Конкурс жариялайды «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі»



Дата12.07.2016
өлшемі68.56 Kb.
#195146
түріКонкурс
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына бос орындарына жалпы конкурс жариялайды


  1. «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маман - заңгер. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4, 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қадағалау алқасының жоғарғы сотта, І және ІІ сатыдағы, апеляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда, мемлекеттік органдарда, мекемелерде және меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарда «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің мүддесін қорғау. Кінәрат-талап арыз жұмыстарын жүргізеді (сот алды кінәрат, талап-арыздарды, кері шақыртуды, қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап-арызды, аппеляциялық және кассациялық шағымдарды және т.б. дайындау). Барлық сатыдағы сот дауларына, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуге қатысу, сот отырысының хаттамаларымен танысу, олардан үзінділер жасап, көшірмелерін жасау, қарсылық, қолдаухат жасау, дәлелдемелер ұсыну, түсініктеме беру, әр түрлі мәселелер бойынша өзінің дәлелдерін келтіріп, қарсылық білдіру, сондай-ақ бітімгершілік келісім жасасу және басқа да заңды әрекеттер жасау. Бөлім қызметкерлеріне құқықтық кеңес беру. Нормативтік құқықтық актілерінің, шарттарының, іс жүргізу құжаттарының жобасын, сондай-ақ Бөліммен әзірленетін басқа да заңгерлік сипаттағы құжаттарды, басқа Бөлімдермен әзірленген жағдайда келісумен әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, Бөлімде құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды құрастырып, жүзеге асыру. Шарттардың уақытылы жасасу, олардың заңнама талаптарына, шарт бойынша сәйкестігін қадағалау, шарт бойынша міндеттері орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда экономикалық шаралар қолдану. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қолдану. Жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын қадағалау және жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды орындау. Бөлім қызметкерлері тарапынан бұзушылық деректері бойынша қызметтік тергеу жүргізу. Жыл сайын Бөлімнің номенклатурасын құрау және оны келісу. СҚО Әділет басқармасында құқығын куәландыратын құжаттарды ресімдеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: Құқық (құқықтану) бейіні бойынша.

Тиісті санат үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының орнын басуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасы заңнамасын білуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-II Заңы, «Тұрғын үй қатынасы туралы» 1997 ж. 16.04. № 94- I Заңы, 2003 ж. 20.06. № 442- II Жер кодексін, ҚР 2015 жылғы 23.11. № 414-V ҚРЗ білуі.

«ҚР Нормативтік құқықтық актілер туралы», ҚР Бюджеттік кодексін, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын білуі.

Осы санат лауазымы бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті өзге де міндетті білімдер.



2. «Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маман – инженер-құрылысшы, санаты Е-R-4, 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өкілеттілігін және қызметін жүзеге асыру. Құрылыс барысы және барлық салынып жатқан объекттердің пайдалануға уақытылы тапсырылуы жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Орындалған жұмыстар көлемін орынға шығып, тексеру және Ф2 және КС-3 нысанындағы орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып куәландыру. Объектілерді пайдалануға енгізуге қатысу және объектті пайдалануға қосу актілерін ресімдеу, қол қою. Уақытылы сұраным жасау, жобаланып жатқан объекттерге, инженерлік-коммуникациялық желілерге техникалық шартты алу және келісу бойынша жұмыстарды жүргізу. Өндіріске түскен құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарастырып, жауап беру. Салынған және жоспарланған объекттер құрылысы бойынша талдау жасау. Жоба алды және жобалау – сметалық құжаттамаларды, құрылыс объекттеріне техника-экономикалық негіздемені, қала құрылысының бас жоспарын әзірлеуге және ұйымдастыруға қатысу. сонымен қатар мемлекеттік сатып алу порталына жобалау-сметалық құжаттамасын енгізумен айналысу. Жер жұмыстарын жүргізуге ордер ресімдейді. Жұмыс жүргізуге рұқсат ресімдейді. Сметалық нормативтерді білуі және «SANA» бағдарламасымен жұмыс істей білуі қажет.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс) бейіні бойынша.

Тиісті санат үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының орнын басуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасы заңнамасын білуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-II Заңы, «Тұрғын үй қатынасы туралы» 1997 ж. 16.04. № 94- I Заңы, 2003 ж. 20.06. № 442- II Жер кодексін білуі.

Осы санат лауазымы бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті өзге де міндетті білімдер.

«E-R-4» санаты үшін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнын алуға үміткерлердің тестілеу бағдарламасы өзіне мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлық туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңдарын білуді қосады, сонымен қатар құзыреттіліктің бар болуына тестілер: ынталылық, қатынастық, ұқсастық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдар, тұтынушыға бағдар, сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық.

      Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысандағы өтініш;

2) бекітілген нысан бойынша 3х4 көлемінде суретпен толтырылған сауалнама;

3) нотариалдық куәландырылған, білім туралы құжаттарының көшірмелері;

4) нотариалдық куәландырылған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құжаттарды мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 тіркелген) нысан бойынша денсаулықтың жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

7) құжаттарды беру сәтінде іс-әрекет ететін, деңгейлік мағынасынан төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуді өту туралы куәлік;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру сәтінде күші бар, уәкілетті органда жеке тұлғаның қасиеттерін бағалауды өту туралы қорытынды (немесе нотариалдық куәландырылған қорытындының көшірмесі).

Осы Қағиданың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат беріледі. Сомен бірге «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады. Егер азамат еңбек қызметін атқармаса және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде Petropavlovsk@sko.kz электрондық почта, не E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктермей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жағарыда аталған Қағидаларының 30 - тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Петропавл қаласы әкімдігінің және ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150008, СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі, 426 кабинет немесе Petropavlovsk@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152) 50-30-09 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет