Қол қойылатын бонус Жалпы ережелер



Дата09.07.2016
өлшемі44.22 Kb.
#187346
Қол қойылатын бонус

                     Жалпы ережелер

                Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын  сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады. 

                          Төлеушiлер

            Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан  жеке және заңды тұлғалар  қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады.

Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгiлеу тәртiбi

                Қол қойылатын  бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке  белгіленеді:

1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ  аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған  келісімшарттар үшін:

мұнай келісімшарттары үшін  - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;техногендiк минералды құралымдарды әзірлеуге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;

кең таралған пайдалы қазбалар,  жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;

2) өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

мұнай келісімшарттары үшін:егер қорлар  бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:Қ – А, В, Қ1  өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының  Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы  бекіткен  шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе  табиғи газдың жиынтық  қорларының  құны; Қа – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын  жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысында бекітілген  және (немесе) назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала  бағаланған  қорларының  жиынтық құны;

техногендiк минералды құралымдарды әзірлеуге арналған  келісімшарттарды қоспағанда,  минералды шикізат өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

егер қорлар  бекітілмеген болса, – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;егер қорлар  бекітілген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:Қ – А, В, Қ1  өнеркәсіптік санаттары бойынша  Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен  минералды шикізаттың жиынтық  қорының  құныа – әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының  қорытындысында бекітілген  және (немесе) назарға алынған  Қ2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала  бағаланған  қорларының  жиынтық құны;

кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін – (Қ1 х 0,01% ) формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес;

3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін -  Қ1 х 0,01% формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес.

4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.

2. Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық мұнай биржасында немесе  Лондонның металл биржасында осы пайдалы қазбаларға белгіленген және Салық Кодекстің 334 және 338-баптарында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланған күні «The McGraw-Hill Companies Inс» компаниясының  «Platt's Crude Oil Marketwire» анықтамалығында, «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында  жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, алынатын және болжанатын қорлардың құны келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың 1,2 коэффициентке ұлғайтылған сомасынан  айқындалады.

3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi  құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша  ұлғайтылуы мүмкін.

4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа енгізіледі.

Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi

Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртіппен:

1) белгіленген соманың елу проценті – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;

2) белгіленген соманың елу проценті – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт  күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.



Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет