Алтай Қожахмет, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Бақыт пен берекеге бастайды



Дата12.07.2016
өлшемі54.83 Kb.
#195544
Алтай Қожахмет, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері
Бақыт пен берекеге бастайды
Елбасымыздың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” деп аталған бұл Жолдауының әсері ерекше. Жылдағыдан ерте жариялануымен ерекшеленген бұл бағдарламалық құжатта әлемдік экономиканың бір бөлшегіне айналған қазақ елінің қазір жер-жаһанда болып жатқан жағымсыз жайлардың теріс ықпалынан ада қала алмайтыны ашық айтылды. Мұнайға, басқа да өнімдерге баға айтарлықтай жоғары болып тұрған кезде Елбасымыздың Ұлттық қор құру жөніндегі шешімінің көрегенділігін уақыт дәлелдеп отыр.

to cialis buy wherecialis generic pharmacycialis brand cheapliquid cialis dosagecialis 100mg onlinecialis canada trial cialis buyaverage cialis pricescialis order form in uktaking half a 20mg cialischeap cialis indiacheapest india generic cialisprice cialis

argaiv1900

Бүгінгі таңда біз әлемнің жекелеген елдерінде орын алып жатқан түрлі дүниежүзілік, өңірлік және ішкі қыр көрсетулердің, тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің куәгерлері болып отырмыз. Қазақ елі әлемдік кеңістіктегі маңызды геосаяси ойыншы ретінде, әлбетте, аталған үдерістердің белсенді қатысушысына айналуда.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауын халыққа жариялай отырып, өзінің стратегиялық көрегендігін тағы да айрықша паш етті. Президент алдымызда әлемдегі ахуалды түбегейлі өзгертетін жаһандық сынақтар күтіп тұрғанын алдын ала сезіп, ескертті.

Аталған қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы қолда бар ресурстарды, тетіктерді және мүмкіндіктерді пәрменді жасақтауға жағдай туғызатын Жаңа Экономикалық Саясатты ұсынды. Бұл шешімді Американы Ұлы күйзелістен алып шығуға мүмкіндік берген әйгілі Жаңа бағытын ұсынған АҚШ Президенті Франклин Рузвельттің прагматикалық саясатымен бір қатарға қоюға болады.

Жолдаудың “Нұрлы Жол” деп аталуының да өзіндік мәні бар. Президент барша халыққа шұғылалы әрі ашық-жарқын жол нұсқап отыр. Халықтың еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін, нарықтық экономиканың күретамыры болып есептелетін инфрақұрылымды түбегейлі дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға екпін беріліп отыр. Нәтижесінде отандық экономиканың пәрменді дамуының қозғау күшінің қайнар көздері – әуе жолынан бастап, автомобильге дейінгі көлік магистралінің тұтастай заман талаптарына сай жүйесін құру көзделуде.

Жолдаудың басты мақсаты адамдарға жан-жақты қамқорлық жасау, өмір сапасын жақсарту, тұтастай алғанда, еліміздегі барлық тұрғындардың әл-ауқатын нығайту болып отыр. Осыған орай Жолдаудағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйді дамыту туралы қағиданы айрықша атап өтуге болады. Өйткені, ол ел халқының ширегінен астамын құрайтын жастарға қамқорлық жасауға бағытталған. Бұл қазіргі әлемде теңдесі жоқ, өте маңызды мемлекеттік шешім. Жаһандық экономикалық өсім бәсең тартып, жұмыс орындары қысқарып жатқан қазіргі жағдайда біздің елімізде Президентіміздің стратегиялық көрегенділігінің арқасында даму мен өркендеудің бұрын-соңды болмаған бағдарламасы – Жаңа Экономикалық Саясат қарқын алмақ.

Қазақстан – қазіргі таңда посткеңестік аумақтағы ырғақты және қарқынды дамып келе жатқан жалғыз мемлекет. Біздің дамуымыздың осындай екенін әлемдік сарапшылар да мойындаған. Егемендік алған кезде халқының тең жартысынан астамы жұмыссыздар санатына еніп, ұлттық қаржы институтында бір мысқал алтын немесе 1 цент валюта болмаған, девальвация мен гиперинфляция қыса түскен аса күрделі жағдайдан бүгінгі биік белестерге жеттік. “Нұрлы Жол” бағдарламасы Көшбасшымыздың көрегендігінің нәтижесінде Қазақстанның қандай жағдайға жеткенін айғақтап, жас мемлекетіміздің алдағы сындардан да аман-есен әрі айтарлықтай табыспен өтетіндігіне кепілдік береді деуге болады.

Жоғарыда айтылған игіліктердің бәрі – осы уақытқа дейін “Қазақстан – 2030” Стратегиялық бағдарламасы бойынша дамытылған макроэкономиканың бергені. Мұнай-газ өндіру еселенген мөлшерде артты, металдар өндірісі ұлғайды. Уран өндірісі КСРО заманындағыдан да молайды. Осының бәрі алдағы кезде де өз игілігін көрсете береді.

Жолдаудағы білім беру саласы қызметкерлерінің көңілінен шыққан тұстар:

біріншіден, апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін шешу міндеті;

екіншіден, балабақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға нақты іс-шаралардың бағытталуы;

үшіншіден, маман даярлау және ғылым мен экономика салаларының байланысын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының анықталуы;

төртіншіден, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік туғызылуы.

Елбасының көрегенділігі әлемдік дағдарыстан шығу мақсатында стратегиялық маңызды салаларды Ұлттық қордан кезең-кезеңімен қаржыландырып, дамыту болып табылады.

Елімізде көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Елбасы “Нұрлы Жол” Жаңа Экономикалық Саясаты Жолдауында барыс-келіс пен алыс-берісте үлкен маңызға ие жол қатынасына ерекше көңіл аударып, орасан қаражат пен еңбекті қажет ететін саланы барлық аймақтар бойынша қайнаған тірлік көшіне айналдыру міндетін қойды.

Алысты жақын ету өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі саналатын күре жолдар желісінің ауқымдылығымен өлшенетіні Жолдауда атап көрсетілді. Шынында да, жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Жүректен тарайтын артериялар, күннен тарайтын шұғыла сияқты жаңа магистральдар салу арқылы тұрмыс жақсарады, жүк пен жолаушылар тасымалы ұлғаяды, транзит көлемі артады. Астанамен берік жан-жақты байланыс орнығады. Президент Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын танытатын күретамырға айналуы міндетін қойды.

Президент Жаңа Экономикалық Саясаттың негізгі қағидаларын жария етуде, әдеттегідей, мәселелерді сараптаудағы алғырлығымен және дәлдігімен тәнті етті. Елбасы тапсырмалары қойып отырған міндеттердің нақтылығымен және жүзеге асырылу мүмкіндігімен салмақтана түседі. Дендеп келе жатқан қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында Мемлекет басшысы өзі құрған Ұлттық қордағы қаржыны ел экономикасына мейлінше мультипликативті тиімділік беретін салаларға бағыттауға дер кезінде ұсыныс жасады. Бұл негізінен көлік-логистикалық, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдар болып табылады.

“Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауына жасалған талдау мемлекеттің осынау күрделі кезеңдегі басты мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту болып қала беретінін көрсетеді. Қазіргі таңда іске асырылу үстіндегі білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бағдарламалар жалғасын таппақ.

Президентіміз өз Жолдауында шағын және орта бизнесті барынша қолдауды жалғастыруға тапсырма бергені құптарлық. Олардың 2050 жылға қарай еліміздің ішкі жалпы өнімін еселеудегі үлесі 50 пайызға жетпек. Мұның өзі республика тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуда елеулі орын алатын орта тап өкілдерінің санын көбейтері сөзсіз.

Мемлекет басшысының Жолдауын ой елегінен өткізе отырып, алдымызда өте ауқымды әрі тағдыршешті мәселелердің күтіп тұрғанын аңғарамыз. Уақыт сынынан сүрінбей өту біздің баршамыздан орасан қажыр-қайрат, ақыл-ой қарымын талап етеді.

Елбасының Жолдауы, негізінен, экономикалық мәселелерге арналғанымен, онда біздің ортақ табыстарымыздың қайнар көзі – елдің бірлігінде екендігі тағы да қадап айтылды. 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланып отыр. Келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кеңінен атап өтіледі. Осының барлығы атқарылып жатқан жұмыстармен бірге, Қазақстандық патриотизмді өркендетуде, жастарды отансүйгіштікке баулуда баға жетпес рөл атқарады.

“Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгендігі қуантады. Енді тек ел-жұрт болып жұмылып болашаққа ұмтылу, іздену, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек ету – азаматтық асыл парызымыз.

Жол мұраты – жету. Жолы бірге – жолдас, мұңы бірге – мұңдас, заманы бірге – құрдас, сыры бірге – сырлас, сыны бірге – сындас. Алыс күндерді бетке алып, қайраттана қозғалып, келе жатқан қазыналы керуен – Қазақ елінің ұлы сапарының тізгінін ұстаған бүгінгі ұрпақтың сүрлеуі салтанатты, мәртебесі зор болсын. Жұртымыздың жарқын болашағына бастайтын Нұрлы Жол – біздің ортақ жолымыз, ортақ мүддеміз, ортақ мақсатымыз. Осы жолдағы бірлік – бар бақыттың іргесі, берік тұғыры, Тәуелсіздіктің мәңгілік тұғыры. Елбасының елді сүйген үлкен жүрегінен басталып, әр жүрекке жеткен Нұрлы Жол әрқашан бақыт пен берекеге бастайды.



// Cолтүстік Қазақстан. - 2014. - 23 желтоқсан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет