Тақырып:З.Фрейд, К. Г. Юнг, А. Шутценбергтің психогинетикадағы еңбектері
Орындаған:Қайролла А.А Топ:ПС-103
Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта . Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Психоаналитикалық зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар тәуелділік регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктерін қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді. Ал егер ол өз өзіне тұйықталса, психикалық бұзылысқа ұшырайды. Мұндай адамдар үшін есірткі эйфория туғызу арқылы фрустрациядан арылу жолы. Қоғамдық пікір және есірткі өшпенділік пен кінә сезімін күшейтеді. Нашақордың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауының себебі оның толық емес «менінің» салдары. Психоаналитикалық бағыттың көптеген авторлары нашақорлықты мастурбацияның бір түрі ретінде қарастырса да, зерттеу бойынша психосексуалды дамудың оральды кезеңінде болатын ішкі жекелік қақтығыс деді. Регресс түсінігінің мәні жеке тұлға өмірі оңай болған, қорқыныш, қиыншылық болмаған даму кезеңіне қайта оралады. Яғни регресс дегеніміз «меннің» ауру мен фрустрация алдындағы әлсіздігі. Бұл бағыт психоанализде сынға алынған жоқ. Бірақ психоаналитикалық тәсіл арқылы тәуелділікті емдеу мүмкін емес. Себебі нашақорлық «ата-ана-бала» қатынасының және балалық шақтағы соққының салдары емес деген тұжырымдар айтылды. Нашақорлық жеткіншек шақтағы ересектер мен бала арасындағы қарым-қатынастағы қақтығыстың салдарынан немесе жеткіншектер ортасының психикалық қысымының негізінде қалыптасады. Қарым-қатынас сферасы нашақорлықтың дамуына негізгі тәуелділік «құмарту»жеткіншек жастан дамиды.
Психоанализ - батыс адамының рухани дағдарысының өзіне тән көрінісі және оның шешімін іздеудің талпынысы. Бұл психоанализдің соңғы кездегі бағыттарынан - «гуманистік» және «экзистенциалдық» анализдерден (сараптаудан) айқын көрінеді. Өзімнің «гуманистік» тұжырымдама ма көшпес бұрын, Фрейдтің жүйесі,кең тараған,мүлде қайшы түрде, «науқас» және «емдеу» деген ұғымдар аясынан шығып кеткендігін,оның жаны сырқат ауруларды емдеуге ғана емес, дұрысы, адамды «құтқаруға» бағытталғанын айтқым келеді. Бір қарағанда, Фрейд психикалық ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап, осы мәселеге күллі мүддесі мен өмірін бағыштаған адам. Алайда, тереңірек үңілсек,невроздарды медициналық жолмен емдеудің астарында Фрейдтің қызметінде аңғарыла бермейтін,оны өзі сирек сезінген мүдде жатқаны аңғарылады. Осы біржасырын немесе тек қана имплицитті тұжырымдама психикалық ауруларды емдеуден гөрі, «ауру» және «емдеу» ұғымдарының аясынан кеңірек мәселеге қатысты болған сияқты. Ол не? «Психикоаналитикалық қозғалыстың» негізі не еді? Фрейд болашақтағы адамды қалай елестетті? Оның қозғалысының іргестатық догматтары қаңдай? Бұл сауалдардың ең айқын жауабы, шамасы, Фрейдтің мына сөзінде жатыр: «Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Оның мақсаты иррационалды және санадан тыс нәрсенің бәрін ақылға билету болатын;адамды оның барлық мүмкіндіктеріне сәйкес санадан тыс нәрсенің құрсауынан босату еді.Ол сол күштерді өз бойынан сезінуге, бақылап - басқару отыру үшін оларды игеруге тиіс.Фрейдтің мақсаты ақиқатты, шын жағдайды мейлінше тану болатын.Ол үшін бұл (тану) мына дүниеде адамға бағыт берудің жалғыз тал сәулесіндей болды. Оның мақсаттары - рационализмнің, Ағарту философиясының, оның этикасының дәстурлі мақсаттары. Егер дін мен философия осы өзін өзі бақылау мақсаттарын утопиялық түрде қойса, Фрейд бұған бірінші болып ғылыми негіз жасап берген (санадан тысты зерттеу арқылы) адам болған - немесе, өзі солай деп есептеген - демек, осы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Фрейд батыс рационализмнің асқар биігі...
Индивидті қарастырарда Фрейдті философиялық және этикалық мақсаттар әдеттегіден тыс аландатты. Психоанализге кіріспе бойынша жасаған лекцияларында ол әлделбір мистиктердің тұлғаны түбегейлі өзгертуге іс жүзінде талпынып көргені жайлы айтады. «Біз,-дейді Фрейд, - психоанализдің терапиялық ұмтылыстары мәселені осылай қоюға жақын екенің мойдауымыз керек. Олардың діттегені Ego-ны күшейтіп, оны Super-Ego-дан мейлінше тәуелсіздеу ету, бақылау аймағын ұлғайтып,индивидтің жаңа тұстарына қол жетерлік жағдай жасау. Анау болған жерде Мен тұруға тиіс». Фрейд «адам нәтін невротикалық симптомдардан, мінез-құлқын бәсендік пен қалыпты еместігінен құтқаруды мақсат ететін психоаналитикалық терапия туралы осы ниетпен сөйлейді. Сонымен,ол үшін аналитиктің (сарапшының) бейнесі қарапайым доктордан, «емдеуші дәрігерден» биіктеу. Аналитик, егер ол пациент үшін кейбір аналитикалық мезеттерде өнеге ретінде, ал кейде мұғалім ретінде қызмет етуге тиіс болса,белгілі бір мағынада үстем жағдайда болуы керек. «Ақыр соңында,-деп жазады Фрейд,-аналитик пен пациент арасындағы қарым-қатынастар ақиқатқа деген сүйіспеншілдікке яғни, шындықты мойындауға негізделуге, сол аркылы ұятты да,алдауды да ысырып қоюға тиіс». Фрейдтің мұнда көрсетілген принциптерінің біріншісі - өзгертуші білім, оған сайсақ, теория мен практика бір-бірінен бөліп алғысыз нәрселер-өзімізді тану актісі арқылы біз өзімізді өзгертеміз (трансформациялаймыз). Фрейд осы заманғы батыс адамына тән нәрсені-саналы ойды шектен тыс, асыра бағалауды құптаған жоқ. Керісінше, ол біздің санамыз біздің барлық психикалық процестеріміздің шағын бөлігі ғана, оның үстіне онша маңызды да емес,біздің өз ішімізде санамыздан тыс күйде отырған қараңғы және иррационалды бастаулардың ғаламат күшімен салыстырғанда бұл тіпті,болмашы деп есептеледі.Адам табиғатының шынайылығына жету үшін Фрейд еркін ассоциациялар тәсілінің көмегімен саналы ой жүйесін бұзғысы келді. Еркін ассоциацияларды пайдалану арқылы қисынды, саналы, конвенционалды ойлау кедергісінен асу қажет болды. Бұл біздің тұлғамыздың алғашқы құнар-бастауына,санадан тысқа әкелуге тиіс еді. Фрейд үшін адам-либидосы ғана қозғайтын, қозудың ең кемшін дәрежесін сақтау принципімен реттелетін машина еді. Адам өзгелермен тек қана инстинктік құмарын өтеудегі екі жақты қажеттілік үшін араласатын тіршілік иесі ретінде көрінетін.Фрейдтің ләззат рахаты-кернеген қиындықтың азаюы. Бүтін адамның интеллектісі мен аффектілері екі айырылған соң,оның бойында Ағарту дәуірі философтары айтатын «Мен» ғана қалды. Мистикалық тәжірибе ол үшін инфатильді нарциссизмге қарай құлдыраумен бірдей еді.
Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.
Төртінші томда ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастырудың теориясын жасаған кеңестік ғалымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.
П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.
Бесінші томда гуманистік психологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көзқарастары баяндалған. Бұл томда К.Роджерстің “Кеңес беру өнері мен терапия” деген еңбегінен жеке тұлғаны зерттеу тәжірибесінен үзінділер келтірілген.
Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.
Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен оқытудағы ситуациялық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған.
Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.
Осы томға қазіргі кездегі батыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиаже, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, сонымен қатар ресейлік авторлардың жұмыстарынан жекелеген еңбектер енгізілген.
Сегізінші том “Жеке тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен беріліп, онда А.Адлердің “Балаларды тәрбиелеу” және “Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлғасы, оны тәрбиелеу мәселелері, балалар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арналған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін психоанализді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғымдарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің “Санадан тысқарының мәселесі” деген еңбегінен де үзінділер аударылған.
Тоғызыншы томда ХХ ғасырдағы кеңес және шет ел психологтарының (С.Л.Рубинштейн, Л.Леви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психологиясы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзінділер берілген. Ойлау психологиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ретінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады.
Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің теориялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Роджерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтейбойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айтқан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-табиғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсуге мүмкіндігі мол, өйткені “үмітсіз – шайтан” дегендей, онда болашақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылушылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсынылған.
Бұл түйіндер полиэтностық Қазақстан үшін аса маңызды. Елімізді 130-дай этнос өкілдері мекендейді, олардың тұлғалық психологиясының қалыптасу жолы да бірдей емес. Осы мемлекетті құрайтын қазақтардың өзі де біркелкі емес. Олардың бірі – ада қазақ (мәңгүрт), екіншісі – шала қазақ, үшіншісі – жаңа қазақ (байлар), сондай-ақ, орта тап, кедей-кепшік болып кете береді. Бұлардың өмір жолы, мақсат-мүддесі, талап-тілегі әр түрлі. Формасы – қазақ, ішкі жан дүниесі қазақ емес жандардың да қалаған мақсатқа сай өзін-өзі жетілдіре түсуге, өзін айналасындағыларға таныта алуға ұмтылатыны сөзсіз. Осы айтылғанға орай, бізде гуманистік психология ұсынған проблемаларды зерттеу аса тиімді болмақ.
Ол үшін еліміздегі әр түрлі этнос өкілдерінің, әсіресе қазақ халқының психологиясын зерттейтін мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми-зерттеу институтын ашуымыз қажет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін болса, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді.
Бірер сөз осы басылымда кездесетін әттеген-айлар .
Мақаланың басында 40-50 мың жыл тарихы бар адамзаттық өркениеттің қай дәуірінде болсын жан мен тән мәселесі елеулі орын алған. Бірақ тарих әлемінде бұлардан жөнді із қалмаған. Бізге жеткен екі жарым мың жыл бұрын жазылған Аристотель еңбектері басылымға кірмей қалған.
Нақтылап айтсақ, кеңес, орыс психологиясынан 5 том аударылса (1,2,4,6,9 томдар), Батыстың классикалық психологиясынан 2 том (3,8), Америкадан 2 том (5,7) тәржімаланған. Аудармадағы бұл теңсіздік бізді ойлантады. Өйткені классикалық психология батыс елдерінде (Англия, Франция, Германия, Швейцария, т.б.) ерекше дамыған еді және олардың еңбектері кезінде орыс тіліне . Әлемдік психология жинағында осы ғылымды тек орыстар жасағандай түсінік туады. Бұл еуроцентризмнің нұсқасы болып шыққан. Сондай-ақ аталмыш томдарға шығыс психологиясының ірі өкілдерінің (әл Кинди, Ибн Сина, Ибн Рошд т.б) еңбектері де (бұлардың бәрі орыс тіліне аударылған) енбей қалған. Әлемдік психологияға шығыс халықтарының қосқан үлесін де ұмытуға .
Осынау іргелі басылымға әлемдік психологияның “ең, ең ” деген ірі өкілдерінің . Мәселен, кеңес психологиясында теориялық тұжырымдамалар құрған А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальпериндермен қатар есімдері ғылыми әлемге онша мәлім емес психологтардың (Ю.Д.Бабаева, Н.Б. Березанская, И.А. Васильев, Н.И. Сачко, Н.И. Салмина, В.П. Сохина, т.б.) орын алуы – он томдықтың бағасын төмендетіп жүрмей ме деген ой келеді. Мәселен, Салминаның (толық аты-жөні, ғылыми лауазымы беймәлім) “Бастауыш мектепте сандарды және олармен әрекет етуді оқыту” атты мақаласының ең болмаса қайда, қашан жарияланғаны туралы мағлұмат жоқ. Осындай жағдай В.П.Сохинаның “Алғашқы математикалық түсініктер қалыптасуының психологиялық негізі ” атты мақаласына да тән (ІV т, 427-471-беттер).
Аты-жөні аталған авторлардың материалдары кеңес психологиясында ХХ ғасырдың 40-60 жылдары жасалған ғылыми тұжырымдамаларды . Бұлардан теориялық түйіндер мен ғылыми жаңалықтар табу қиын. Олай болса, осы авторларды әлемдік психологияның көрнекті өкілдерінің қатарына .
Психология – интернационалистік ғылым. Бұл ғылымның қалыптасып, дамуына үлес қоспаған ұлт өкілдері кемде-кем. Осы тұрғыдан қарағанымызда 10 томдықта немістен – В.Вундт, Г.Гельмгольц, француз Р.Декарт, Рибо, ағылшын Т.Гоббс, Дж. Локк, швейцар Ж.Пиаже, т.б. орын алуы керек еді дейміз. Бұл есімдердің қай-қайсысы да психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар екені белгілі.
Төл тілімізде тұңғыш жарық көріп отырған осы басылымның үлкен бір кемшілігі – тіл жұтаңдығы. Мұнда ана тіліміздің аса бай лексикалық қорын молынан пайдалану мен ұлттық сөз саптау ерекшелігімізді қолдана алмаудан туындайтын кемшілік жәйттер баршылық. Аудармашылар көбінде мәтінді сөзбе-сөз аударамын деп, қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да, психология ғылымының мән-мағынасын да бұзып алған. Бұл айтқанымызға төмендегідей тіркестер жақсы дерек бола алады. “Олар сүйеді және сүйікті болады, секс кезінде үстіңгі және астыңғы позицияларда (?!) болады, өздері қалжыңдайды және басқаларға қалжыңдауға мүмкіндік береді” (5-том, 323-бет). Келесі осындай бір дерек, 3-томнан алынып отыр. “Ол (яғни, түс көру – Қ.Ж.) біздің сергек өмірдегі белгілі рухани құбылыстармен бірге ортақ тізбек құруы ықтимал (71-бет), ол түсті шешуді жақындатады және сондықтан (?!) қарсыласуға ұшырайды (173-бет), … ұйқының ортасында оятатын түстер теориялық қызығушылықты көбірек туғызады” (190-бет). Бұл тіркестерді оқу да, түсіну де қиын.
Аударылған рухани дүниелер туралы қорыта келе айтарымыз: әлемдік психология туындыларының төл тілімізде тұңғыш рет жариялануы аса құптарлық жәйт. Аудармашылар қазақ оқырмандарын осы туындылармен жәй таныстырып қана қоймай, бұлардың еліміздегі психология ғылымының дамуына түрткі болатындай жағын, бізде өріс алуға тиісті кешенді, іргелі зерттеу жүргізуге ықпал ететіндерін (мәселен, гуманистік, психоаналитикалық психология) ойластырған. Осынау аудармалардың төл тіліміздегі психологиялық ұғымдар қорының молая түсуіне де себепкер болатыны сөзсіз. Бұл басылым әлемдік психология мен қазақ психологиясының сабақтастығы қандай деңгейде тұр дейтін проблеманың қойылуына да мұрындық болары хақ.
Әлемдік психологияның соңғы оныншы томына қазақ психологиясының тарихына байланысты материалдар белгілі бір жүйе бойынша енген. Бар-жоғы бір томдық болса да бұл — өте құптарлық жәйт. Қазақ халқының сан ғасыр бойына осы салаға қатысты жиған-терген інжу-маржандары әлемдік психологияның қатарынан орын алуы елдігіміздің басты белгісі екендігінің айғағы.
Халқымыздың психологиялық ой-пікір тарихының қалыптасып, даму жолын қазақ елінің азаматтық тарихымен орайластыра отыра, бұл үрдісті негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс тұжырым деп есептейміз.
Мұның бірінші кезеңі – VІ-XІV ғ.ғ. басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп-төркіні. Бұларға ежелгі түркі ескерткіштері “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған”, Орхон-Енисей жазулары мен Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фарабидің, Ж.Баласағұни, т.б. тағылымдарын жатқызу ләзім. Екінші кезең қазақ хандығының құрылу дәуірінен басталып (1456) Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің дамуын қамтыса, үшінші кезең психология ғылымының кеңестік Қазақстанда маркстік идеялармен рухтанған, яғни коммунистік идеологияның дәурендеген кезеңіне тұстас келеді.
Осы томды құрастырушылар қазақ халқының ғасырлар бойы қордаланып, сұрыпталған әр түрлі сипаттағы психологиялық түйіндерін төл тілімізде белгілі жүйемен беруді мақсат тұтқан.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың қазақ топырағында дүниеге келіп, артына тәлімі мол ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені – бүгінгі біздер үшін зор мақтаныш.
Осыған орай томға “шығыс Аристотелінің” жеке психологиялық еңбектері, оның іргелі туындысы — “Өлең өнерінің қағида-лары туралы трактатынан” қазақ психологиясына ерекше қатысты мәліметтер беріліп отыр.
Психологиялық тұрғыдан оның “Музыканың үлкен кітабы” атты трактатының мәні де ерекше. Әбу Әли Ибн Синаның даңқы “Медицина ғылымының каноны ” арқылы бүкіл әлемге мәшһүр болса, Әбу Насыр әл-Фараби де аталмыш еңбегімен бүкіл әлем . Бұл синтетикалық (жиынтық) шығарма. Мұнда музыка психологиясының мәселелері терең баяндалған.
XV ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық ойлар дала философы атанған Асан Қайғы толғауларымен, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік Дала ғалымы аталған еңбегінде адамның жан құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабілет, т.б.) туралы біраз мағлұматтар . Ғұлама адам иіс түйсігін – мүңк (қазіргі иіс), татым (дәм), ойлауды “ойламалық”, сөйлеуді “сөйлемелік”, миды “мияқ” атауларымен . Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл жанды дүниедегі тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек десе де, мидың атқаратын рөлін де жоққа . Оның адам есіне, ойлауына байланысты ой түйіндері мен нақты мысалдары қазіргі ғылым тұрғысынан дәйекті де нанымды. Осындай психологиялық ой-пікірлерді екінші дала ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати да айтқан. Оның қазақ халқының өзіндік психологиясы, ел басқару, дін мен денсаулық, ұрыс жүргізу туралы айтқандары психологиялық тұрғыдан ерекше назар .
Қазақ халқының азуы алты қарыс философ жыраулары – Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Шал ақын, Бұқар Қалқаманұлының көшпенділер психологиясының сан қырларын суреттейтін толғаулары, дала дипломаттары атанған ұлы үш биіміз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің психологиялық тұрғыдағы аса құнды ойларымен тоқайласып жатады.
Жинақталушы томға аталған ерен тұлғалардың туындыларынан үзінділер берілгені де көңілге ұялайды.
пікірлердің ірі өкілдері – Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Махамбет Өтемісұлдарының жырларынан психологиялық .
жартысындағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы қазақтың үш ой алыптары – Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты екендігі белгілі. Осы айтылғанға орай, бұл ғұламалардың шығармаларынан алынған үзінділер де томға молынан енген.
ширегіндегі психологиялық ой-пікірлердің дамуы Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еңбектерімен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т.Тәжібаев пен профессор М.М.Мұқанов, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерін қамтиды.
ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен ұлттық колоритке (нақыш) толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық .
пікірлері” атты соңғы Х том негізінен еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіне дейінгі қазақ халқының он төрт ғасырлық . Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбірлі үлкен кезең. Ал үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу – бізден кейінгі ұрпақтың еншісі болмақ дейміз.
Әдебиеттер тізімі
Джей, М. (2019).Зигмунд Фрейд | Өмірбаян, теориялар, психоанализ, кітаптар және фактілер. [онлайн] Британника энциклопедиясы. Қол жетімді: britannica.com [Қолданылған 29 қазан 2019].
Услар Браун, А. (2005).100 адамға дейін. Каракас: Кітаптар Эль Насионал, б.61-63.
En.wikipedia.org. (2019).Зигмунд Фрейд. [онлайн] қол жетімді: en.wikipedia.org [Қолданылған 29 қазан 2019].
Торнтон, С. (2019).Фрейд, Зигмунд | Интернет философиясының энциклопедиясы. [онлайн] Iep.utm.edu. Қол жетімді: iep.utm.edu [29 қазан, 2019 кірген].
Wollheim, R. (1972).Зигмунд Фрейд. Мюнхен: Deutscher Taschenbuch-Verla