Алматы облысының
білім басқармасына
«Талғар медициналық колледжі» мекемесі бойынша Балалар жылына орай төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
Жастардың салауатты өмір салтын сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы мен медициналық сауаттылықтарын дамыту бағытында «Біз салауаттылықты таңдаймыз» атты тақырыпта «Денсаулықты нығайту негіздері» пәнінің оқытушыларымен дәрістер оқылып, «Талғар медициналық колледжі» мекемесінің құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Ж.Досбаевпен кездесу өткізілді.
Студенттік Парламент мүшелері балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Мобильді көзқарас: жаздың бір күні» челленджін ұйымдастырды.
Білім алушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде Талғар аудандық жастар ресурстық орталығының маманы А.Шуменовамен кездесу өткізіліп, 187 білім алушы қатысты.
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында 5 спорттық шаралар өткізіліп, 146 білім алушы қатысты. Жарыс жеңімпаздары Алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Табиғатты қорғау, экологиялық білімдерін дамыту мақсатында «Өмір сүр ғаламшар» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
«Менің болашағым» тақырыбында өткізілген пікіралмасуға 123 білім алушы қатысып, өз ойларын еркін пікіралмасу арқылы және фотосуреттер салу арқылы жеткізді.
Жасөспірімдер арасындағы Кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Сөз семсер» дебаттық клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен пікірсайыс өткізіліп, 64 білім алушы қатысты.
«Балалардың игілігі үшін» акциясы аясында алыс елді мекендерден келіп, жатақханда тұратын 66 білім алушыға колледж әкімшілігінің демеушілігімен азық-түлік пакеттері таратылды.
«Талғар медициналық колледжі»
мекемесінің директоры Ж.Досбаев
Достарыңызбен бөлісу: |