Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы К. Сейтқожаевқа «Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»



Дата22.09.2022
өлшемі302.26 Kb.
#461164
«Отбасы – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбындағы апталықтың өткізілуі туралы АҚПАРАТ


Алматы облысы білім
басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша
білім бөлімі мемлекеттік
мекемесінің басшысы
К. Сейтқожаевқа


«Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
бойынша 2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында «Отбасы – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбындағы апталықтың өткізілуі туралы


Ақпарат

Доланалы негізгі мектебінде 2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында «Отбасы – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында апталық өткізілді.


Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, МАД тобының тәрбиешісі Л. Касенова 1-сыныптың жетекшісі К. Еспембетова «Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет салу жарысын ұйымдастырды. 1-сынып оқушылары көбінесе өздерінің отбасының мүшелерін бейнелеп, шынайы сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білді. Әр оқушы салған суретін ауызша түсіндіріп, отбасы мүшелерімен таныстырды. Сонымен қатар, бір ағаштан тараған бұтақтар іспеттес отбасы мүшелерін бейнелеген оқушылар да болды.Сабақтың соңында қорытындысы шығарылып, ең үздік сурет салған жүлдегерлер марапатталды.



5-сыныптың жетекшісі А. Кенжебекова оқушыларға әр түрлі жетелеуші сұрақтар қою арқылы отбасы туралы пікір алмасу жүргізді. Әр оқушы өзінің отбасы мүшелері және отбасында аталатын атаулы мерекелер туралы ой бөлісті.Оқушылар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, бір-бірімен жарысқа түсті. Оқушылар отбасы құндылығы туралы ой бөлісіп, адам өміріндегі алатын орны туралы бір-бірімен пікір алмасты.



«Жас зияткер» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Анадан асқан жан бар ма?», «Әке – отбасы тірегі» атты тақырыпта бейнероликтер әзірлеп, отбасы құндылығын насихаттады.


Жаңалық орта мектебінде 2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығындажоспарланған іс-шаралар толығымен өткізілді.
Сілтемелер:
https://www.instagram.com/reel/CitnPgfIQwf/?igshid=ZjE0ZGRhNjQ=,
https://www.instagram.com/p/CittyNqjPSO/?igshid=ZjE0ZGRhNjQ=,
https://www.instagram.com/reel/CituOO6D3p9/?igshid=ZjE0ZGRhNjQ=.


Мектеп, мектепке дейінгі
шағын орталық директоры Б. Рахимбеков

Дайындаған:


ДТІЖО А. Бабекенова
Тел: 87787428357

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет