Алматыда өткен «Sabre Корпоративтік саяхаттар 2015» конференциясында іскери сапарларды ұйымдастыру – Үнемділік, Мобильділік, Сапа мәселелері талқыланды



Дата15.07.2016
өлшемі33.75 Kb.
#200359




Алматыда өткен «Sabre Корпоративтік саяхаттар 2015» конференциясында іскери сапарларды ұйымдастыру – Үнемділік, Мобильділік, Сапа мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Орталық Азия нарығына

Sabre корпорациясы еніп келеді
2015 ж. 25 қараша, Алматы, Қазақстан – Бүгін Алматыда Sabre Корпоративтік Саяхаттар, SCTC 2015 халықаралық конференциясы өтті.

SCTC 2015 – әлемдік туризм индустриясында шешімдер мен қызметтердің жетекші жеткізушісі Sabre Corporation ұйымдастырған және іскери туризмге арналған Орталық Азиядағы ірі оқиға. Конференция ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Алматы қ. Әкімдігінің Туризм басқармасы, «Атамекен» Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Туристік сала комитеті, Қазақстан Туристік ассоциациясы, Қазақстан Қонақ үй және Мейрамханалар ассоциациясының қолдауымен өтті.

Биылғы жылы SCTC 2015 тақырыбы "Іскери Сапарларды Ұйымдастыру - Үнемділік, Мобильділік, Сапа" деп аталды. Конференция барысында іскери туризм саласындағы қызметтердің жетекші жеткізушілері, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстанның бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен халықаралық әуе компанияларының, шетелдік және отандық қонақ үйлердің басшылығы сапарды жоспарлау және ұйымдастыру, сатып алуды өткізу және шығындарды оңтайландыру, әуе билеттері және қонақ үйлерді брондаудың халықаралық тәжірибесі туралы әңгімеледі.



Конференция шеңберінде журналистер үшін жеке баспасөз конференциясы өткізілді, мұнда Sabre компаниясының Қазақстан нарығына кіретіндігі жария етілді. Sabre корпорациясы Abacus International компаниясын иеленіп, сол арқылы Орталық Азия нарығына кірді.
Павел Спицын, «Sabre Central Asia» компаниясының Бас директоры: «Биылғы жылы бүкіл бизнес қауымдастығына бизнес сапарларды мейлінше тиімді басқару және шығындарды оңтайландыру қажеттілігін көрсететін көптеген оқиғалар болып өтті. Осы себепке орай қазіргі конференция ерекше маңызға ие. Бүгін түрлі компаниялардың топ-менеджерлері мен жетекші сарапшылары өз тәжірибесімен ой бөлісіп, корпоративтік сапарларды басқару, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оңтайландыру бойынша халықаралық тәжірибе туралы әңгімеледі. Белгілі бір экономикалық қиындықтарға қарамай, іскери туризм Қазақстанның туристік саласының жетекші бағыты болып қалуын жалғастырып келеді. Біздің нарыққа Sabre компаниясының кіруі осыған жарқын мысал болып табылады. Sabre компаниясының Орталық Азия нарығына кіруі заманауи технологияларды қолдану, сондай-ақ қазақстандық компанияларды озық халықаралық тәжірибемен таныстыру тұрғысынан туризмді дамытуға үлкен перспективалар тудырады".

Конференция шеңберінде мемлекеттік органдардың, ассоциациялардың, бизнес қауымдастықтардың іскери туризмнің шетелдік сарапшыларымен, халықаралық әуе компаниялары және қонақ үй өкілдерімен жемісті кездесулері өтті.
Singapore Airlines, Etihad Airways, SCAT Airlines, Ukraine International Airlines әуекомпаниялары мен Rixos, Ramada, Premier Hotels and Resorts, Chagala, KazZhol, Tien Shan Hotels, Rahat Palace Hotel, Comfort Hotel Astana қонақ үйлер тізбегін қоса алғанда, әуе индустриясы мен қонақ үй бизнесінің негізгі компаниялары іс-шараның ресми демеушілері атанды.

SCTC 2015 конференциясы туралы толық ақпаратты www.CorporateTravel.expert сайтынан қараңыз.



###
Sabre_туралы__Sabre_Corporation_(NASDAQ:_SABR)'>Sabre туралы

Sabre Corporation (NASDAQ: SABR) – әлемдік туризм және саяхат индустриясына арналған технологиялардың жетекші жеткізушісі. Жүздеген әуе компаниялары мен мыңдаған қонақ үйлер Sabre дистрибуциясы бойынша бағдарламалық жасақтаманы, деректер базасын, ұтқыр технологиялар мен шешімдерді пайдаланады, мұның өзі оларға әуеде ұшу мен қонақ үйде тұруды брондау, табыстарды басқару, ұшу кестесін, желілердің дамуын және экипаждардың ресурстарын басқару сияқты бизнестің негізгі функцияларын жүзеге асыруға көмектеседі. Sabre сондай-ақ жиынтық айналымы жылына 120 млрд-тан астам АҚШ долларын құрайтын туристік қызметтерді сатып алушылар мен жеткізушілерді байланыстыратын саяхат индустриясының көш бастаушы сауда алаңын басқарады. Компанияның штаб-пәтері Саутлейк қаласында (Техас, АҚШ) орналасқан. Sabre дүние жүзі бойынша 160-тан астам елде өз клиенттеріне қызмет көрсетеді. Sabre туралы толығырақ www.sabre.com сайтынан қараңыз.

Медиа байланыстар

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды өтінеміз:

Азамат Зейнолла, email: azamat.z@actionprgroup.com немесе +7 727 272 20 95 телефоны бойынша

Еркін Тікенов, email: Yerkin.Tikenov@sabre.com немесе +7 727 3121717 телефоны бойынша







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет