Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі К. Мыңбаев атындағы орта мектебі Мектепалды даярлық тобы



Дата04.07.2016
өлшемі49 Kb.
#176130
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
К. Мыңбаев атындағы орта мектебі

Мектепалды даярлық тобы


Өткізген: Шахметова А.К.

Тексерген: Исаинова А.Б


2012-2013



Мақсаты: Оқушыларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту, сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.

Көрнекілік: шарлар, плакаттар, сандар, марапаттау қағаздары
Жүргізуші: -Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы.Олай болса,аналарға арнаймыз…
.Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Көктемнің шуақты күндеріндей ,сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер деп «Супер анам және мен» атты мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.


Вальс

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,


Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады

1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)

2. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)


2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3. Мені анам қалай жақсы көреді?
4. Қыздарға әсемдік жарасады «Көктем сән үлгісі 2013»

5 Анаңа гүл сыйла

6. Балаңызды білесіз бе?
Жүргізуші: Ана сыны, Ана өнері, Ана әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің аналарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.
Жүргізуші:

- Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.


Арулар келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келеді

Анасы мен Толқын танысуға


Көңілін сыныптастын таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіндей болса, шіркін, барлық шәкірт

Әжесі мен Нұрсаттың сөзі алтын.


Мейірімі мол аққанат анасының

Бар мейрімді өзіңнен ақ табасын

Желкеніндей желбіреп ақ кеменің

Анасы мен Алиды қарсы аламыз


Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,

Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.

Бұл сайыста өз өнерін ортаға

Анасы мен Нұрислам аямай-ақ салады.


Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,


Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.
2.
3.

Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады


Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын -
дегендей бірінші сайысымыз «Сәлем сөздің анасы» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе.
Жүргізуші:

Өзінің алғырлығын ұғындырып,


Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік-
деп сайысымыздың екінші бөлімі «Білімді мыңды жығар» .

Аналарға қойылатын сұрақтар:

1.Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас (ет)

2. Қу аң (түлкі)

3. Екі дыбыстан құралған әріп? (я)

4. Кез келген өлең жолдарын жылап, күліп айт.



Балаларға қойылатын сұрақтар:

  1. А дауысты ма дауыссызба?

  2. Бір аптада неше күн барa?

  3. 2+3 қанша болады?


Жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,


Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.

«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде аналар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:

Келесі сайыс «Мені анам қалай жақсы» көреді. Қазір аналар балаларына жеткенше тоқтамай өздерінің жақсы көргенде айтатын сөздерін айту керек



Жүргізуші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөліміне де кезек келді.
Қазір аналар өз балаларына дайындаған киім үлгісін тамашалайық.
Жүргізуші:
Келесі сайыс «Анаңа гүл сыйла». Қазір балалар аналарына гүл сыйлауға жарысады.

Жүргізуші:

Ал қазір біз аналарымыз балаларын қалай біледі екенін соны тексереміз. Қазір біз аналарға сұрақ қоямыз. Бұл сұраққа балалардың жауабын алдын ала алғанбыз. Ал енді ендеше кеттік.



Жүргізуші:
Ана деген-асқақ ән, 
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.

дей келе, әділқазылар өз шешіміне келгенше , аналар балалары дайындаған шағын концертін тамашаласын.


Ән: «Құттықтаймын мама»
Нұрислам:Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен



Али: Көгімде күн болып

Жұлдыздай жанасың

Аман бол әрдайым

Аяулы анашым



Толқын: Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам



Нұрсат: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Би: Гүлдер биі

Жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,



Ана деген алтын қазық алтын бақ! дей келе өз сыйлықтарымызды сыйлауға рұқсат етіңіздер. (Балалар өздері дайындаған сыйлықтарын береді)

Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі.
Жүргізуші: Міне аналар мейрамы күлімдеп, көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет