ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетіне (С. Сарсенбаеваға)
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы
Комитетінің веб-порталы үшін 2011 жылғы
1 тамызға мәлімет
Сайрам-Өгем МҰТП
Жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бір айлық атқарған
жұмыстары
Бөлім бір айда парк аумағында мекендейтін жабайы аң-құстар туралы газет журналдарға 2 рет мақала жариялады.
Филиалдардың аңшы-биолог мемлекеттік инспекторлары мен бірлесіп жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің мамандарымен бір ай көлемінде екі рет аң-құстарды қорғау мақсатында рейд ұйымдастырып қайтты.
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы: Ә.Қосанбаев, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Ш. Анарбаева, ғылыми қызметкер Қ. Құлшыманова және бас маман Ж. Мұстафаев, аңшы-биологтар Р. Жұбаев, Б. Қараев, мемлекеттік инспектор Р. Тұрсынбаев болып Сайрам - Өгем МҰТП-нің 18.07.2011 жылғы №50 бұйрығын басшылыққа алып, 19-21 шілде аралығында Төлеби филиалына ұлттық парк аумағында мекендейтін Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген Мензбир Суырына санақ жұмыстарын жүргізді. Айта кететін жай - мензбир суырының басының санын өскендігі байқалды. Сонымен қатар, Ұлы жұрт, Кішіжұрт, Қыз жайлау, Майлысай, Бәйбіше, Сусінген шатқалдарын айналып зерттеп өтті.
Ұлттық парктің аумағында жабайы аң-құстарға әуесқой аң аулау тәртіп бұзушылық орын алған жоқ.
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі:
Бөлім қызметкерлері дала іс-сапар жұмыстарына жыл басынан 9 рет шықты:
- «Табиғат жылнамасы» кітабының кестелерін мемлекеттік инспекторларға толтыру үлгілерін үйрету және 40-сағаттық оқу-семинар сабағын өткізу мақсатында бөлім қызметкерлері ақпан айында Түлкібас, Төлеби және Өгем филиалдарында техминимумға қатысты;
- Көктемгі аңдардың санағы, ҚР Қызыл кітабына енген Мензбир суырының санағы;
- арша, жаңғақ ормандарының жағдайын анықтау, мониторингтік байқаулар жүргізу;
- Алматы қаласынан Зоология институтының бөлім меңгерушісі П. Есенбекованың қатысуымен Төлеби филиалының Сайрамсукөл, Сайрамсу, Сарыайғыр шатқалдарына энтомологиялық түгендеу жұмыстары жүргізіліп, зерттеулердің нәтижесінде 300 дей материал жиналды.
Омыртқасыз жәндіктердің коллекциясы жыл сайын жасалып, толықтырылуда, жалпы мұражайдағы саны – 266 коллекция болды.
- Ботаника және фитоинтродукция институтының аға ғылыми қызметкері М.П. Даниловтің қатысуымен Өгем, Бақшелпек шатқалдарында флораға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сирек кездесетін өсімдіктердің гербарийлері дайындалды.
Жарияланған мақалалар
(қандай басылымдарда, авторлары)
№
|
Авторлар
|
Мақала атауы
|
Қайда, қашан баспадан шықты
|
1
|
Анарбаева Ш.
Алпамысова А
|
«Сурок Мензбира – эндемик Западного Тянь-Шаня»
|
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары» ғылыми журнал Мамыр № 3 басылым
|
2
|
Анарбаева Ш.
|
«Сайрам-Өгем мемлекет тік ұлттық табиғи паркінде көп кездесетін дәрілік өсімдіктер»
|
«Гүлстан» Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы Шілде 2011
|
3
|
Есенбекова П
Анарбаева Ш
Жарменова Р
|
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи бағының жартылай қаттықанаттылар фаунасына»
|
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті Зоология институты «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай зоологиялық зерттеулер» атты ғылыми конференция Шілде 2011
|
2011 жылға бөлім қызметкерлері облыстық, республикалық газет-журналдарға медиа жоспар бойынша 4 мақала жоспарлап, 4 мақала жарық көрді.
- Е. Төлемістің «Киелі Қазығұрт» Республикалық ақпараттық-танымдық газетінің №12 (72) маусым 2011ж санында «Өз орманыңды ұрпақтарға сақта» атты мақаласы жарық көрді.
Ғылыми – техникалық кеңес
Ғылыми техникалық кеңестің 2011 жылға арналған жоспары бойынша 6 отырысы жоспарланған. Қазіргі таңда 3 отырысы өтіп қаулысы шығарылды;
- 29.06.2011ж ғылыми-техникалық кеңестің №3 отырысында «Парктер шеруі-2011» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы, Құстар мен жануарларға жүргізілген көктемгі санақ жұмыстарының қорытындысы, Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысы туралы есебі қаралды.
Басқа мекемелермен жұмыс
2011 жылы Шымкент қаласындағы мына білім беретін оқу орындарымен студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарын парк аумағында өткізуге келісім-шарттар жасалды.
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент аграрлық колледжі»
- Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Лабораториялық құрал-жабдықтардың саны мен жағдайы
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің лабораториясы 2011 жылы 7 айда мына жабдықтармен толықтырылды. Олар:
-
GPS – навигатор – 1 дана.
-
Энтомологиялық инелер – 150 дана.
-
Жауын-шашынды өлшейтін ыдыстар (дождемер) – 7 дана.
Табиғи кешендерді қорғау бөлімі:
Есепті кезеңде Табиғи кешендерді қорғау бөлімінің мамандары ұлттық парктің режимін сақтау тәртібін қадағалау және сұғанақтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Түлкібас, Төлеби, Өгем филиалдарына және Ақдала, Задарья, Темір, Жамбыл табиғи (ботаникалық) қаумалдарға 6 рет бірлескен рейд жұмыстарын ұйымдастырып іс сапарда болды. 2011ж. 30 маусымында ОҚО арнайы мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылған рейд барысында ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағында тұзақ құрып сұғанақтықпен ҚР Қызыл Кітабына енген Мензбир суырын аулаған ОҚО, Төлеби ауданы, Алатау ауылының тұрғыны Ирзашев Алтынбек деген азаматты актілеп, ісін ОҚО арнайы мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасы арқылы Төлеби аудандық ішкі істер басқармасына Ирзашев Алтынбекті үстінен қылмыстық іс қозғау мақсатында өткерілді. Іс қаралу үстінде.
Жалпы 2011 жылғы 7 айда 5 заң бұзушылық анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылуда.
Экологиялық ағарту және туризм бөлімі:
Сәуір, Мамыр және Маусым айларында «Парктер шеруі-2011» табиғатты қорғау акциясы аясында 11 ісшара ұлттық парк аумағында, Шымкент қаласы және облысымыздың аудандарында өткізілді.
Бұл жөнінде толық есеп жасалынып Республикалық конкурсқа ұсынылды.
Сонымен қатар ІІ-тоқсанда ЭАТ бөлімінің қызметкерлері бір қатар іс-сапарларға шығып келесі жұмыстарды атқарды:
- ЭАТ бөлімінің бастығы Т. Кенбай 18 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан туристік Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Экологиялық туризмді дамыту жолдары. Туристік индустрияда кадрларды дайындау» тақырыбында өткен семинардың жұмысына қатысып қайтты.
- Және 19-22 сәуір аралығында KITF 11-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеcіне қатысып облысымыздың делегациясы ретінде ұлттық паркті жарнамалап қайтты.
- Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен «Туран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту» тақырыбы бойынша Астана қаласында 2011 жылдың 16-20 мамыр аралығында өткен семинарға қатысып, білімін жоғарылату курсын оқып бітірген үшін бөлім бастығы сертификатқа ие болды.
- Бөлімнің бас маманы А.Атанбеков «Терра» ГИС-тің ұйымдастыруымен өткен «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін туристік-рекреациялық толымдылық пен рекреациялық жүктемені анықтауды бағалаудың әдістемелігі» бойынша Алматы қаласына 2011 жылдың 16-18 мамыр аралығында 3-күнге іс сапарға барып қайтты.
- Маусым айының 23-25 күндері аралығында ЭАТ бөлімінің бас маманы М. Бердалиев және Табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бас маманы Қ. Мансариев ОҚО Түркістан қаласында өткен «Керуен сарай» атты облыстық бірінші ашық туристік жәрмеңкесіне ұлттық парктің туризм саласында мүмкіндігін көрсету мақсатында барып қатысып, ондағы өткен үлкен семинар жұмысына қатысып сертификат алып келді. Бұл семинарға ОҚО барлық аудандарының өкілдері, сонымен қатар, Павлодар, Тараз облыстарынан туризм саласы бойынша мамандары келіп өз ойларымен бөлісті.
Жалпы ІІ-тоқсанда 30 сәуір-2 мамыр, 7-9 мамыр, мереке және демалыс күндері ЭАТ бөлімінің туризм және рекреация жөніндегі бас мамандары М. Бердалиев, Е. Алдабергенов, А. Атанбеков –Төлеби, Түлкібас филиалдарына парк аумағына келушілер арасында үгіт-насихат және ТББ-де қадағалау жұмыстарын жүргізу үшін іс сапарларға 7 рет шықты..
«Парктер шеруі-2011» табиғат қорғау акциясының шеңберінде маусым айының 29 күні Түлкібас филиалының Машат шатқалында орналасқан «Самал» балалар сауықтыру лагерінде демалатын облысымыздың балалар үйінің тәрбиеленушілірін қолдау мақсатында «Қуан сәби» қайырымдылық акциясы өткізілді. Парк ұжымы бір күндік еңбек ақысын жинап 400 адамға дастархан жайып төрт балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теңдей сыйлықтар тапсырды. Ондағы мақсат келешек ұрпаққа туған өлкеміздің табиғатын аялауға, оған қамқор болу керек екендігн түсіндіру болды. Бұл ісшараға балардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері қатысып, парк өткізіп жатқан іс-шараларға оң бағысын беріп жатты.
Жерді жалға беру ережесіне сәйкес Ұлттық парк аумағынан 12 заңды тұлғаға жер берілген. ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңының 46 бабына және ҚР Үкіметінің тиісті қаулыларына сәйкес:
49 жыл мерзімге туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға жалға берілген.
-
«East West company LTD» ЖШС
-
«Ақмойнақ ТРО» ЖШС
-
«Қайнар-су» ЖШС
-
«Эксперт-сервис» ЖШС
-
«Жібек ТД» ЖШС
-
«Алтын дән» ЖШС
-
«Балнұр» ЖШС
-
«Азамат тур» ЖШС
5 жылға жалға берілген
-
«Турбаза Южная» ЖШС
Бір жылға жалға берілген.
-
«Бауыржан»
-
Университет МКТУ им. Яссави
-
ЮКГУ им. Ауезова
2011 жылдың 7 айында ұлттық парк аумағына 5037 адам келіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақты туристік және рекреациялық мақсатта пайдаланды. Ұлттық парк аумағына келген демалушыларды өткізетін 11 тексеру бақылау бекеттері орнатылған. Төлеби филиалының Сайрамсу шатқалында жаңа үлгіде Тексеріп-өткізу бекеті демеушілердің көмегімен салынды.
2011 жылдың І-жарты жылдығында бюджетке 0,1 АЕК бойынша 875,0 мың теңге, Демалушыларға қызмет көрсетуден ақылы қызмет көрсету есепшотына – 2092,0 мың теңге, ал жер пайдаланушылардан – 900,0 мың теңге түсірілген. Барлығы – 3867,0 мың теңге түсірілді.
Орманды мен өсімдіктер дүниесін молайту бөлімі:
Орманды ұлғайтуда биылғы көктемде 50 га жерге жаңа орман алқаптары отырғызылды. Қазір тұқымбақтарда 381 мың өскіндер мен көшеттер өсірілуде.
35 км жолдар жөнделді, 20 км минералдық жолақтар жасалынып, 220 км мин.жолақтарға баптау жұмыстары жасалды.
Өрт болдырмау шаралары күнделікті атқарылуда.
Жауапты: Экоағарту және туризм
бөлімінің бас маманы Е. Алдабергенов
Достарыңызбен бөлісу: |