Көкіжанова Дәмеш Көкіжановна
Қарағанды қаласының №17 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары (6-сынып)
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мектерді компьютерлендіру, оқушылардың ойлауы мен тілі дамуына жағдай жасау, даранды балаларды аса назарда өстау сияқты озық идеялары жүзеге асырылуы үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ. Балалардың қазақша ойлауы мен тілідк қатынасы заман талабына сай дамуы үшін лингвистиканың соңғы жетістіктерін лингводидактикалық тұргыдан зерттеп, мектепке енгізу керек. Сонда ғана заман дамуы мен білім мазмұны деңгейлес бола алады (1).
Теориялық білім беру үдерісі танымның теориялық деңгейінде жүзеге асырулуы тиіс екендігі туралы қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жазылған зерттеулер мен кітаптарда тым аз сөз етіледі. Практикалық дағдының өзі теориялык біліммен қаруланғанда ғана нық қалыптасатындығы назарға алынбайды. Бұл айтылғандардаң барлығы қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті дамыту технологиясының зерттеудің қажеттілігінін және тақырыптың өзектілігін танытады.
Қазіргі қазақстандық мектептердегі дәстүрлі білім беру жүйесінің окушының шынайы өмірдегі тілдік қатынаста өзінің алған білім қорын қолдануына қажетті тілдік құзыреттілікті дұрыс қалыптастыра алмай отырғандығы, 11 жыл мектепте өткерген үақытта алған білімінің тұтас-дүниетанымдық құралға айналмауынан білім беру жүйесінің кемшіліктері молайып бара жатқандығы, сөйтіп жаңа заман ағымына үйлесе алмайтындығы айқын танылуда. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселесінің басынан кешіп отырған осындай күйді анықтай келе, құзыреттілікті қалыптастыруға бағыттай оқыту технологиясын қазақ тілін оқыту үдерісіне енгізудің ғылыми-әдістемелік жолын зерттеу жұмыстың мақсатын танытады. 6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінің «Ауыз әдебиеті» бөлімі негізінде құзыреттіліктерді меңгертудің 3 деңгейі бойынша жобалауға бағытталған (5).
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:
-проблеманың шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттык құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі
-әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз жұмысына мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға жіне ұйымдастыруға.
Ақпараттык құзыреттілік:
-сыни тұрғыдан талғандан ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
-өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;
-өз бетінше табуға, талдауға, іріктеп жасауға және түсіндіруге ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруга.
Коммуникативтік құзыреттілік:
-Стиль мен жанырды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға;
- Әдеп нормасы сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен, «Компетенция (лат.Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) – 1) белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабарлардығы бар мәселелер шеңбері; 2) біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттігі шеңбері (3). Ал, құзырет- адамның жеке және қоғам талаптарың қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.
Құзыреттілік-сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-ірекетті жүзеге асыру қабілетті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.
Озектілігі: Қоғам талабына сай оқушылардың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазірғі қоғамға сай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Жоба мақсаты. Оқушыларға әдебиет пәнін оқыта отырып, әдебиет теориясы бойынша ауыз әдебиет соның ішінде «Батырлар жыры» туралы білім беру. Қазақ фольклорында ауқымды орын алатын батырлар жырының тақырыбымен кеңірек таныстыру аркылы құзыреттілікті қалыптастыру(2).
Жоба міндеттері:
-Жырдың құрылымын ажырата білуі.
-Озіндік жұмыстарды іске асыруда мақсат қоя білуі.
- Жырлардың мәтінінен үзінділер ала отырып, олардың мазмұндықжелісіне жоспар құру.
-Батырларға мінездеме бере білуі.
Зерттеу нысаны: Құзыреттілікті қалыптастыру тапсырмаларын жобалау.
Қарама-қайшылық: Ұқсатары мен карама-қайшылықтарын салыстыра отырып, ақпарат жинау.
Күтілетін нәтиже. Оқушылардың атқаратын іс-әрекетін қалыптастырып, өзіндік ақпарат жинау. Жаңа технологияларды қолдана отырып, толық меңгеріп, талдай білу біліктіліктерін арттыру (4).
Кесте-Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма үлгілері.
Деңгей
|
Такырып
|
Проблема шешімін табуабу құзыреттілігі аспек-
тілер, тапсырмалар
|
Ақпараттылық
құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар)
|
Коммуникативтік құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Орта буын
6-сынып
|
«Батырлар
жыры»
|
1.Проблема
сәйкестендіру (аныктау) –Батырлар
жыры жайлы айтылған пікірлер, реферат,
сөзжұмбак дайында.
|
1.Ақпараттық
ізденісті жоспарлау
Батырлар жырын
фольклордың басқа
эпикалық жанрларынан өзіне тән қандай белгілері бар?
Деген тақырыпқа мәлімет
ізде. Мәліметті қай
жерден, кімнен алатыныңды жоспарла.
|
1.Жазбаша қатынас
- Батырлар жыры туралы
қабырға газетіне хабарлама
дайында.
-Көне эпостардағы батырлармен,
одан беріректе туған
қаһармандық эпостардағы
батырларды сызба түрінде көрсет.
|
|
|
2.Әрекетті жоспарлау
және мақсат қою
- Батырлар жырындағы
ерлік, батырлық, елді
сыртқы жалардан
қорғау жайында
айтылған сөздермен
таныс. Өзіне қайсы
батырлар жыры ұнағанын
айт.
Сыныптастарыңның
пікірмен салыстыр.
|
2. Алғашқы ақпаратты
бөліп алу.
Батырлар жыры
жайында жазылған
пікірлерді, мәліметтерді
жинап,газет-журнал қиындыларын алып кел.
|
2. Көпшілік алдында сөйлеу
-«Ауыз әдебиеті»
тақырыбында сыныптастарың
алдында сөз сөйле.
|
|
|
3.Технологияларды
колдану
Жырда ерлік,
батырлық,
адамгершілік жөніндегі
халық аңсары
қалай бейнеленген?
Соны анықта
|
3.Қайта алынған
ақпаратты бөліп алу
Түрлі ақпарат көздерінен
алынған газет, журнал, сұхбат,
т.б. мәліметтеріңді жинақтап, бір жүйеге келтір.
|
3. Диалог
-Рөлдік ойын. «Қобыланды
батыр» жырындағы кеіпкерлердің рөліне бөлініп, диалог құрыныздар.
|
|
|
4. Ресурстарды жоспарлау
-Алдын-ала берілген
тапсырма орындалуы
2-3 апта. Сыныпта
кішкене
кітапхана ұйымдастыру
туралы шешім қабылданды. Топқа бөлініп,
кітап дүкендеріне
барып, батырлар жыры
жайлы қандай
кітаптар, журналдар,
суреттер бар, қанша
тұрады, қай баспадан
шыққаны жайлы ақпарат
жина. Жазба
нұскасын дайында.
|
4. Ақпаратты алғашкы өңдеу
-Батырдың үш қасиетін
сызба арқылы түсіндір.
-Осы қасиеттеріне 2-3
мысал келтір.
|
4. Өнімді топтық қатынас
-Батырлар туралы жинаған мәліметтерінді
сыныптастарыңмен бөліс.
Топта «Ауыз әдебиеті»
тақырыбына қатысты тірек сөздер тізбеген жаса.
|
|
|
5. Қызметті бағалау
Сыныптастарыңның дайындаған мәліметтеріне өз пікірінді білдір.
|
5. Ақпаратты өңдеу
кезінде
логикалық операцияларды пайдалану
Ерлік, батырлык,
адамгершілік жайында
пікірталас
ұйымдастырыныңдар.
Сыныптастарыңның пікірлерін бағалап, өздәлелдеріңді келтіріңдер.
|
|
|
|
6. Қызмет өнімінің нәтижесін бағылау
Ауыз әдебиеті жайлы
мектеп оқушыларымен
басқа қоғамдық
орындардағы
адамдардың пікірлерін салыстыр. Сыныпта
пікірталас ұйымдастыр.
|
|
|
|
|
7. Өзіндік қозғалысын бағалау
-Өзіңнің бойындағы қасиеттерің жайлы ауызша айт.
|
|
|
6 сыныптың қазақ әдебиетін тиімді оқыту арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана мүмкін болады.
Оқушылардың білім негіздерін теориялық саналылықпен, алған білімдеріне сыни көзқараспен қарай алатын, білім алу барысында пассив объект емес, өзін-өзі танып білуші және мұғалімнің басшылығымен өзі-өзі дамыту жолын тани алатын субъект деп бағалайтын бағыттқа қарай толығымен бет алу жүзеге асырылғанда ғана мүмкін болады;
Оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ақыл-ой қызметінің мүмкіндіктерін ізденімдік-зерттеу және өз бетімен танып-білу барысында толық дерліктей іске қосу, алған біліміне рефлексиялық тұрғыдан сыни баға бере алу, өзін-өзі тексеру, жетілдіру дағдаларына ие болғанда мүмкін болады.
Оқушының коммуникативтік құзыреттілігінің өзін жеке бір жүйе ретінде алын қарастыра отырып, оны құрайтын ішкі құрамдас бөлшектерін анықтай келе, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыцтуда оқушының бойында қалыптасуға тиісті тілдік құзыреттілік жүйесін лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-психологиялық, құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырып, коммуникативті құзеретті оқушы тұлғасының моделін айқындадық.
Коммуникативті құзыретті оқушы тұлғасы-өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлғы, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдық, рухани, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, сапалы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі (6).
Құзыретті оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін факторлар:
-тәуелсіз Қазақстанның демократиялық қоғамы;
-білім алу мүмкіндігі;
-қоғамда қалыптасқан этикалық және моральдік;
- өзін-өзі дамыту, тегін нормалар;
-тілдік орта;
- жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар;
-қазақ халқының дүниетанымы;
-қазақтың ұлттық ғалам бейнесі.
Құзыретті оқушы тұлғасы – өз ана тілін, мемлекеттік тілід, шет тілін,ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдык, рухани, шығырмашылык қажеттңлңктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі .
Әдебиеттер тізімі
1.Оразбекова Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі / Ф.Оразбаева.- Алматы: Ы.Алтынсарин ат. РБК, 2000. - 208 б.
2.Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы/ А.Байтұрсынұлы. - Алматы: Ана тілі, 1992.- 448 б.
3. Қадашева Қ. Қазақ тілі оқыту әдістемесі / Қ.Қадашева. - Астана: Атамұра, 2006. – 240 б.
4.Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Аударған Д.А.Қайшыбекова.-Алматы,2006.-180бет.
5. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әринова, Р.Баттал. 2-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2006. - 6-63б.
6. Жолдыбекова К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту / К.Жолдыбекова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - №11. - 2003.- Б. 99-102.
Достарыңызбен бөлісу: |