Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы №28-121 шешімі. Осы нормативтік құқықтық акті 2014 жылы 16 сәуірде Алматы облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Реестрдегі тіркеу нөмірі 2671
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Қаратал ауданында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын
айқындау тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1106 Қаулысына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы Мәслихат хатшысы ________________В. Ли ______________Б. Смаилов
Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы «Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы №28-121 шешіміне келісім
«КЕЛІСІЛДІ»
Қаратал ауданының әкімі Сұлтан Мырзабекұлы
Дүйсембінов
«19» наурыз 2014 жыл
Қаратал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 19 наурыздағы
«Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» №28-121 шешімімен бекітілген қосымша
Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Қаратал ауданында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Қаратал ауданының қала және ауылдық округтерінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды қала және ауылдық округтің әкімі шақырады.
Қаратал ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қала және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды қала және ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қала және ауыл округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 проценті мөлшерінде бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті қала және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |