Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы



Дата19.06.2016
өлшемі187.81 Kb.
#148288


Алматы облысы әкімдігінің

2014 жылғы «___»__________

№ ____ қаулысымен бекітілген

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беруші Алматы облысы қалалары мен аудандарының білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) «Электрондық үкіметтің» порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №115 қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсыну болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн

қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау




  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға осы Стандартқа 2,3-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтiнiштiң немесе қызметті алушының ЭЦҚ куәландыратын электрондық құжат үлгісіндегі сұрауының болуы негiздеме болып табылады.

  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – бөлім маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы және анықтама дайындауы. 5 (бес) минут ішінде;

2-іс-қимыл - бөлім басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. 20 (жиырма) минут ішінде;

3- іс-қимыл - бөлім басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы. Бір жұмыс күні ішінде

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады, анықтаманы беру ХҚО курьерімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.


  1. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1 іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi бөлім маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы және осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың орындалуына негіз болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың меншік құқығына тиесілі мүлік пен жасалатын мәмілені ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметтерін жүзеге асыратын анықтамалар дайындауы болып табылады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2- іс-қимыл нәтижесі бөлім басшысының мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қоюы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауға негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша нәтиже бөлім басшысының қолы қойылған нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға жолдау болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн

қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау




  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

бөлім маманы.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарауы және анықтама дайындауы. 5 (бес) минут ішінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады. 20 (жиырма) минут ішінде.

2) Бөлім басшысы қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға жолдануы. 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-схемасында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Қызмет алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚО жүгінеді және осы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 15 минут.

Қызмет берушінің сұрауын дайындау және жолдау тәртiбi:

Көрсетілетін қызметті беруші қызметкердің осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызмет алушы туралы деректерді енгізуі;

Қызмет беруші қызметкерінің қағаз тасымалдағышта құжаттардың болуы туралы белгілеу бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және мемлекеттік қызметті алушының ұсынған қажетті құжаттарын сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

ЭҮӨШ АЖО-да сұрау салуды тіркеу және ЭҮӨШ АЖО-да қызметтерді өңдеу;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (анықтама беру) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-сы қолданылып қалыптастырылады.

Қызмет берушінің сұрауын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:

ХҚО-ның операторы.

ХҚО қызметкерлерінің қызмет алушының сұрауын халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдары осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес ХҚО ЫАЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекеттесудің № 1 диаграммасында көрсетілген.



Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушiлермен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша қызмет берушiлердiң сұрауларын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (iс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:

    1. 1-процесс – ХҚО операторының қызметті көрсету үшін ХҚО ЫАЖ-не логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

    2. 2-процесс – ХҚО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау үлгісін шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізуі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхат деректері толтырылмайды);

    3. 3-процесс –ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-да көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының деректері туралы сұрауды жолдау;

    4. 1-шарт - қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;

    5. 4-процесс - қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;

    6. 5-процесс – ХҚО операторының қағаз түріндегі құжатжайлы бөлікте сұрау нысанын толтыруы, сканерленген құжаттар туралы сұрау нысанын толтыруы, оларды сұрау нысанына тіркеу және толтырылған нысанды (енгізілген мәліметтер) ЭСҚ арқылы растауы;

    7. 6-процесс – ХҚО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ықпалдастырылған ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-на жолдау;

    8. 7-процесс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;

    9. 2-шарт – бөлім маманының тұтынушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және электрондық қызметті көрсету үшін негіз болатын қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

    10. 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

    11. 9-процесс – тұтынушының Орталықтың операторы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (анықтамасын) алуы;

10. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесін ХҚО арқылы алу процесі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен ХҚО-на жүгінеді;

  2. Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (анықтаманы) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 (бес) минут;

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады;

Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша портал арқылы электронды кезекті «брондауға» болады.

11. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің реттілігі осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-қимыл № 2 диаграммасында көрсетілген:



  1. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП–де тіркеуді ЖСН мен парольдің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

  2. 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП–ге ЖСН мен парольді (авторландыру процесі) енгізуі;

  3. 1-шарт - ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын ЭҮП-де тексеру;

  4. 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  5. 3-процесс - қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау салу нысанына бекітуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

  6. 2-шарт - ЭҮП –де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

  7. 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  8. 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ көмегімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрауды куәландыру және электрондық құжатты (сұрауды) ЭҮШ арқылы ЖАО өңдеу үшін ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;

  9. 6-процесс - электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;

  10. 3-шарт - бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және электрондық қызметті көрсету үшін негіз болатын қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

  11. 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

  12. 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы анықтаманы) алуы. Электрондық құжат бөлім басшысының ЭЦҚ қолдану арқылы қалыптастырылады.

ЭҮӨШ АЖО порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің реттілігі осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес блок – схемада көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс – қимылдар мен шешімдері 4-қосымшада, № 3 диаграммада келтірілген:

1) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭҮӨШ АЖ АЖО-ға логин мен пароль енгізуі (авторлау процесі);

2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы ЭҮӨШ АЖ АЖО-да тексеру;

3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы ЭҮӨШ АЖ АЖО-да хабарлама қалыптастыру;


  1. 3-процесс - ЭҮӨШ АЖ АЖО-да авторлану;

  2. 4-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік кызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);

  3. 5-процесс – ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерге сұрау салуды жіберу;

  4. 6-процесс – қызмет алушының деректерін өңдеу, оның ішінде оның өтінішін қамқорлық кеңесінде қарау;

  5. 2-шарт - ЭҮӨШ АЖ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің түпнұсқалығын тексеру;

  6. 7-процесс - қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

  7. 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуы.

Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде пайданылатын аббревиатуралар:

1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;

2) Ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық

кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған ақпараттық жүйе;

3) Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе (бұдан әрі - БНАЖ) –

нотариалдық қызметті және әділет органдары мен нотариалды палаталардың өзара іс-қимылын автоматтандыру үшін арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

4) Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі;

5) ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры;

6) Медиа-үзіліс – қызмет көрсету процесінде құжаттарды электрондық

форматтан қағазға ауыстыру немесе керісінше қажет болған кезде қағаз және электрондық құжатайналымының алмасуы;

7) Пайдаланушы – ақпараттық жүйеге өзіне қажетті электрондық

ақпараттық ресурстарды алу үшін жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

8) Транзакциялық қызмет – электрондық цифрлік қолтаңбаны қолдана

отырып, ақпаратты өзара алмасуын талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;

9) Тұтынушы – электронды мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

10) Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған

ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) - халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдары арқылы халыққа қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған Қазақстан Республикасы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері;

11) Электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлік нысанда

берілетін, ЭЦҚ көмегімен куәландырылатын құжат;

12) Электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды

қолдана отырып электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

13) Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық

цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

14) «Электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық

қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ықпалдасуына арналған «электрондық үкімет» шлюзі;

15) «Электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі (бұдан әрі - ЭҮӨШ) -

электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған «электрондық үкіметтің» кіші жүйесі ретіндегі өңірлік шлюз;

16) «Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП) – құқықтық базаны

қосқандағы шоғырланған үкіметтік ақпараттың барлығына, және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімдіктің ортақ терезесі болып келетін ақпараттық жүйе.

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік

қызмет көрсету реттілігінің сызбасы


ЖАО маманының құжаттардың Стандарттың

9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы




Анықтама беруге дайындық



Бөлім басшысы




Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою



ЖАО кеңсе қызметкері


«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

ХҚО жүгінген кезде мемлекеттік қызмет

алудың схемасы



Көрсетілетін қызметті алушы


Халыққа қызмет көрсету орталығы








«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»

автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)

жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру»


Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын ұсынуы







Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау

Құжаттардың толық топтамасы



Құжаттардың толық емес топтамасы


Ұсынылған құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру



ЭҮӨШ АЖО



ХҚО операторы




Жеке немесе заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы)


«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық

немесе қамқоршылық бойынша

функцияларды жүзеге асыратын

органдардың анықтамаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 3-қосымша

Веб –портал арқылы жүгінген кезде

мемлекеттік қызметті алу схемасы

Жеке тұлға «жеке кабинет» (көрсетілетін қызметті алушы)

ЭҮП АЖ







Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру





Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну

Жеке тұлға «жеке кабинет» (көрсетілетін қызметті алушы)



Көрсетілетін қызметті беруші

Анықтама беру


Схема


autoshape 18




autoshape 19

Руководитель отдела МИО


«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық

немесе қамқоршылық бойынша

функцияларды жүзеге асыратын

органдардың анықтамаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 4-қосымша
ХҚО арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық

өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы



ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық

өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы


Көрсетілетін қызметті алушы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың

№ 3 диаграммасы

Шартты белгілер:






Бастапқы хабарлама



Соңғы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқталған қарапайым хабарлама



Қате



Таймер-оқиғалар



Ақпараттық жүйе



Процесс



Шарт



Хабарлама ағыны



Басқару ағыны



Түпкілікті пайдаланушыға ұсынылатын соңғы электрондық құжат


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет