«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»



Дата03.07.2016
өлшемі73 Kb.
#174431


Шахтинск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «28» ___02____

№ 7/8 қаулысымен бекітілген

«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

ШАХТИНСК – 2013
1. Жалпы ережелер

1. «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға өкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, қала әкімінің және әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімді құрушы қала әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады. Бөлімді құрушының құжаттары оның құрылуы және осы Ереже туралы Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысы болып табылады. Уәкілеттік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар құрушының шешімімен енгізіледі

4. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкіде есеп шоты бар.

5. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасай алады.

6. Бөлім заңды түрде уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан тарап ретінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқылы.

7. Бөлім құзыреті шегінде заңдылықтарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемеде міндетті күші бар бұйрық шығара алады.

8. Бөлім құрылымы мен қызметкерлерінің штаттық санын қала әкімдігі бекітеді.

9. Бөлімнің заңды мекен-жайы:

101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы 50а.

10. Бөлімнің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Шахтинска».

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаттары болып табылады.

12. Бөлімнің қызметі қалалық бюджеттен қаржыландырады. Бөлімнің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

13. Бөлімге мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік нысандармен келісім шартқа отыруға тыйым салынады.

14. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін іс-әрекет жасауға құқық берілсе, осы іс-әрекет жасаудан түскен пайда мемлекеттік бюджетке бағытталады.



2. Бөлімнің әрекет ету түрі мен мақсаты

15. Бөлімнің әрекет ету түрі: Шахтинск қаласының аймағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президенттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, жоғарыда тұрған органдардың қаулы және өкімдерін, шешімдерін іске асыру, қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру болып табылады.

16. Бөлімнің негізгі жұмысы - қаланың және оның жанындағы кенттерде ішкі саясат облысында басқару функцияларын іске асыру болып табылады.

17. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді басымдықтарға сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

2) Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

3) Қала және оның жанындағы кенттерде бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіппен мемлекеттік ақпараттық саясатты аймақтық деңгейде жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылуын қалыптастыру, орналастыру және бақылау;

5) Уәкілетті органға қаланың және оның жанындағы кенттерде бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауы бойынша мәліметтерді беру;

17. Бөлімнің негізгі әрекет ету түрі:

1) ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіру, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметінің мониторингін жүргізу, талдау және болжауды ұйымдастыру, ұсынымдар әзірлеу және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімінің және Шахтинск қаласы әкімдігінің тапсырмаларын және ішкі саясат саласындағы басқа да нормативті құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

3) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және басқа да актілерді дайындау және сараптау арқылы тұғырнамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

4) аймақтың әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси саладағы жетістіктері туралы ақпараттарды, аймақ жайлы статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау негізінде республикалық, облыстық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарды ұйымдастыру арқылы билік органдарының қызметін тарату, насихаттау, билік органдарының қызметін зерделеу бойынша политологиялық және социологиялық зерттеу жүргізу; ақпараттық – насихат топтарының жұмысын үйлестіру;

5) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Шахтинск қаласы әкімдігіне тиісті бөлімшелерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету, Қарағанды облысы басқармасының, Шахтинск қаласы әкімдігінің және әкімнің тапсырмаларын орындау арқылы, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат, есеп беру, консультациялар мен түсініктер алу;

6) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық және кенттердің уәкілетті органдардың қызметін бақылауды мен үйлестіруді қамтамасыз ету;

7) азаматтық қоғам институттарының өкілдерінің қатысуымен өтетін республикалық, облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шараларды өткізуді саяси қамтамасыз ету;

8) қала мен кенттер әкімдерінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі қызметін және ақпараттық-насихат жұмысы барысын үйлестіруді және бақылауды, лекторларға әдістемелік ұсынымдар беру, оқыту семинарларын, «дөңгелек үстелдер» және т.б. өткізу арқылы үнемі мониторинг, социологиялық зерттеулер жүргізу;

9) аймақтың ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша әкімдік отырыстарына материалдар дайындауға қатысу;

10) Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға консультативті - әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

11) республикалық, облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жүргізген мониторинг нәтижесінде анықталған әлеуметтік - экономикалық проблемаларға жедел әрекет ету үшін қала әкімінің және басшылық етуші қала әкімі орынбасарының тапсырмаларын дайындау;

12) әдістемелік құралдар шығарып тарату, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру арқылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бас еркіндіктерін сақтау және қамтамасыз ету үшін этникааралық, ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

13) бірлескен шаралар: «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар өткізу арқылы, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы, діни бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен, жастар ісі және аймақтың азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі өзара әрекеттесу Кеңестерінің жұмысы шегінде өзара әрекеттесіп, саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасауды жүзеге асыру;

14) аймақтағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық, облыстық және аймақтық ғылыми – практикалық шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

15) 5-жылдық мерзімге Бөлімнің стратегиялық жоспарын әзірлеу, іске асыру және бақылау мониторингін жасау;

16) Бөлім қызметкерлерінің жұмысын бағалау және Бөлімнің жедел жұмысын жыл сайын бағалау;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18. Бөлімнің әрекет ету мақсаты:

1) іс жүзіндегі биліктің әлеуметтік базасын кеңейтуді жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарына қоғамдық және саяси қолдауды жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау арқылы, «дөңгелек столдар», семинарлар, тақырыптық басылымдарды ұйымдастыру арқылы, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайлар туралы анықтамалық материалдар дайындау арқылы қамтамасыз етуді ақпараттық насихаттау жұмысы үшін әдістемелік материалдарды жасауды ұйымдастыру;

2) аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалды болжау, талдау және мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстарды және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын-алу бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу;

3) бұқарамен байланысты ұйымдастыру, саяси партиялармен және қозғалыстармен, қоғамдық, ұлттық-мәдени және діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен тікелей байланыс орнатып, бірлескен қоғамдық – саяси шаралар өткізу арқылы өзара әрекеттесу, консультативтік – кеңесші органдар жұмысын ұйымдастыру;

4) кері байланыс механизмін және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа формасын қалыптастыру;

5) қоғамды топтастыруға, төзімділікке, патриотизмге, халықты, әсіресе жастарды және орта жастағыларды қазақстандық біркелкілікке тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастырып, өткізу;

6) облыстың және аймақтың баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыс беруді және жүзеге асыруды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету, пресс-конференциялар, акциялар өткізу;

7) жылдың басты қоғамдық - саяси оқиғалары негізінде, ағымды қоғамдық маңызы бар шараларды әзірлеу, жинақтау, талдау, қала және кенттер әкімдерінің, мемлекеттік құрылымдардың жедел, тоқсандық және жарты жылдық жоспарларын қадағалау арқылы мемлекеттік органдардың жұмысын саяси жоспарлауды ұйымдастыру.

19. Бөлім:

1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратып алуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшілерін бөлім құзырына жататын мәселелерді дайындауға қатыстыруға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне және әкімдікке ұсыныс енгізуге, бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыруға;

3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бөлім қызметі саласына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

4) ішкі саясат мәселелеріне, адам құқықтарын сақтауға жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және бөлімнің құзырына кіретін өзге де мәселелер бойынша көмек көрсетуге;

5) Бөлімнің ішкі саясат саласындағы жұмысын жақсарту мәселесі бойынша әкімге және жетекшілік етуші қала әкімі орынбасарына ұсыныс жасауға;

6) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттіліктеріне сәйкес сұратқан жедел ақпараттарды ұсынуға құқылы (қызметтік қолданыстағы аналитикалық сипаттағы ақпарат жетекшілік етуші қала әкімі орынбасарының келісімімен беріледі).

7) мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс ұйымдастырушы, бағдарламаның әкімшісі бола алады;

8) заңды тұлғалардың коммуналдық басқармасы органының жұмысын үйлестіруге;

9) мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды өндіреді, өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді бекітеді, әзірлейді;

10) коммуналды мекеменің жұмыс мақсатын анықтауға;

11) коммуналды заңды тұлғалардың мүлкін сақтау және пайдалануды бақылауды іске асырады;

12) жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған немесе коммуналдық заңды тұлғамен берілген, коммуналдық мүлікті басқару жөнінде өкілеттік органға мүлікті бөлуге немесе алуға келісім береді;

13) коммуналды заңды тұлғаның жылдық қаржылық есебін бекітуге;

14) коммуналды мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітуге;

15) коммуналды мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге;

16) коммуналды мүлік жөніндегі өкілетті органның келісімімен коммуналды заңды тұлғаны тарату және қайта құруды жүзеге асыруға;

17) мемлекеттік акциялар пакетінің бөлімнің қолдануына және қолдану құқығы берілген жағдайда жалғыз акционер (қатысушы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) директорлар кеңесі (бақылаушы кеңес) құрамына өзінің өкілін сайлап, мемлекеттің қатысуымен басқа да жауапкершілігі шектеулі серіктестік және акционерлік қоғамның жалпы жиналыстарында бақылау кеңесі және директорлар кеңесіне өзінің кандидатурасын ұсынуға;

19) мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесінің құрамына, директорлар кеңесінің құрамына коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі өкілетті органның өкілін енгізуде қажетті шаралар қолдануға және қамтамасыз етуге;

20) бөлім мемлекеттік мүлік реестрі жөніндегі мәліметтерде айқындалатын басқарманың атынан акционер ретінде қатысатын мемлекеттің құқығын іске асыруға оның санында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқармасындағы атаулы тізімін және мәлімет әзірлеуге;

21) «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңында, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы;



3. Бөлім мүлкі

20. Бөлімнің жедел басқару құқығы, коммуналдық меншікке жататын жеке мүлкі болады.

Бөлім мүлкі мемлекет берген мүлік есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаржыларынан, сондай-ақ құны бөлім балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

21. Бөлімнің өзіне бекітілген мүліктен бас тартуға немесе басқа да тәсілмен, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген, қаржы есебінен сатып алынған мүлікке, басқасы заңнамамен белгіленбесе билік жасауға құқығы жоқ.

22. Заңнамамен анықталған жағдайларда және шектеуде бөлімнің мүлікті иеленуіне құқығы бар. Бөлім жойылған кездерде оның өзіне бекітілген мүліктері құрылтайшыға беріледі.

4.Бөлім қызметін ұйымдастыру

23. Бөлім қызметіне Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарының, қала әкімінің аппараты басшысының ұсынымы бойынша қала әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басшылық жасайды.

24. Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және ішкі саясат саласындағы функцияларды жүзеге асыруға дербес жауапкершілік жүктеледі.

25. Бұл мақсатта Бөлім бастығы:

1) Бөлім қызметшілерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін марапаттайды;

4) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды.


  1. бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын және бөлім туралы

ережелерін бекітеді;

  1. мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бөлім мүддесін қорғайды;

  2. азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;

  3. бөлімнің стратегиялық және ағымдық жоспарларын бекітеді;

10) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

11) өз құзыреттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;

12) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі

26. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне

сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларымен қарамақайшылық болмауы қажет.

6. Бөлімді қайта құру және тарату

27. Бөлімді тарату кезінде құжаттардың сақталуын және осы құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізуді қамтамасыз ету.



28. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Шахтинск қаласының

ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

бастығы С. Нурмаганова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет