«ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша



Дата24.02.2016
өлшемі197.43 Kb.
#16604
«ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың

2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша:

Жаңақорған ауданы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерде КСК мекемелері ашылмаған. Пәтерлер жекешеленіп кеткен. Дегенмен 2012 жылға көппәтерлі үйлерге жүргізілетін жөндеу жұмыстарына аудан орталығы тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаны түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталығындағы автокөлік жолдарында арнайы бильбордтар мен стендтер орнатылған.

Осы бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына қаржыландыру мүмкіндігі болатындай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашу қарастырылуда.



«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша:

Аудан бойынша елді мекендердегі барлық су жүйелері аудандық «Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын теңгерімінде. Жаңа тариф бекітілуіне байланысты аудандағы ауыз су таратушы коммуналдық кәсіпорынға ықпал жасалуда.


Автомобиль жолдарын жөндеу және қоғамдық көлік пен такси қызметтері бойынша:

Ауданда қоғамдық көлік пен такси қызметтерін дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша кент әкімінің шешімімен 5 жерден арнайы такси тұрақтары ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша орталықтағы автостанция заманға сай күрделі жөндеуден өтіп, алдағы уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетіледі деп күтілуде.

Аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен қажетті жоба-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезекте жөндеу жұмыстарын қажет ететін аудандық маңыздағы «Самара-Шымент-Қосүйенкі» және «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолдарына жоба-сметалық құжаттары дайындалып, жоба-сметалық құжаттар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өткізіліп, қажетті қаржы сұралуда.

Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда. Тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушы мекемелері күнделікті жол жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалап, бақылауда.
Жаңақорған ауданындағы сәулет және қала құрылысы саласы бойынша:


  1. Аудан әкімдігінің қаулысымен аудан әкімі жанында сәулет-қала құрылысы

Кеңесі құрылған, комиссия құрамдары жасақталған, ережелері бекітілген. Комиссия құрамына аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық жер қатынастар бөлімінің, аудандық құрылыс саласы бөлімдерінің басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері енгізілген. Ауданның даму сызбаларын әзірлеу кезінде және аумақта құрылыс объектілерін орналастыру үшін жасалған ұсыныстар осы Кеңесте талқыланады. Құрылыс мәселелері қаралып, жұмыс істеп жатыр.

2. Аудан аумағында салынуы жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы осы Кеңесте қаралып келісім берілуде. Мысалы, Қосүйеңкі және Жайылма елді мекендеріндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің, Түгіскен ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысының, Бесарық станциясындағы вокзал ғимаратының, 2012 жылы маусым айына дейін Жаңақорған кенті Аманкелді көшесіндегі сауда орталығының, Жаңақорған кентіндегі жабық базар, Сүттіқұдық ауылындағы 90 орындық балабақша, Қожакент ауылындағы Н.Бекежанов көшесінің бойынан салынатын «Ақниет» тойханасы мен дүкен құрылысының сәулеттік келбетінің жобасына келісім берілді.

3. Жаңақорған ауданы бойынша Жаңақорған кентінің бас жоспары әзірленіп, аудандық мәслихаттың шешімдерімен бекітілген. Қызылорда облысы әкімдігінің 30.05.2012ж. №456 қаулысының 3-тармағына байланысты бекітілген бас жоспарға сәйкес Жаңақорған кентінің жаңадан қосылған жер учаскелерін сол кент аумағына енгізіп шекарасын белгілеу жөніндегі шараларды жүргізу жөнінде аудандық жер қатынастар бөліміне және Жаңақорған жер-кадастрлық жұмыстары филалына ұсыныс берілді.
«Бизнестің жол картасы 2020»

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Жаңақорған ауданы бойынша 2011 жылы 3 жоба ұсынылып оның 1 қаржыландырылды. Құны 5,5 млн. теңге болатын жеке кәсіпкер Б.Божбанбаева тіс емханасын кеңейту және қайта жабдықтау жобасы өткен жыл соңында қаржыландырылып биыл іске асырылуда. Қосымша 2 жұмыс орны ашылды. Б.Божбанбаева Астана қаласында «Назарбаев Университетінде» оқып білімін жетілдірді. Бұл күндері Америка Құрама Штаттарында тәжірибе алмасуда. 2 жоба түрлі себептермен кері қайтарылды («Тату Агро» шаруа қожалығының, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС-ң инфрақұрылымын қаржыландыру).

Биылғы жылы «Дархан 2006» ЖШС-ң 6,5 млн. теңге болатын темір бетон цехын кеңейту және қайта жабдықтау жобасы қаржыландырылып іске асырылуда. Қосымша 8 жұмыс орны ашылады.
Спорт саласы бойынша

1.Ауданда, 2012 жылғы облыстық бюджет есебінен 9 (тоғыз) кіші футбол спорт алаңын салу жоспарланған. Спорт алаң, арнайы техникалық тапсырмаға сай жасалынып, облыс бюджет қаржысының есебінен салынуға тиіс 9(тоғыз) кіші спорт алаңың 80 пайыз жұмысы бітіп, жасанды төсеніш салу жұмыстары жақын арада біткелі тұр.

2. Аудан орталығындағы және ауылдық округтерден салынған спорт алаңдарды білім саласының теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, құжаттар дайындалуда.

3. Кәмелетке толмағандармен, қылмыстардың алдын алу жұмыстары қолға алынуда. Оларға спортпен шұғылдану үшін үйірмеге тарту, олармен жоспарға сай спорттық шараларға қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.

4. Оқушылардың жазғы демалыстарын жақсы ұйымдастыру ушін, «Тау самалы»

балалар демалыс орталығында, аудан, ауылдық округтерден қоғамдық негізде болса-да аула клубтарын ашу жұмыстары қолға алынып жатыр. Оған мектеп оқушылары, ауыл жастары тартылуда. Қазіргі танда екі аула клубы жұмыс жасауда.

Туризм саласы бойынша.


  1. Ішкі туризмді дамыту мақсатында табиғи және тарихи – мәдени орындарға

туристік маршруттар ашуға жұмыс жасалып , оған балалар мен жасөспірімдер, ардагерлерді тарту жоспарлануда.

Маршруттар: Жаңақорған – Қатынқамал үңгірі

Жаңақорған – Көне «Сауран» қалашығы

Жаңақорған – «Таңбалы тастар»

Жаңақорған – Көне «Сығанақ» қалашығы
Қаржы саласы, бюджеттін игерілуі бойынша

2012 жылдың аудан бюджетіне жоғары бюджеттен ағымдағы трансферттермен 700577,0 мың теңге. 2012 жылға жергілікті бюджетке төлемдік жоспар бойынша ағымдағы трансферттерге 303724,0 мың теңге жоспарланып 255329,0 мың теңгеге орындалып 84,1 пайыз құраған.



1.1. Республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерге 196639,0 мың теңгеге ағымдағы айға жоспарланған одан 168015,6 мың теңгеге игеріліп 85,4 пайызды құрады, игерілмеген қаржы көлемі 28623,4 мың теңге.

Бағдарлама әкішілері бойынша игерілуі төмендегіше:

а) Мемлекеттік білім беру жүйесіне физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтауға есепті айға 6145,0 мың теңгеге жоспарланған қаржы толығымен игерілмеді..

б) Үйде оқытылатын мүгедек балаларды бағдарламалық жабдықпен қамтамассыз етуге есепті айға 10727,0 мың теңге қаржы жоспарланған қаржы толығымен игерілмеді.

в) Жалпы білім беретін мектептер жанынан шағын орталықтар ашуға мектептерге есепті айға 28115,0 мың теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілген.

г) Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысын орналастыруға мектеп жасындағы балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтамассыз ету үшін есепті айға 58243,0 теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілді.

д) Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы күтіп ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері үшін есепті айға 2315,0 мың теңге жоспарланып одан игерілгені 2314,6 мың теңге қалған 0,4 мың теңгесі мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

е) Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы көлемін ұлғайтуға есепті айға 22871,0 мың теңге қаржы жоспарланып 18848,5 мың теңге ге игерілмеген 4022,5 мың теңге нақты қалдық.

ж) Мүгедек балаларды үйден оқытуға арналған қаржыдан есепті айға 3580,0 мың теңге қаржы жоспарланып одан 3576,1 мың теңгеге игерілді, қалған 3,9 мың теңге нақты қалдық.

З)әлеуметтік жұмыс орындар жастар тәрбиесі бағдарламасын кеңейтуге 2789,0 мың теңге қаржы жоспарланып 2285,8 мың теңгеге игерілді 503,2 мың теңге нақты қалдық.

л) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға есепті айға 9234,0 мың теңге қаржы бөлініп 6478,6 мың теңгеге игерілді қалған 2755,4 мың теңге нақты қалдық.

М) Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге есепті айға 6147,0 мың теңге қаржы жоспарланып 4837,6 мың теңгеге игерілді қалғаны нақты қалдық.

н) Эпизотияға қарсы іс шараларды жүргізуге берілген қаржыдан есепті айға 39772,0 мың теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілді.

р) Елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген қаржыдан есепті айға 3576,0 мың теңге қаржы жоспарланып 3544,4 мың теңге игерілді, қалған 31,6 мың теңге нақты қалдық.

р/өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде шараларды іске асыруға 3125,0 мың теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілмеді.



2. Облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерге барлығы есепті айға 107085,0 мың теңге қаржы жоспарланып одан игерілгені 87313,4 мың теңгеге игерілмеген қаржы 19771,6 мың теңге.

Атап айтқанда;

а) Аудан көлемінде 0-18 жас аралығындағы жасы кәмлетке толмаған балалардың құқығын қорғау жұмыстарын жүргізу үшін есепті айға 390,0 мың теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілді.

б) №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасының жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін есепті айға 15683,0 мың теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілді.

в) Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына есепті айға 57642,0 мың теңге қаржы жоспарланып одан 54597,0 мың теңге қаржы игерілді, қалған 2685,0 мың теңге авторлық надзорға қалдырылған қаржы игерілмеді.

г) Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін есепті айға 33370,0 мың теңге қаржы жоспарланып 16283,4 мың теңгеге игерілді, 17086,6 мың теңгеге нақты игергеннен қалған қаржы игерілмеді.

Білім саласы бойынша


  1. «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны – 1605, қамтылу пайызы – 54,8. Орын тапшылығын азайту және мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін көтеру мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша қазіргі таңда бірінші кезекте балабақшалармен қосымша топтар және мектеп жанындағы шағын орталыққа қосымша топтар ашуды қажет ететін елді мекендердің өз сұраныстары бойынша білім басқармасына 350 балаға қосымша 14 топ ашуға ұсыныс берілді және Жанарық ауылында енді ашылатын балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2. Міндетті оқу қоры есебінен 2011-2012 оқу жылында 1 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамту пайызы - 51,6 пайызды құрап отыр. Ауданда 1 сынып оқитын барлық оқушы саны - 1527. Оның тегін ыстық тамақпен қамтылғаны - 789. Дегенмен, 2012-2013 оқу жылында міндетті оқу қоры есебінен 1 сынып оқушыларын ыстық тамақпен 100 пайызға қамту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

3. «Тау самалы» тынығу лагерінің жай-күйін жақсарту, ауласын абаттандыру, материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстарына 5773 мың тенге, ауласын қоршау жұмыстарына 3800 мың тенге, айлық жалақысына 2000 мың тенге қаралды.

4. Мектеп директорларын тағайындауда заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ, талаптарды ережеге сәйкес орындалуда, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында 2012 жылы 435 педагог кадр біліктілігін арттырды, 2012-2013 оқу жылына 210 педагог кадрдың біліктілігін арттыру жоспарлануда.

5. Білім беру ұйымдарында шектеулі балаларға түзету инклюзивті кабинеттер ашу бағытындағы жұмыстарды 2012-2013 оқу жылына жоспарланып отыр.

6. Аудан бойынша қазіргі таңда 68 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген, оның ішінде ата-анасынан қалған үйі жоқ 35 баланың 27-і ҚР тұрғын үй туралы заңы негізінде тұрғылықты жерлері бойынша тұрғын үй кезегіне қойылған, ал қалған 8 балаенді қамтылады.

7. Білім беру ұйымдарының жай жөндеу жұмыстарына 41 мектепке 16189 мың тенге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен №110, 169, 53, 55, 196, 229, 89 мектептерге 8954 мың тенге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге №86 мектепке 50278 мың тенге, №240 мектепке 42150 мың тенге, №167 мектеп теңгеріміндегі балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 62000 мың тенге қаралып жұмыстар қазіргі таңда жүргізіліп жатыр. №55 мектепке 21935 мың тенге қаржы қаралып құжаттары дайындалуда.

Қысқы маусымға дайындық барысында білім беру ұйымдарына қатты және сұйық отынға қосымша 22000 мың тенге қаралды.


2012 жылға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының

жүзеге асырылуы жөнінде

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлауға-
100, қайта даярлауға –125 адам бағдарламаға қатыстырылу жоспарланды.
2012 жылдың 1 маусымынан бастап кәсіби оқыту түрлеріне 173 адам бағдарламаға қатыстырылса, соның ішінде Жаңақорған аудандық № 13 кәсіптік лицейге қайта даярлауға 70 адам:

  • «Автомобиль слесарі» мамандығына- 15 адам;

  • «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар» мамандығына- 15 адам;

  • «Ауыл шаруашылығы өндірісінің трактор-машинисті» мамандығына- 20 адам;

  • «Жеміс көкөніс өсіруші» мамандығына- 20 бойынша жолданды,

  • Қызылорда қаласындағы колледждер мен кәсіптік лицейлерге қайта даярлау курстарына 18 адамға жолама берілді.

  • 40 адам Қызылорда қаласындағы колледждер мен кәсіптік лицейлерге кәсіби дярлануға құжаттары дайын.

  • 45 адам аудандық № 13 кәсіби лицейге кәсіби дярлануға құжаттары дайын.

Оқу курстарын бітіріп, жұмысқа орналастырылғандар:

2009-2010 жылдары «Жол картасы » бағдарламасы аясында, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 135 азамат оқу курстарын бітіріп, осыдан:



  • Өз бетінше жұмысқа орналасқан 34 азамат;

  • Әлеуметтік жұмыс орындарына 12 азамат,

  • Жастар практикасына 19 азамат;

  • Ұсынылған жұмыстан 12 адам бас тартты;

  • Объективті себептермен 25 адам жұмысқа орналастырылмады;

  • Жұмысқа орналастыруға тиісті 32 азамат бірінші жарты жылдықта орналастырылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарындарындағы жалақыны субсидиялау және жалақының орташа мөлшері:
Әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адамға бөлінген 27702,0 мың теңге орташа жалақысы 52,0 мың тенге, мемлекет тарапынан 26,0 мың теңге, жұмыс беруші тарапынан 26,0 мың теңге құрайды.

56 мекемемен келісім шарт жасалып, 167 адам әлеуметтік жұмысқа жолданып, бірінші жартыжылдықтың қаржысы толық игерілді.

Жыл басынан аудандық комиссяның 4 отырысы, жұмысшы тобының
2 отырысы өтті.

Жұмыс берушілер өздерінің ықпалды адамдарын тартқысы келеді. Осы себепті бағдарламаның жұмысын жетілдіру қиындық туғызуда. Осыған қарамастан 2012 жылы 16 сәуір күні «Жанақорған аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі мен «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Кейден ауылдық округі әкімдігі арасындағы әлеуметтiк қарым - қатынас орнату туралы меморандум жасалып, жастар тәжірибесіне - 20 адам, әлеуметтік жұмыс орнына - 10 адамды жұмысқа орналастыруға келісілді. 2012 жылы 17 мамыр күні «Жанақорған аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі мен «Байкен-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Байкенже ауылдық округі әкімдігі арасында әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамды, жастар практикасына 10 адамды, тұрақты жұмысқа 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге келісілді. Сонымен қатар, «Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Байкенже ауылдық округі әкімдігі арасында әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамды, жастар практикасына 50 адамды, тұрақты жұмысқа 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге келісілді. Алдағы уақытта ағымдағы жылдың шілде айына дейін аудандағы ірі мекемелермен дөнгелек үстел, келіссөздер, меморандумдар жасау жоспарланып отыр.



Бағдарламаның екінші бағыты бойынша шағын несиеге
75 адамға 112
млн 500 мың қаржы қаралған. «Шаңырақ», «Амина Финанс», «Бірлестік и Би» микрокредиттік ұйымдар кредит ресурстарына беру конкурсына қатысуға құжаттарын толық рәсімдеп, өткізді. Өз кәсібін ашуға және кенейтуге 283 адамнын мәліметі бар. 2011 жылдан игерілетіні 24 млн тенге қаржы 10 адамға несие берілді. Инфрақұрылымды дамытуға бір адамға 500 мың, барлығы 5 млн қаржыға сұраныстары бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 50 адамға 2 млн 824 мың теңге жоспарланып отыр.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша 2012 жылға арналған жобаны қаржыландыруға 82321,0 мың теңге қаржы бөлініп, М. Нәлібаев ауылдық округіндегі Б. Майлин, Сырғақ батыр, Т. Рысқұлов, С, Сағырбаев көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарына 53064,0 мың, Ақүйік ауылдық округіндегі Абай және А. Ертаев көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарына 29257,0 мың тенге қаржы және осыған 82 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының


2013 жылға арналған жобаны қаржыландыруға 124236,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Аудандық емхананың» күрделі жөндеу жұмыстарына 51370,0 мың, «Аудандық № 13 кәсіптік лицейдің» күрделі жөндеу жұмыстарына 72866,0 мың теңге қаржы және 116 жұмыс орнына «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен» келісім берілмей, қосымша жобаны қаржыландыруға 444933,0 мың теңге қаржы Жаңақорған кентіндегі № 3 мектеп интернатына - 145143,0 мың, № 5 «Балғын» бала бақшасына - 31618,0 мың, Жаңарық ауылдық округіндегі № 15 «Көгершін» бала бақшасына - 62181 мың, Байкенже ауылдық округіндегі № 193 орта мектебіне - 35279 мың, Шалхия ауылдық округіндегі № 86 орта мектепке - 29835 мың, Ақүйік ауылдық округіндегі № 55 орта мектептің жөндеу жұмысына қосымша спорт залы, асхана, шеберхана құрылысына -140877,0 мың тенге қаржы және 255 адамға жаңа жұмыс орны жоспарланды.
Аудандық жер қатынастарын реттеу саласы бойынша;

1. Жаңақорған ауданы бойынша Жаңақорған кенті және 32 елді мекен орталықтары бас жоспары 2008-2010 жылдары жасалған, ендігі жерде елді мекен шекараларын белгілеу қолға алынуда қажетті қаражат бөлінеді.

2. Облыс оның ішінде 2009-2010 жылдары аудан көлемінде жайылымдықтармен ондағы суландыру қондырғыларына түгендеу жүргізілген нәтижесінде ауданда 542,4 мың гектар жайылымдық бар болса, барлығы
266 ұңғымалы тағы басқа құдықтар, 51 бұлақтар бар екендігі анықталды. Осы суландыру көздері орналасқан жерлердің құқықтық жағдайын анықтау оларды иесіз мүлік ретінде тіркеу және заң аясында балансқа алуға байланысты әділет басқармасына сұраныс құжаты берілді. Суландыру қондырғыларын жөндеу қалпына келтіруге қажетті есептеме жасалуда келешек қаражат бөлінеді, тұлғаландыру жұмыстары атқарылады.

3. Аудан көлемінде елді мекендер бойынша жобамен анықталған базалық ставкалар мөлшері облыс әкімдігі және мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде анықталады.

4. ҚР Үкіметінен келген тапсырмаларына сәйкес аудан көлемінде
2011 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлерге түгендеу жүруде.

Өткен 2011 жылы 48 шаруа қожалықтың игерілмей жатқан 6516 гектар жері мемлекетке қайтарылып осы жерден қайта пайдалану мақсатында аукцион (конкурс) және « Сыбаға» бағдарламасына байланысты 3000 гектар жері қайта пайдалану үшін ауылшаруашылығы құрылымдарына берілді. Бұл жұмыс биылғы жылыда жалғасын табады.

5. Тұрғын үйлік үшін табысталған жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары 2005-2010 жылдар аралығына жүргізілді, іс-шараға сәйкес толық орындалды.

Түгендеу нәтижесінде 2542 учаскеге шешім берілсе оның ішінде құрылыс салынып біткен 307 учаске, құрылыс аяқталмағаны 1810 учаске, құрылыс басталмаған 425 учаске оның ішінде 350 меншік иесіне қатысты мәліметтер нақтыланып жер учаскесіне мақсаты бойынша пайдалану жайлы жер инспекциясы тарапынан ескерту берілді. Жалпы қорытынды бойынша жер учаскесін пайдаланбай отырған 75 жер учаске меншік иелері анықталып, ол кент әкімшілігіне жұмыс тобының ұсынысымен беріліп, бұрынғы берілген шешім күші жойылып, учаскелер қайтарылып алынды және кезекте тұрған кісілерге беру қолға алынуда.



Ауылшаруашылығы саласы бойынша

Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 631 шаруашылық құрылымдарының 341-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 145 шаруашылық күріш дақылын өсірумен айналысып отыр.

2012 жылы ауданда индикативтік жоспар бойынша 26772 гектар ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру межеленсе, нақты 27621 гектар, межедегі егіс көлемі 103 пайызға орындалды.

Оның ішінде барлық дәнді дақылдар - 12282 гектар болса,

оның ішінде: 8668 гектар күріш

2609 гектар бидай

50 гектар күздік арпа

455 гектар тары

500 гектар дәндік жүгері,

сонымен қатар - 754 гектар мақсары



55 гектар кұнбағыс

752 гектар картоп

1692 гектар бақша

647 гектар көкөніс

3317 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 8122 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

Биылғы жылы аудандағы инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектесіп орналасуы кестесі аудан әкімдігінің №15 қаулысымен бекітілді, онда дақылдардың ротациясы 2012-2019 жылдарға жасалды. Бұл кесте барлық ауылшаруашылық құрылымдарына басшылыққа алу үшін беріліп отыр.

Егілген егісті қажетті сапалы тұқым материалымен қамтамасыз ету жағдайы жасалды, барлық дақылдардың тұқымы себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. Әсіресе күріштің тұқымы тексеруден өткізіліп пайдаланылды.

Минералдық тынайтқыштар мен улы химикаттар қажеттілігіне сәйкес алынды, 2700 тонна азот және 325 тонна фосфор тынайтқыштары дақылдарға берілді.

2012 жылдың көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағамен 2040 тонна жанар- май бөлініп толық көлемде алынды.

Өсімдік қорғау шаралары бүгінгі күні жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы 5000 га жерге мемлекеттен саяқ шегірткеге қарсы өңдеуге қаражат берілді. Осы жұмыстар толық атқарылды, 4000 га шаруашылықтардың және 1000 га мемлекеттің қорындағы жерлер қамтылып өңделді. Сонымен бірге бақша дақылдарының қауын шыбыны зиянкесіне қарсы 650 га жерге мемлекет қаржысымен өңдеу шаралары жүргізу жоспарланған, бұл жұмыстар Сунақата, Жайылма ауылдық округтер аумағында жүргізілуде.

Ауданда 2009-2011 жылдары 7 шаруашылықта 139 га жеміс-жидек, жүзім егіліп күтімге алынған. Биылғы жылы «Рахман» шаруа қожалығы тамшылатып суғару технологиясымен 10 га жүзім егіп күтіп баптауда.

Ауданда кент орталығында жеке кәсіпкер Құламетов Ж. 0,12 га және Өзгент ауылында жеке кәсіпкер Сұлейменов Б. 0,06 га жерге жылы жай салған. Сонымен қатар 2011жылы «Серікбай» шаруа қожалығында 0,7 гектар жерге жылыжай құрылысы 78,0 млн теңгеге салынып, іске қосылды. Жылыжайда 16 адам жұмыспен қамтылған, кент орталығындағы «Нұрасыл» сауда орталығында өнімді делдалсыз тұтынушыға ұсыну үшін арнайы сауда нүктесін ашып отыр. Өткен жылы 62 тонна қызанақ, қияр өнімдері өндірілсе, биылғы жылдың басынан 13 тонна қызанақ өнімдері өндіріліп халыққа сатылуда.

Алдағы уақытта көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақты қалыптастыру мақсатында және ауылшаруашылығы өндірісінде өнім өнімділігін арттыруды көздейтін жаңа технологиялар, тамшылатып суару, жылыжайлардың көлемін ұлғайту жұмыстары қолға алынып ұйымдастырылуда.

2012 жылдың көктемгі егісіне дейін ішкі шаруашылық су жүйелері мен су тоспаларын жөндеу төмендегі көлемде орындалды:

- ішкі су жүйелері мен қашыртқыларды тазалау меже - 75 мың текшеметр болса, орындалғаны - 97 мың текшеметр;

- су тоспаларын жөндеу меже – 53 дана, орындалғаны - 53 дана;

- су тартатын қондырғы меже - 16 дана, орындалғаны - 16 дана;

- жайылымдық шабындық жерлерді суару меже -710 га, орындалғаны - 920 га.

Су жеткізіп беру қызметіне субсидия алу үшін аудан бойынша – 22 селолық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері, 23 281 га суармалы егіске, 424 886 мың текшеметр су көлеміне келісім-шартқа отырып тиесілі суды алуда.

Бұған қоса аяқ су мәселесін шешіп жақсарту мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- Сунақата а/о «Шаянка» каналының 5км және Сунақата каналының сағасы қазылды;

- Байкенже а/о «Күркіреуік» каналының 6,5 км сағасы қазып тазаланды;

- Қожамберді а/о М-2 каналының 400 метр жері қазылды;

- Қыркеңсе а/о Р-23-2 және Р-23-3 каналдарының 5 шақырымына қазып тазаланды;

- Екпінді а/о, «Ақбастау», «Жаманбала» аяқ су каналдары, 3,0 км қазылды;

- Байкенже а/о, «Дөңбай» каналының 4,0 км қазылды;

- Келінтөбе а/о, Р-10-4-1 каналы 2,8 км;

- Төменарық а/о, «Үміткүл», «Солжақты Қаңдыарал» каналдары, 13,3 км қазып тазаланды, 2 су тоспасы жөнделді;

- Қожакент а/о, К-2-14 су қашыртықысы, 4,0 км тазаланды;

- Қыркеңсе а/о, ОК-1-3 су қашыртқысы, 6,0 км тазалау жұмыстары;

- Өзгент а/о аяқ су каналының гидротехникалық құрылыстары мен өткелдері жөнделді;

- М. Нәлібаев а/о, «К-2-6-1», «К-2-6-2» су қашыртқысының 5 км мен елді мекен аумағындағы аяқ су каналдарының 3км қазып тазалау жұмыстары жұргізілді.

Аудан бойынша мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жақсы қолға алынып отыр. Атап айтқанда тауар өндірушілердің негізгі міндеті мал басын өз төлі есебінен көбейту, одан алынатын мал өнімдерінің көлемін арттыра отырып,оның сапасын жақсартып, нарыққа шығару.

2012 жылдың өткен 5 айында мал басы, оның ішінде мүйізді ірі қара 45964 бас, аналығы 14915 бас, қой мен ешкі 285673 бас, жылқы 9667 бас, түйе 1048 басқа жетті. Бұл экономикалық көрсеткіштер өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда артығымен орындалып отыр.

Жоғарыдағы мал басынан алынған өнімдер 2735,3 тонна ет, 4681,3 тонна сүт, 132,7 тн жүн және 787 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Соңғы жылдары тауарлы мал өсірушілер нарық сұранысына байланысты малдың өнімділігіне қарай, сонымен қатар өнім сапасына мән беріп келеді.

Ауданда асыл тұқымды уақ мал өсірумен айналысатын 15, асыл тұқымды сүт бағытындағы ірі қара өсірумен бір шаруашылық, асыл тұқымды жылқы өсірумен 4 шаруашылық бар және асыл тұқымды түйе өсіретін бір шаруашылық жұмыс жасауда. Осы шаруашылықтарда 40502 бас асыл тұқымды қойы, 363 бас сүт бағытындағы «Әулие ата» тұқымдас ірі қара, 229 бас асыл тұқымды қазақтың байырғы жабы тұқымдас жылқысы және 63 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы түйе малдары өсірілуде. Асыл тұқымды малдардан алынатын төлдің зоотехникалық есебі жартыжылдықпен айқындалады.

Ет өндіруді дамыту жөніндегі жұмыстарда Елбасының жолдауында көрсетілгендей, мүйізді ірі қара мал етін дайындау жөніндегі «Сыбаға» бағдарламасы ауданда жақсы қолға алынып, мал өндірісімен айналысатын шаруашылықтар қаржылай несиелерді алуға қол жеткізуде.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына мүше болуға ауданның қабілетті шаруа қожалықтары белсенділік көрсетуде. Бұл бағдарламаға өткен жылдан бері 12 шаруашылық мүше болып 101,2 млн теңге несие алды, бұған қоса 4 шаруашылық таяу күндері 46,0 млн теңге көлемде несиені алатын болады. Осы қаржыға 643 бас мүйізді ірі қара, 25 бас асыл тұқымды ет бағытындағы ақ бас сиырдың бұқасы сатып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасына мүше болған шаруа қожалықтары 2013 жылдан бастап бордақылауға ет бағытындағы бұқаларды бордақылау алаңдарына өткізе бастайды деп күтілуде.

Жыл аяғына дейін аудан бойынша 800 бас аналық және 25-30 бас ет бағытындағы қазақтың ақ бас сиырының асыл тұқымды бұқасымен аудан «Сыбаға» бағдарламасымен келесі жылға кіретін толық мүмкіндігі бар.

Мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыру жөнінде біршама жұмыстар атқарылуда. Ауданда 9 қолдан ұрықтандыру пунктері бар, қазіргі кезде «Мырзабай» шаруа қожалығы тұрақты түрде бұл жұмыстарды жүргізіп келсе, Сунақата, Төменарық және Жаңақорған кентінде жеке малдарды қолдан ұрықтандыру шаралары жыл басынан қолға алынып отыр.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу барысында Бесарық өңірінде «Тату-Агро» шаруа қожалығы егістік басында томат және жеміс-жидек өнімдерін өңдейтін цехты іске қосқан. Технология «Италия» мемлекетінен, тәулігіне 600 тонна томат пастасын шығарады,сондай-ақ тәулігіне 10 мың банкі томат пастасын құятын жабдықтар іске қосылды. Алдағы уақытта көкөністерді өңдейтін және көкөніс сусындарын «Тетрапакетпен» шығаратын технологиялық желісін алу жоспарлануда. Цехта 30 адам тұрақты жұмыс жасайды, маусымдық кезеңде 300 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Ауданда агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру негізінен егін және мал шаруашылығы өндірісін дамытуда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қарасты «Қамқоршы» несие серіктестігі мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілеттігі арқылы жүргізілуде.

«Қамқоршы» несие серіктестігінде өткен жылы 48 құрылтайшысы болған, 2012 жыл басында құрылтайшылар саны 69-ға жетті.

2011 жылдың аяғында алдағы көктемгі егіс үшін 5 шаруашылық 40,4 млн теңге несие алған, үстіміздегі жылы 2 шаруашылық 10,0 млн теңге мал шаруашылығына бағытталған несие алуға қол жеткізді.



Сондай-ақ ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтитын «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның біздің облыстағы өкілеттігі, 2012 жылы мал шаруашылығын асылдандыру дамыту мақсатында несиелер беріп, жеке азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына мүмкіндік жасап отыр. Өткен 2011 жылы осы қаржылық институт арқылы аудан тұрғындары ауылшаруашылығына бағытталған, 19 адам 14450 мың теңге, үстіміздегі жылы 5 адам 3800 мың теңге сомада жеңілдетілген несие алуға қол жеткізді.

Жаңақорған ауданында балық шаруашылығына маңызы бар 16 көлдер мен су тоғандары есепте бар. Оның ішінде 2 су тоғаны су шаруашылығы мекемесінің теңгерімінде. Осылардың 14–і тендер арқылы пайдаланушыларға 10 жылға берілген болса, «Өзгент», «Қалғандария» -2 көлдің балық шаруашылығына перспективалық маңызы бар екені ескеріліп, тауарлы балық өсіретін шаруашылықтар статусын алуға құжаттары облыстағы тиісті орындарға тапсырылған. Сондай-ақ аталған көлдердің аймағында гидротехникалық су тоспалар салу, дамбаларын көтеру жұмыстарына сметалық құжаттар дайындалып облыстық бюджеттен қаражат бөлдіруге ұсыныс беріліп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет