен қолдану.

  • Парктердегі және көшелерегі шамдарды да , Күн энергиясымен жұмыс жасату.

  • Қорытындыласақ, баламалы энергия көзін қолдану оңай әрі экологияғада кері әсерін тиігізбейді. Сол себепті , баламалы энергия көзін қолдана білу біздің болашық парызымыз болып табылады.

  • Алматы қаласында қолдануға тиімді энергия көзі Күн энергиясы болып табылады. Сол себепті , біз жарықты Күн энергиясынның арқасында алып үйренуіміз керек.

ҚАРАҚАТ: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ , ШАМШЫРАҚ ТОБЫ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет