Алматы облысы Панфилов ауданы «Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»



Дата15.06.2016
өлшемі35.2 Kb.
#137654
Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Какимжанова Майра Хамитқызы
Тақырыбы: Адам- табиғат перзенті.

Мақсатты:

1)«Адам- табиғат перзенті» тақырыбы көлемінде білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекетін шыңдау, адамның табиғаттағы ролін түсіндіру.

2)Оқушының табиғат заңдылықтарын біліп, ондағы үйлесімділікті көре білуге дағдыландыру, білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету.

3)Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбаттыда шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу.

ӘДІСТЕРІ:
Сұрақ-жауап, әңгіме кеңес, пікір алысу, өз ойын ортаға салу, суреттеу, баяндау, бақылау, ізденіс,ой шақыру, ой жинақтау

КӨРНЕКІЛІКТЕР:
Табиғат көрінісі, технология кестесі, сюжетті суреттер, бүктемелер ,табиғат әуендері

САБАҚТЫҢ ТИПІ: Жаңа сабақ .

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Ана тілі, бейнелеу өнері музыка,өзін- өзі тану.
Сабақтың барысы:

I ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

2.Психологиялық ахуал туғызу

- Балалар, мен табиғатқа таң қаламын. Неге десеңдер, табиғат сиқыршы сияқты. Табиғат бізге мейірім сыйлайды, жан дүниеміз тыныштықпен ізгілікке бөленеді. Табиғат өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.

Міне, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді бере отырып сабағымызды бастаймыз.

Оқушының білімін тексеру.


  • 1.Ой шақыру.

  • Балалар,біз кімбіз?

  • Біз адамбыз.

  • Адамды қоршаған орта қалай аталады?

  • Табиғат.

  • Балалар,біз қазір табиғаттың әсем әуендерін тыңдаймыз. (құстардың сайрауын,күннің күркірегенін,жаңбырдың т.б. дыбыстарды тыңдату)

  • Қандай табиғат құбылыстарының дыбысын естідіңдер?

  • Табиғат деген кең ұғымды қалай түсінесің?

Соның ішінде адамның ерекшелігі неде?

-Адамның ерекшелігі өзінің терең ойлайтындығы мен саналылығында.



III.Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Адам- табиғат перзенті”.



IY.Жаңа сабақ.

а) Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Табиғат адам үшін жаралыпты

Бар қызық табиғаттан таралыпты

Адам мен табиғат әрқашан егіз.

Табиғат, Жер,Ана, Отан, туған жер,атамекен құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұялатады.

Ата бабамыз “Жер-қазына, су-алтын,мал- байлық”-деп бекер айтпаған. Күнделекті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін дәріміз, ішіп жүрген тамағымыз, ішетін суымыз, тыныс алатын ауамыз т.б. бәрі табиғаттың бізге берген сыйы.

Адам жер ананың перзенті. Табиғатты жер ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат адамның бойына шабыт, көңілге қуат,сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады.Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта.

Табиғат-адам үшін қажетті: ауа,су, топырақ,

өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

б)Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді оқыту.



Түсінгендерін тексеру.

Сұрақ-жауап әдісі.

-Адам табиғаттан нені үйренеді?(суреттермен жұмыс)

1. Ұзын құйрық инелік, 3. Суда жүзген балықты

Инелікке тимелік. Бақыладық байыпта.

Тік ұшақты жасадық, Соған қарап жасадық

Инеліктен үйреніп. Біз сүңгуір қайықты.

2. Аққұманның оттағы 4.Ұзын мойын, сирақты

Бүлкілдейді қақпағы Білесіңдер жирафты.

Соған қарап ағалар Соған қарап ағалар

Паровозды тапқаны. Крандарды жинапты.

Сергіту сәті.

“Мен табиғаттан не үйрендім?” ойын.

(Балалар кезекпен келіп, алған қағазына

қарап, табиғаттан не үйренгенін айтады.

Мысалы: көбелек, күн, құс,жер,су суреттері)

-Мен күннен мейірімділікті үйрендім.

-Мен құстардан ән салуды үйрендім.

-Мен көбелектен әдемілікті көріп үйрендім.

-Мен жерден төзімділікті үйрендім.

-Мен судан тазалықты үйрендім.

-Балалар,табиғат бар тіршілік иелеріне мейірімді,біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.

Бекіту.

I –топ


Табиғаттан алған әсеріміз бойынша сурет салу.

II -топ


Шағын әңгіме жазу.

III -топ


Өлең құрастыру.

Оқушы шығармашылығы.

Табиғат сұлулығы

Табиғат сөзін естігенде сылдырап аққан су, ағаш басында ән салған

құс, көкорай шалғын төсінде жайылған мал, орман, тау, дала аңдары

көз алдыма келеді.

Ақан Ермек


Дені саудың-жаны сау

Қазақ халқында асыл сөздің барлығы тегін айтылмаған. Сол сияқты

адам өмірге келгеннен кейін дұрыс тамақ ішіп, дұрыс жуынып-

шайынып таза жүруі керек деп ойлаймын. Зақан Құндыз


Сабақ қорыту.

Ой жинақтау.

- Сонымен бүгінгі сабақта не білдік?



  • Адам-табиғаттың бөлігі.

  • Ол саналы, дамыған бола тұра табиғатпен етене байланыста.(бейнефильм көрсету)

Табиғатсыз адамның тіршілігі жоқ.

- Ендеше,табиғаттан адамға не қажет?

- Ауа,су.

- Қорек,жылу,жарық



- Олай болса оның барлығын экологиялық фактор деп атайды.Ал, қоршаған ортаны қорғау баршамыздың міндетіміз.

Үйге тапсырма:мәтінді оқып келу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет