101 2.8-2.9. «Мектеп бойынша виртуалды тур құру» практикумы 1-сурет. Панорама етіп түсірілген Images бумасы 6. Панорамалық суреті бар файлдардың атын, мысалы, x_front. jpg (холл үшін), k_front.jpg (кабинет үшін), s_front.jpg (асхана үшін) және b_front.jpg (кітапхана үшін) деп өзгерту керек, өйткені XML файлындағы параметрлерді өзгерту қажет болады. 7. Блокноттың көмегімен Холл.XML файлын аш. 8. Келесі өзгерістерді енгізу керек: 9. Скриптен хотспот мәтіндерін көшіріп ал, оны командадан кейін файл баптауларына қос: 10. Хотспот жұмыс істеуі үшін, яғни басқан кезде программа кодынан кейін келесі көрініс пайда болуы үшін, баптау параметрлеріне мына жолдарды енгізу керек: Алматыкiтап баспасы
3D модельдеу 2-бөлім. 102 Әр көрініс жеке панораманы сипаттайды. Әр көрініс баптауы -мен ашылып, -мен жабылуы тиіс. 1-қосымшадан баптаудың негізгі параметрлерін көруге болады. Бастапқы панорамаға қайта келу үшін, көрініс кодына турды көрудің басына оралған хотспотты қосу керек. x, y, alpha параметрлерін өзіңнің қалауың бойынша баптауыңа болады. 11. Кітапхана мен асхана панорамаларына ауысу үшін, ұқсас хотспотты қос. 12. Турдың басына қайтып әкелетін әр көрініске хотспотты қос. 13. Баптау файлын сақтап, дайын болған турға қара. Сен мектеп бойынша виртуалды тур құрдың. Жаңа панорамаларды қосуға болады, олар үшін хотспотты баптау керек. «Әрбір көріністе хотспот 5-тен кем болмауы керек» деген шектеу бар. 1. «Хотспот» деген не? Оның қызметі қандай? 2. Жүктеу файлындағы хотспотты сипаттау кезінде қандай параметрлерді көрсету қажет? 3. Бір хотспотқа бірнеше панораманы қосуға бола ма? 4. Турдың бастапқы көрінісі қалай аталады? Өз қалауың бойынша виртуалды тур құр. Ол тур музейге, саудаойын орталығына, қала бойынша саяхат болуы мүмкін. Білу мен түсіну Қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |