«АлматыЭнергоСбыт»жшс жалғыз Қатысушы «кмг-энерго» АҚ



Дата06.12.2019
өлшемі195.47 Kb.
#447658
СРСП ЖШС

«АлматыЭнергоСбыт»ЖШС

жалғыз Қатысушы «КМГ-Энерго» АҚ

Бас директоры Е.Е. Упушевтың

шешімімен «06» желтоқсан 2019 ж.

бекітілген

«АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің

ЖАРҒЫСЫ

АЛМАТЫ қаласы




1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес құрылған «АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан əрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сəуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне жəне осы Жарғыға сəйкес өз қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.

  2. Серіктестіктің құрылтайшысы - жалғыз қатысушысы (бұдан əрі – Қатысушы) «КМГ-ЭНЕРГО» АҚ.

Орналасқан жері (мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050002, Медеу ауданы, Достық даңғылы,7.

Банктік деректемелері: «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ АОФ-ғы шот № 031 467 329, БИК 190 551 601, СТН 600900563075.



  1. Серіктестіктің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью

«АлматыЭнергоСбыт»;

Ағылшын тілінде: «AlmatyЕnergoSbyt» Limited Liability Partnership.



  1. Серіктестіктің қысқартылған атауы:

Мемлекеттік тілде: «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС; Орыс тілінде: ТОО «АлматыЭнергоСбыт»;

Ағылшын тілінде: «AlmatyЕnergoSbyt» LLP.



  1. Серіктестіктің орналасқан жері (мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050002, Медеу ауданы, Достық даңғылы,7.

  2. Серіктестік қызметінің мерзімі шектелмеген.


2. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЗАҢДЫҚ МƏРТЕБЕСІ




  1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сəттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.

  2. Серіктестіктің дербес балансы, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде атаулары бар мөрі, қызмет көрсету банктері мен басқа да отандық жəне халықаралық қаржы институттарында ұлттық жəне шетелдік валюталарда есепшоттары, өз эмблемасы, сауда белгісі, фирмалық бланктері жəне заңды тұлғаға қажетті басқа да атрибуттары бар.

  3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсатына жету үшiн өз атынан мəмiлелер жасасуға, мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер жəне жауапкер болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы. 4. Серіктестік орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, оның мемлекеттік тіркеуін жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін, Серіктестіктің жаңа орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

5. Серіктестік Қатысушының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жəне шет елдерде филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы. Серіктестік өз филиалдарын құрғаны жəне өкілдіктер ашқаны жайлы, сондай ақ олардың орналасқан жері туралы оның мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. 6. Серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері, Қатысушымен бекітілген олар туралы Ережелерге сəйкес əрекет етеді жəне өз қызметінде қолданыстағы заңдарды, осы Жарғыны жəне олар туралы Ережелерді басшылыққа алады.

  1. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда көзделген тəртіпте акционерлік қоғамдар, басқа да шаруашылық серіктестіктер жəне де коммерциялық емес ұйымдар қызметін ұйымдастыруға жəне қатысуға құқылы.

  2. Серiктестiк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi, Қатысушының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серiктестiктiң Қатысушысы оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi жəне Серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды санамағандағы Серіктестіктің Жарғылық қорына енгiзген салымдар құнының шегiнде тəуекелге барады.

  3. Серiктестiк Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сəйкес облигациялар жəне басқа да құнды қағаздар шығаруға құқылы.

  4. Серіктестік өз қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізеді жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес статистикалық жəне қаржылық есеп берушілікті жүзеге асырады.

11.Серіктестік ірі бизнестің субъектісі болып табылады.

3.СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ АҚПАРАТ БЕРУІ


3.1.Серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндеті.



  1. 2.Серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:

1.Серіктестіктің қатысушыменен қабылдалған, Серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органың, тексеру комиссияның (ревизорның) шешімдері жəне қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;

2.Серіктестің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес жəне одан да көп процентін құрайтын мөлшерде Серіктестіктің қарыз алуы;

3.Жасалған мəміле нəтижесінде Серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иелікпен шығарылатын ірі мəмілені немесе өзара байланыстағы мəмілелерді

Серіктестіктің жасауы;



  1. Серіктестіктің қандай да болсын қызметтің жүзеге асыруға (немесе) белгілі бір ісəрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ Серіктестіктің қандай да болсын қызметтің жүзеге асыруға (немесе) белгілі бір іс-əрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;

5.Серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;

6.Нəтижесінде Серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың бастауы;

7.Серіктестіктің жəне (немесе) оның лауазымды тұлғаларын əкімшілік

жауапкершілікке тарту;

8.Серіктестікті мəжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;

9.Аудиторлық есеп (ол бар болса);

10.Серіктестіктің жарғысына сəйкес Серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.

3.3.Серіктестігінің қызметі туралы мəліметтер, егер олар қатысушылардың мүдделерін қозғайтын болса, қатысушының сұрауы түскен уақыттан бастап 10 ішінде беріледі.



  1. 4.Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық Серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру Серіктестіктің жарғысына жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тəртібі мен көлемі жарғыда жəне үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.



  1. СЕРIКТЕСТIК ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

1. Серiктестiктiң Қатысушысы құқылы:



  • Осы Жарғы жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіпте Серіктестік iстерiн басқаруға қатысуға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Жарғы жəне жалғыз Қатысушының шешімдеріне сəйкес Серiктестiк қызметiнен табыс алуға;

  • Серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жəне басқа да құжаттамасымен кез келген тəсіл арқылы өзі белгілеген мерзімде танысуға

(тексерулер, жазбаша жəне ауызша сауалдар жəне басқалар);

  • Серiктестiк таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнын немесе Серiктестiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн заттай алуға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіпте өз үлесiн иелiктен шығару жолымен Серiктестiкке қатысуды тоқтатуға құқылы.

2. Қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін. 3. Серіктестіктің Қатысушысы міндетті:

  1. осы Жарғыда көзделген тəртiп пен мөлшерде, тəсiлдер мен мерзiмдерде салымдар енгiзуге;

  2. осы Жарғыға сəйкес Серіктестіктің басқарушылық қызметіне қатысуға;

  3. Серіктестіктің көздеген мақсаттарға жетуіне ықпал етуге;

  4. осы Жарғы жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген Серіктестікке қатысты міндеттемелерді қабылдауға жəне орындауға;

  5. Серiктестiк коммерциялық құпия деп жарияланған мəлiметтердi жария етпеуге;

4. Қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда қарастырылған басқа да міндеттемелері болуы мүмкін.


5. СЕРІКТЕСТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ ЖƏНЕ ЗАТЫ




  1. Серіктестікті құру мен қызметінің мақсаты дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында таза пайда табу болып табылады.

  2. Серіктестік көзделген мақсаттарға жетуі үшін мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған саудадан электр

энергиясын сатып алады жəне оны жекелеген тұтынушыларға сатады; 2) тұтынушылар мен өндірушілер мүддесінде рынокқа қатысады;



  1. электр энергиясы үшін белгіленген тəртіпте тарифтік есеп айырысу жүргізеді жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес уəкілетті мемлекеттік органдарда тарифтерді бекітеді жəне негіздеме жасайды;

  2. тұтынушы мен электр энергиясын жеткізуші ұйым жəне электр энергиясын өндіруші арасында өзара есеп айырысу жүйесінің əкімшісі қызметін атқарады;

  3. электр энергиясын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар атқарады;

  4. консалтингтік қызметтерді ұйымдастырады жəне жүргізеді, энергетика саласында жобалау-конструкторлық жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады;

  5. Серіктестік қызметінің негізгі түрлеріне қатысты болғандықтан сауда-сатып алу, сауда-өкілдік, сауда-делдалдық қызметін атқарады;

  6. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған коммерциялық жəне кəсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен айналысуға;

3. Заңмен белгіленген тəртіпте алуға қажетті лицензия немесе басқа рұқсат түрі талап етілетін қызметтер тек тиісті лицензиялар мен басқа да рұқсат түрі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.


6. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ҚОРЫ




  1. Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін 103 000 (жүз үш мың) теңге мөлшерінде Жарғылық қор құрылды.

  2. Мемлекеттік тіркеу кезеңіне Серіктестік Қатысушысы Жарғылық қордың жалпы сомасының 100%-ын енгізді.

  3. Жарғылық қор заңдармен белгіленген тəртіпте жəне Қатысушының шешімімен өзгертілуі мүмкін.

  4. Серіктестіктің Жарғылық қорын ұлғайту оның толықтай төлемі жүргізілген жағдайда мына жолмен іске асырылады:

  1. Қатысушы өндіретін қосымша салымдар арқылы;

  2. Серіктестіктің өз қорының есебінен Жарғылық қор мөлшерінің артуы арқылы; 3)Серіктестік құрамына жаңа Қатысушылар қабылдау арқылы.

  1. Серіктестіктің Жарғылық қорының кемуі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Қатысушының салым мөлшерін азайту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  2. Серіктестіктің Жарғылық қорының ұлғаюы жəне азаюы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіпте жүргізіледі. Серiктестiктiң жарғылық қорын ол мемлекеттiк тiркеуге алынған сəттегi заңдарда белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен азайтуға жол берiлмейдi.

  3. Серіктестіктің Жарғылық қорына қосымша салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар мен басқа да мүліктер жатады. Жеке мүліктік емес құқықтар жəне басқа да материалдық емес игіліктерді салым ретінде енгізуге жол берілмейді.

  4. Серіктестікке жаңа Қатысушы қабылдауға байланысты оның Жарғылық қорының өзгеруі Қатысушылардың тиісті үлесіне қайта есеп айырысу жүргізуге əкеледі.

  5. Серіктестік Мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы органға Жарғылық қорының артуы туралы Қатысушы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде хабарлауға міндетті. Хабарлау кезеңіне Жарғылық қордың жартысынан кем емес сомаға тең шамада салым енгізілуі тиіс.


7. СЕРІКТЕСТІКТІҢ МҮЛКІ


1. Серіктестік мына жағдайларда қалыптасатын мүлік иесі болады:



  • Жарғылық қорға Қатысушының салымы есебінен;

  • қосымша жарналар есебінен;

  • шаруашылық жəне кəсіпкерлік қызметтен түсетін пайда жəне қарыздар мен белгіленген тəртіпте Серіктестіктің алған басқа да мүліктері есебінен.

  1. Серіктестіктің мүліктері оның балансында есепте болады.

  2. Қаржылық қажеттіліктерді өтеу үшін Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне осы Жарғымен бектілген тəртіпте Қазақстан Республикасында, шетел банкілерінде немесе басқа қаржылық ұйымдарда теңгемен жəне/немесе шетелдік валютамен қарыз түріндегі қаржыландыруды жұмылдырады.


8. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ОРГАНДАРЫ




  1. Серіктестіктің органдары мыналар:

Жоғарғы орган – Қатысушылардың жалпы жиналысы – жалғыз Қатысушы (мəтінде бұдан əрі Қатысушы).

Атқарушы орган – Бас директор (мəтінде бұдан əрі – Бас директор).



  1. Серіктестікте тексеру қызметін жүзеге асыру үшін Құрылтайшы шешіміне сəйкес байқаушы кеңесі жəне (немесе) тексеру комиссиясы (тексеруші) құрылуы мүмкін.

  2. Серіктестік қызметінің барлық түрлеріне тікелей басшылық жүргізетін атқарушы орган - Бас директор болып табылады. Ол:

  1. Жарғы негізінде Серіктестік атынан сенімхатсыз əрекет жасайды;

  2. Серіктестік атынан əрекет жасауға құқық беретін сенімхат, соның ішінде екінші біреуге қайтара сенімхат беру құқығы н береді;

  3. Серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты жұмыс берушінінің өкілі болу құқығына уəкілетті тұлғаға сенімхат береді;

  4. Серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру, босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақы жəне жеке үстеме ақы мөлшерін белгілейді, сыйақы мəселелерін шешеді,

ынталандыру шараларын қабылдайды жəне тəртіп жазаларын белгілейді; 5) Заңдар мен Жарғы белгілеген тəртіпте Серіктестік атынан мəмілелер жасайды; 6) Серіктестіктің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

  1. Серіктестіктің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің жұмысын үйлестіреді жəне бағыттайды;

  2. Серіктестік ішкі қызметінің мəселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

  3. Серіктестіктің ішкі қызметін реттеуші ішкі ережелерді, оларды қабылдау ресімдері мен басқа да құжаттарды бекітеді;

  4. негізгі құрал-жабдықтарды шығынға жазу туралы шешім қабылдайды;

  5. Серіктестіктің Жарғылық қызметін жүзеге асыру барысындағы жылдық бюджетті жəне сатып алулардың жоспары бар ағымдағы бизнес-жоспарды бекітеді; 12) Қатысушыға оның сауалы бойынша ақпарат ұсынады:

  • Серіктестіктің 5000-нан (бес мың) жоғары айлық есептік көрсеткіштер сомасына жасалған шарттары туралы;

  • 5000-нан (бес мың) жоғары айлық есептік көрсеткіштер сомасына Серіктестікке қатысты үшінші тұлғалардың бар талаптары, наразылықтары туралы;

  1. Мемлекеттік органдардың актілерін қабылдау арқылы Серіктестіктің қызметі барысында қалыптасатын қарым-қатынастарды нормативтік реттеу қажеттілігі туындағанда тиісті актіні қабылдаудың дəлелді негіздемесі мен мұндай шешім жобасының қосымшасымен Қатысушыға өз ұсыныстарын жібереді;

  2. жалғыз Қатысушымен келісім бойынша, жалғыз Қатысушы белгілеген атаулық бойынша Серіктестіктің басшы қызметкерлерін тағайындайды; 15) Серіктестік Қатысушысының шешімдерін жүзеге асырады;

16) Заң жүзінде жəне Серіктестіктің жарғысымен жалғыз Қатысушының құзыретіне жатпайтын басқа да өкілеттіктерді жəне оған Серіктестіктің жалғыз Қатысушысы табыстаған өкілеттіктерді де жүзеге асырады;

  1. Серіктестіктің Бас директоры тек жеке тұлға ғана бола алады. Ол Серіктестіктің Қатысушысы болмауы да мүмкін.

  2. Бас директормен жеке еңбек шартына Серіктестіктің жалғыз Қатысушысы қол қояды.

  3. Бас директор өз міндеттемелерін орындауда ұқыпты жəне саналы түрде

Серіктестік мүддесіне əрекет етуі тиіс.

  1. Үшінші тұлғалар алдында Серіктестіктің тиісті емес басқаруын жүргізуші Бас директордың əрекетінен туындаған Серіктестіктің дəрменсіздігі салдарынан (банкроттық) болған осы тұлғалардың залалдары үшін Серіктестіктің Бас директоры Серіктестікпен қоса субсидиарлық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

  2. Серіктестіктің Бас директорына тыйым салынады:

  • Серіктестікпен Қатысушының келісімінсіз мүліктік пайда көру көзделген мəмілелер жасауға (сыйға, қарызға, тегін пайдалануға беру, сатып алу-сату жəне басқа да шарттарды қоса);

  • Серіктестіктің үшінші тұлғалармен жасасқан мəмілелерінен жəне Серіктестіктің өзінен комиссиялық сый алуға;

  • Серіктестікпен қатынастарында үшінші тұлғалар мүддесіне немесе олардың атынан əрекет етуге;

  • Серіктестік қызметімен бəсекеге түсетін кəсіпкерлік қызметімен айналысуға.


9. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫ




  1. Қатысушы Серіктестіктің жоғарғы органы болып табылады. Қатысушы қабылдаған əкімшілік өкімдер, бұйрықтар мен шешімдер жоғарғы орган шешімдері статусына ие жəне жазбаша түрде ресімделеді.

  2. Аталған мəселелерді шешу тек Қатысушының құзыретіне жатады:

  1. жаңа редакциядағы Серіктестік Жарғысын бекіту немесе оның фирмалық атауын жəне орналасқан орнын, Жарғылық қорының мөлшерін өзгертуді қоса есептегендегі Серіктестік Жарғысын өзгерту;

  2. Серіктестіктің атқарушы органын құру жəне оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқарушылыққа табыстау жəне мұндай табыстаудың шарттарын анықтау;

  3. Серіктестіктің байқаушы кеңесінің жəне (немесе) тексеру комиссиясының

(тексерушінің) өкілеттіктерін сайлау жəне мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен бірге Серіктестіктің (құрылған жағдайда) тексеру комиссиясының (тексерушінің) қортындылары мен есептерін бекіту;

  1. жылдық қаржылық есептілікті бекіту жəне таза пайданы бөлу;

  2. Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктеріне жəне де коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;

  3. Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім;

  4. тарату жөнінен комиссия құру жəне тарату баланстарын бекіту;

  5. қолданыстағы заңдарға сəйкес Серіктестік Қатысушысынан үлесті мəжбүрлеп сатып алу туралы шешім;

  6. Серіктестіктің барлық мүлкінің кепілі туралы бірауыздан қабылданатын шешім;

  7. Серіктестіктің мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы шешім;

  8. Серіктестіктің аудиторын бекіту,

  9. Серіктестіктің жылжымайтын мүлкіне өкімдік етумен байланысты мəмілелерді бекіту;

  10. Серіктестік активтері құнының жалпы көлемінен 25 пайыздан жоғары сомаға келетін Серіктестіктің жылжымалы мүлкіне өкімдік етумен байланысты мəмілелерді бекіту;

  11. Серіктестіктің облигацияларын шығару шарттары мен тəртібін анықтау; 15) Осы Жарғы мен Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген Қатысушының құзыретіне жататын басқа да мəселелер.


10. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТЕКСЕРУШІ КОМИССИЯСЫ




  1. Қатысушы Серіктестіктің атқарушы органының қаржылық шаруашылық қызметіне жəне оның ағымдағы істерінің жағдайына бақылау жүргізу үшін бес адамнан артық емес құрамда 3 жылдық мерзімге Тексеруші комиссия (Тексеруші) сайлауы мүмкін. Қатысушының өкілі Тексеруші комиссияның мүшесі бола алады.

  2. Серіктестіктің Бас директоры, Байқаушы кеңесінің мүшелері (ол құрылған жағдайда) Тексеруші комиссияның мүшесі бола алмайды.

  3. Тексеруші комиссия Серіктестік Бас директорының қаржылық шаруашылық қызметіне кез келген уақытта тексеру жүргізуге құқылы жəне осы мақсатта Серіктестіктің барлық құжаттамаларына кедергісіз рұқсат құқығына ие. Бас директор Тексеруші комиссияның талабы бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

  4. Тексеруші комиссия Серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігінің міндетті тексеруін Қатысушы бекіткенге дейін жүргізеді. Қатысушы Тексеруші комиссияның немесе аудитордың қортындысынсыз жылдық қаржылық есептілікті бекітуге құқылы. 5. Серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын жəне оның ағымдағы істерінің жағдайын тексеру жəне растау үшін Серіктестік Қатысушымен (сыртқы аудит), Бас директормен жəне Серіктестікпен есептілігінің аудиторлық тексеруін өз есебінен жүргізуді талап етуге құқылы.

  1. Егер Серіктестіктің Бас директоры Серіктестіктің қаржылық есептілігінің аудиторлық тексеруін жүргізуден бас тартса, мұндай тексеру сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.

  2. Серіктестік есеп пен есептілікті жүргізу тəртібін жəне анықтылығын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапкершілік алады.


11. СЕРIКТЕСТIКТIҢ ТАЗА ТАБЫСЫН БӨЛУ




  1. Серiктестiк қызметiнiң нəтижесінде тапқан таза пайдасы салықты, тағы басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін оның меншігі болып қалады жəне Серіктестіктің қорларын құруға, оны Қатысушыға Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыға сəйкес бөлу үшін қолданылады.

  2. Таза табысты төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда Қатысушы Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыға сəйкес таза табыстың бөлігін алуға құқылы. Төлем таза табыс туралы шешім қабылданған күннен бір айдан артық емес мерзімде ақшалай төленеді.

  3. Серіктестіктің Жарғылық қоры толықтай төленбегенше Қатысушы табыс алуға құқығы жоқ.

  4. Серіктестік ережелері жалғыз Қатысушымен бекітілген кез келген қорларды құруына болады.

  5. Егер Қатысушының шешімімен қабылданбаса, табыс Серіктестіктің Қатысушысына қызмет нəтижесі бойынша қаржылық есептілік негізінде жылына бір рет төленеді.

  6. Серіктестіктің шығындары резервтік қор немесе басқа қаражат есебінен, ал жеткіліксіз жағдайда – Серіктестіктің мүлкін сату есебінен жабылады.


12. СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ




  1. Бас Директор жəне сенімхатпен əрекет етуші өкілетті тұлға жалдау туралы келiсiм-шарттардың, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттейтiн басқа да нысандардың негiзiнде қызметкерлердi жалдауға құқылы.

  2. Серiктестiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық əлеуметтiк-экономикалық құқықтарының берiлуiн кепiлдендiредi.

  3. Əрбiр қызметкердiң еңбек табысының ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды жəне белгiленген ережелерге сəйкес салықтар салынады.

  4. Серiктестiк еңбекке ақы төлеудiң нысандары мен жүйесiн өз бетiнше белгiлейдi, еңбек келiсiм-шарттарында тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылардың мөлшерiн белгiлейдi, бұл ретте мемлекеттiк тарифтердi тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер мен мамандардың еңбегiне ақы төлеудiң ең төменгi кепiлi ретiнде қарастырады.

  5. Серiктестiктiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген мiндеттi əлеуметтiк сақтандыруға жатады.

  6. Серiктестiк барлық жұмыс iстеушiлердi қауiпсiз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге мiндеттi жəне олардың денсаулығы мен еңбек қабiлетiне келтiрiлген залал үшiн заңдарда белгiленген тəртiппен жауап бередi.


13. СЕРІКТЕСТІКТІ ҚАЙТА ҚҰРУ




  1. Серіктестікті қайта құру (қосылу, бірігу, бөлу, бөлек шығару, қайта құру) заңдарда көзделген тəртіпте Қатысушының шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

  2. Заң шығарушы актілермен белгіленген жағдайларда Серіктестікті бөлу немесе оны бір немесе бірнеше серіктестіктер құрамынан бөліп шығару нысанындағы Серіктестіктің қайта құрылуы уəкілетті мемлекеттік органдардың немесе сот шешімімен жүзеге асырылады.

  3. Заң шығарушы актілермен белгіленген жағдайларда қосылу немесе бірігу нысанындағы Серіктестіктің қайта құрылуы уəкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.

  4. Егер заң шығарушы актілермен немесе қайта құру туралы шешіммен көзделмеген болса, қайта құрылған Серіктестіктің мүлкі оны тіркеу кезеңінде құқықты түрде орнын басушыға ауысады.


14. СЕРIКТЕСТIКТIҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ


1. Осы Жарғының 15 тарауында белгіленген негіздемелерден басқа, Серiктестiк өзiнiң қызметiн мынадай негiздер бойынша тоқтатады:



  1. егер жарғылық капиталды азайтудың нəтижесiнде оның мөлшерi ең төменгi мөлшерден кем болса;

  2. егер Қатысушы тіркелу кезеңінен бастап бір жыл ішінде Серiктестiктiң жарғылық капиталын құрмаса.

  1. Заңмен көзделген жарғылық қорды азайту нəтижесінде оның мөлшері төменгі мөлшерден аз болса жəне Қатысушы заңмен көзделген мерзімде Серіктестіктің Жарғылық қорын құрмаса, онда Қатысушы бір жыл ішінде жарғылық қорға тиісті қосымша жарна енгізуі тиіс. Басқа жағдайда мүдделі тұлғалардың шешімі бойынша Серіктестік таратылады.

  2. Серіктестік Қатысушының шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

  3. Сот шешімі бойынша Серіктестік мына жағдайларда өз қызметін тоқтатады: банкрот болғанда; серiктестiктi құру кезiнде заңдардың түзеуге келмейтiндей дəрежеде бұрмалануына жол берiлуiне байланысты Серiктестiктiң тiркелуi жарамсыз деп танылған кезде; қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз), не заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған кезде; заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер болған кезде.

  4. Заң шығарушы актілермен көзделмесе, осы тараудың 2-ші тармағында белгіленген негіздер бойынша Серіктестіктің қызметін тоқтату туралы талап сотқа мүдделі тұлғалармен ұсынылуы мүмкін болады.

  5. Серіктестікті таратуды сот немесе Серіктестіктің Қатысушысы тағайындайтын тарату комиссиясы жүргізеді. Сот шешімі бойынша тарату міндеттіліктері Серіктестіктің өзіне, Серіктестік өкілеттік берген органға, Серіктестіктің құрылтай құжаттарымен немесе сотпен тағайындалған басқа органға (тұлғаға) жүктеледі.

Тарату комиссиясы тағайындалған сəттен бастап оған Серіктестік мүліктері мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді.

  1. Тарату Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген тəртіпте жүзеге асырылады.

  2. Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне тарату туралы жазба жазылған сəттен бастап тарату аяқталды, ал Серiктестiк өз қызметiн тоқтатты деп есептеледi.


14. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР




  1. Осы Жарғымен реттелмеген барлық мəселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне Серіктестіктің ішкі актілерімен реттеледі.

  2. Осы Жарғының бір ережесі жарамсыз болса, ол басқа ережелерге əсер етпейді. Жарамсыз ереже мазмұны жағынан жақын, құқылық тұрғыдан заңға қайшы келмейтін басқа ережемен ауыстырылады.

  3. Осы Жарғы юстиция органдарында Серіктестіктің мемлекеттік тіркеуге алынған сəтінен бастап күшіне енеді.

«Алматы Энергия Жабдыктаушы» ЖШС

Жалғыз Қатысушысы

АҚ «КМГ-Энерго»

Бас директоры (Басқарма төрағасы)

Упушев Ерлан Елемесович

Бектемиров Мади Мирасұлы _________________



(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет