«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мм «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды



Дата01.07.2016
өлшемі47.41 Kb.
#170586




«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі № 36“б”, тел/факс: (8-7282)40-10-49; 30-59-50, электрондық пошта: obl.til.damytu.5@mail.ru.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) толтырылған сауалнама 3х4 үлгідегі суретімен;

3) білім туралы құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды.
Конкурстың өтетін мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі № 36“б”.



  1. Әкімшілік және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бос лауазымдық орын (D-O-4 санаты, индекс № 04-03).

Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: Басқарманың қаржылық және материалдық қорларының есебі, бақылау және талдау, басқарма қызметкерлерінің жалақысы бойынша есептер жүргізу. Жинақтау зейнетақы қорына есептемелер және аударымдарды жүзеге асыру. Бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдерді есептеу және аудару. Салық органдарына және статистикалық мекемелерге есептер беру. Бюджеттік тапсырыстарды дайындау. Басқарманың жылдық қаржыландыру жоспарын жасау. Басқарманың балансын және жиынтық есептерін құру үшін мәліметтер әзірлеу. Кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есептер құру. Бас кітапті жүргізу, бухгалтерлік есептерге түсініктеме жазбахаттар құру. Ерекшеліктер бойынша кассалық және нақты шығыстарды тарату. Басқарманың экономикалық жоспарлауы бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Төлемдердің барлық түрлері бойынша банктік құжаттар әзірлеу. Басқармадағы тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуына жауапкершілік жүктеледі. Негізгі құралдар мен ТМҚ инвентаризациясын жүргізу, оларды есептен шығаруға акт жасау. Келісімшарттарды әзірлеу және жасау, конкурстық комиссия хаттамаларын ресімдеу, басқарманың Интернет ресурсында мемлекеттік сатып алулар саласында заңнамаға сәйкес ақпаратты орналастыру. Мемлекеттік сатып алулар бойынша басқарманың ақпаратын әзірлеу және есеп беру. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың лоттарын қалыптастыру кезінде әлеуметтік-маңызды жобалар конкурстарын өткізу. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес әлеуметтік жобалардың және баға ұсыныстары бойынша техникалық ерекшелігін дайындау. Мемлекеттік орган басшысымен белгіленетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.

Білімі, мамандығы: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесіне көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-5, С-R-3, D-5, D-O-5, E-4, E-R-3, санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәреженің болуы.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет