«АЛТЕЛ» АҚ байланыс қызметтерін көрсету ережесі
-
«АЛТЕЛ» АҚ байланыс қызметін көрсету ережесі (бұдан ары мәтін бойынша – «Ереже») Қолданыстағы заңнамалардың «Байланыс туралы» заңының, «Ұялы байланыс қызметін көрсету туралы ережесінің», «Интернет желісіне қатынау қызметін көрсету ережесінің», сонымен қатар «Телефон байланысы қызметін көрсету ережесінің» негізінде әзірленген,
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі АБА №000358 және 2006 жылғы 14 тамыздағы АБА№001298 мемлекеттік лицензияларының негізінде әрекет ететін «АЛТЕЛ» Акционерлік қоғамы бұдан ары «Оператор» деп аталатын, осы ереженің шарттарымен келісетін тұлға, бұдан ары «Абонент» деп аталатын, бұдан ары «Тараптар» деп аталын телекоммуникациялық желілер аясында қызмет көрсетудің жалпы шарттарын белгілейді,
2.1. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
1) Абонент – Абоненттік нөмірдің және/немесе идентификациялық кодтың бөлінуімен байланыс қызметін көрсету туралы Шартты бекіткен және осы Ереженің шарттарына келісімін берген жеке немесе заңды тұлға.
2) Абоненттік шарт – Осы Ереженің шарттарымен Абоненттің келісімін растайтын байланыс қызметін көрсету туралы шарт.
3) Абоненттік төлем – қызмет көлемінің нақты пайдалануына қарамастан тұрақты көлемдегі белгіленген мерзімге Абоненттің төлем көлемі.
4) Қызмет көрсетудің автоматтық жүйесі – SMS жіберу, USSD-сұрату, жеке кабинет арқылы немесе басқа да техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тарифтік жоспарды ауыстыру, Оператор көрсететін қызметтерді өз бетінше қосу немесе сөндіру мүмкіндігімен Абоенентке көрсетілетін қызмет көрсетудің кешенді жүйесі. Абоненттің қызмет көрсету жүйесін пайдалануы Абоненттің өтінішіне теңестіріледі.
5) Теңгерім толтыру картасын белсендіру – картада көрсетілген сомаға Абоненттің жеке шоты толтырылатын процедура.
6) Байланыс қызметін көрсету туралы шарт – осы ереженің шарттарымен келісімін растаған және Абонент туралы, бастапқы таңдаған тарифтік жоспары туралы мәліметтен тұратын Оператор белгілеген үлгідегі бланк.
7) Өтініш – Жеке тұлғасын куәландыратын құжатты міндетті түрде көрсетуімен (заңды тұлғалар үшін – өкілетін және өкілдің тұлғасын растайтын құжаттарды көрсеткенде) ҚР қолданыстағы заңнамасында, Оператордың белгілеген тәртібінде көрсетілген үлгі бойынша ауызша, жазбаша, факсимильді байланыс немесе электронды пошта арқылы жіберілген немесе қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесінің көмегімен берілетін қызметтерді көрсету талаптарына қатысты абоненттің жүгінуі. Абоненттің өтінішіне сонымен қатар Оператордың сервис (АСЖИ, USSD. SMS) қызметінің көмегімен Абоненттің өз бетінше белгілеген Оператордың қызмет тізімдерін өзгертуге арналған өтініші де теңестіріледі.
8) Абоненттер Сервисінің Интернет Жүйесі (АСИЖ) – Абонентке өз теңгерімін және өзі таңдап алған Оператордың Қызметтерін бақылау және басқару бойынша кеңейтілген мүмкіндіктерді беретін, Абонентке өзі пайдаланатын Оператордың Қызметтері бойынша санаққа қол жеткізудің және Оператордың Сайтындағы бірыңғай web-қосымшасында қызмет көрсетудің қосымшаларын өз бетінше басқарудың ыңғайлы механизмін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
9) Сәйкестендіру коды – Абоненттік құрылғыны қосқан кезде байланыс Оператрының желісіне берілетін өндіруші-зауытпен белгіленген абоненттік құрылғының коды.
10) Теңгерімді толтыру картасы (төлем картасы) – Абонентке Оператор Қызметі ұсынылатын, (Абоненттің Дербес шоты толтырылуы мүмкін) сомасы/номиналы (ақшалай түрінде) көрсетілген, құпия коды, қорғаныш қабаты бар, пластикалық карта түріндегі немесе Оператор тарапынан белгіленетін өзге түрдегі белгілі таратушы.
11) Жеке кабинет – Абонентке өзінің жеке шотының жайын тексеруге, пайдаланылатын қызметтерін басқаруға, сонымен қатар қызметтерді белсендіруге немесе өшіруге, тарифтік жоспарын өзгертуге, сонымен бірге Оператордың белгілеген талаптарымен басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе.
12) Провайдер – Оператордың желісін пайдалану арқылы Абонентке зияткерлік, ойын-сауық (ұтыс, дауыс беру, телевикториналар, викториналар, анықтама-ақпараттық қызметер, танысу қызметтеріжәне т.б.) қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
13) Оператор сайты – келесі адрестер бойынша интернет желісіндегі Оператордың ақпараттық ресурсы: www.altel.kz;
ALTEL 4G LTE-www.altel4g.kz;
JET 3G-www.jet3g.kz;
PATHWORD-www.pathword.kz;
DALACOM-www.dalacom.kz;
CITY-www.city.dalacom.kz.
14)Бастапқы топтама – белгіленген тарифтік жоспарға бағдарламаланған абоненттік нөмір.
15)Қызметер – Оператордың және үшінші тұлғаның қызметтері.
16)Оператор қызметтері –ALTEL 4G LTE, ALTEL 4G:GSM, JET 3G, PATHWORD, CITY, DALACOM тауарлық беліглерімен Абонентке Оператордың көрсететін негізгі және қосымша байланыс қызметтері.
17)Үшінші тұлға қызметтері – Оператор желісі арқылы Абонентке көрсетілетін Провайдерлердің және басқа да үшінші тұлғалардың қызметтері. .
18)SIM/R-UIM – картасы және тағы басқалары- Абонентті Оператор қызметтеріне қатынауды қамтамасыз ететін және Абонентті сәйкестендіретін абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын микропроцессорлық үлгісінен тұратын дара қатынау карточкасы.
19)SMS – қысқа мәтіндік хабарламаларды қабылдауға және жіберуге мүкіндік беретін технология.
20)USSD –қысқа хабарламаларды жылдам жіберу режімінде сервистік қосымшалар мен абонент арасындағы белсенді қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді жіберу технологиясы.
21)IVR – Оператордың Абонентке Қызметтерді көрсету шарттары туралы дауыстық ақпаратты ұсынатын, сондай-ақ Абонентке жекелей жағдайларда Операторға Өтініштерді ұсынуға мүмкіндік беретін интерактивті дауыстық қатынас технологиясы.
2.2. Осы ереженің талаптары мен шарттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, қолданыстағы kицензия шарттарына сәйкес әзірленген және Оператор өз бетінше орнатады. Шарттың талаптарын Абонент Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Абоненттік шартқа (Шартқа №1 Қосымша) қол қою арқылы тұтастай алғанда, оған қосылу жолымен қабылдауы мүмкін.
2.3. Абоненттік шарт Абоненттің қол қоюы арқылы бекітіледі. Абоненттік шарт оған қол қойылған және Бастапқы топтаманы белсендірген сәттен бастап күшіне енеді. Абоненттің Абоненттік шартқа қол қоюы Абоненттің таңдаған тарифтік жоспарына сәйкес осы Ереженің талаптарымен толығымен келісетіндігін білдіреді. Абоненттік шартты бектікен кезде Оператор Абонентке Абоненттік нөмірді пайдалануға береді. Абоненттік нөмір Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына немесе осы Ереженің белгілеган жағдайларында алынуы немесе өзгертілуі мүмкін.
2.4. Абонент Абоненттік шартты дұрыс толтырып, қол қойып Операторға тапсыруға міндетті.
2.5. Қызметтер Абонентке оның жеке меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында белгіленген талаптарға сәйкес келетін абоненттік құрылғының болған жағдайында көрсетіледі.
2.6. Қызметтер Абонентке оның таңдаған Тарифтік жоспарына сәйкес және Оператордың немесе үшінші тараптардың Қызмет көрсету шарттарына сәйкес ұсынылады.
2.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген тәртіпте Абоненттің құқықтары мен міндеттері Абоненттік шарт бойынша өзге тұлғаларға берілмейді. Оператор өз қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де заңды және жеке тұлғаларды тартуға құқығы бар.
2.8. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Абоненттік шарт бойынша міндеттерін орындау кезінде Абонент туралы қызметтік ақпараттың (ТАӘ, жеке тұлғасын растайтын құжаттың мәліметі, телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық пошта мекен-жайы, пошта мекен-жайы, жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, деректемелер (заңды тұлғалар үшін) бизнес сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік), билингтік мәліметтің және Абонентке ұсынылатын Қызметтер туралы мәліметтің, деректерді беру желісіндегі Абоненттің мекен-жайының, деректерді беру желісіндегі Интернет ресурстарға жүгіну мекен-жайларының, Интернет ресурстың сәйкестендірушілерінің, деректерді беру желісінің хаттамаларының электрондық есебін жүргізеді.
2.9. Абонент осы Шартқа отырғаннан кейін Оператордың оның ішінде, үшінші тұлғаларды тарта отырып, Абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру құқығына келісімін және қарсы еместігін білдіреді. Оператор өз қызметі шеңберінде оларды Абоненттің қосымша келісімінсіз уәкілетті органдарға және (немесе) ұйымдарға беруге құқылы.
2.10. Осы ереженің шарттарына келісе отырып, Абонент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген келісімдер туындаған жағдайда Оператор желісі бойынша ақпараттарды (сонымен бірге жарнамалық мағынада) алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді, Оператордың атына жазбаша өтініш жіберу арқылы Оператордың жарнамалық ақпараттарынан бас тартуға құқылы.
2.11. Абоненттік осы шартты бекіте отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған осындай қажеттілік туындаған жағдайда оған қатысты мәліметтерді қоса алғанда, Абоненттік шарт бойынша міндеттерді орындау мақсатында байланыс және басқа да қызметтерді, роуминг және/немесе үшінші тұлға қызметтерін көрсетуді қоса алғанда, сонымен қатар ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында Операторға және/немесе үшінші тұлғаларға қажетті абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауға және өңдеуге Абонент өз келісімін береді. Абонент келіспеген жағдайда Оператор қызмет көрсетуді толығымен немесе жартылай тоқатауға құқылы.
2.12. Оператордың қолданыстағы тарифтік жоспарлары және қызмет көрсету талаптары Оператор сайтында немесе Оператордың қызметтерін сататын орындарда ақпараттың орналасуымен немесе бірыңғай қысқа хабарламалар жіберу арқылы 15 (он бес) күнтізбелік күн қалғанда Абоненттерді алдын-ала ескерутмен, немесе қоланыстағы заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен бір жақты тәртіпте Оператормен қысқартылуы немесе өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте, егер Абонент оған көрсетілген қызметтер бойынша тарифтік жоспар шарттарының өзгергені немесе қысқартылғаны туралы ескертуді алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде басқа тарифтік жоспарға ауысқаны, немесе тарифтік жоспардың өзгертілген талаптырмен келіскендігі туралы Оперторды ескертпесе меншіктелген Абоненттік нөмір алынып, Абоненттік шарт өз әрекетін тоқтатады
2.13.Оператордың қызметтері туралы ақпарат Оператордың немесе үшінші тұлғаның сайтында орналастырылады, жарнама материалдарында, автоматтандырылған қызмет жүйесінің немесе Оператордың анықтама-ақпараттық қызметінің көмегімен Абоненттердің назарына жеткізіледі. Абонент автоматтандырылған қызмет жүйесінің көмегімен қызметтерді және/немесе тарифтік жоспарларды белсендіре отырып, оның көрсетілу шарттарымен, тарифтелу Ережелерімен келіскендігін және оларды алуға және төлеуге келісімін білдіреді.
2.14. Осы шартпен Оператор қызмет көрсету аймағында Оператор ұсынатын байланыс сапасы Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келетіндігін растайды.
2.15. Радиотолқындардың таралуының табиғи жағдайларына байланысты ұялы байланыс қызметтерінің сапасы қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың, топографиялық кедергілердің салдарларынан (жер үсті және жер асты тұрғын үй және тұрғын үй емес құрылыстардың, ғимараттардың, имараттардың жанында, сондай-ақ, олардың ішінде, рельефтің және құрылыстардың маңында), энергия көздерінің жанында, туннельдерде, жертөлелерде, техникалық себептерге байланысты, сондай-ақ, Оператордың қызметімен байланысты өзге де себептерге орай нашарлауы, үзілуі, кедергілерге ұшырауы немесе болмауы мүмкін. Аталған себептердің салдарынан байланыстың нашарлауы немесе болмауы Оператордың өз міндеттемелерін тиісті орындамау фактісі болып табылмайды.
2.16. Байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне қарай Оператордың көрсететін қызметі басқа байланыс операторларының жабдығының (абоненттердің роумингте болуы кезінде), контент-провайдерлер жабдықтарының, абоненттің жеке жабдығының сапасына байланысты болады.
3. Оператордың құқықтары мен міндеттері
3.1. Оператор міндетті:
1) Абоненттік шарттың қолданылу мерзімінде Абонентке SIM/R-UIM – картаны беруге және осы Шарттың талаптарына сәйкес Оператордың желісіне Абоненттің Абоненттік құрылғысын қосуға;
2) Абоненттің таңдап алған тарифтік жоспарына сәйкес негізгі қызметтер көрсетуге;
- шұғыл шақыруларды қоса алғанда, ақпаратты қабылдау/жіберу үшін Оператордың желісіне қосылуға;
- қысқа мәтінді хабарламаларды жіберуге;
3) Абоненттің өтініші бойынша қосымша қызметтерді көрсетуге. Қосымша қызметтердің тізімі байланыс желісінің техникалық мүмкіндігіне байланысты Оператормен белгіленеді. Бұл ретте жасырын нөмірлерді анықтау және роуминг қызметтері Абоненттің өтініші немесе шұғыл-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың сұратуы бойынша жүзеге асырылады;
4) Абоненттік шарт және осы ереженің талаптарына сәйкес Абоненттің жеке шотында қызмет көрсетуге жеткілікті қаражат болғанда және/немесе Абонентпен келісілген көлемде (есептесудің кредиттік тәртібінде) Оператордың қызмет көрсету аймағында болғанда Абонентке қызметтерді көрсетуге;
5) Абоненттің өтініші бойынша шетелдік байланыс операторларымен тиісті шарт болған жағдайда роуминг қызметіне қатынауды беруге. Оператордың Абонентке қатынау қызметін көрсететін өзге оператордың қызметі бойынша қарым-қатынастар тікелей Абонент пен осы қызметті көрсетуші өзге оператор арасында туындайды. өзге оператордың қызмет көрсету бойынша міндеттерін дұрыс орындамау немесе орындамағаны үшін Оператор жауапкершілік артпайды.
6) Абоненттердің қызмет көрсету орындарында, Оператордың ақпараттық сайтында оны орналастыру жолымен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де осы шартта қарастырылған тәсілдермен Абоненттерге оператор және көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері туралы толық және шынайы ақпаратты ұсынуға;
7) Қызметтерді пайдаланудың мәселелері бойынша Абонентке тегін кеңес беруді ұйымдастыруға;
8) Оператордың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес көрсетілетін Қызметтердің кемшіліктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға;
9) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Оператордың кінәсі бойынша байланыстың болмауы жағдайында Қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді жүргізуге;
10) Абонентке (жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде) Абонент алған ағымдағы Есептік кезеңдегі Қызметтер, оларды пайдалану уақыты, олардың ұзақтығы мен құны туралы, Абоненттің Оператордың кеңсесіне тиісті жазбаша өтінішімен Абоненттің келуі кезінде байланыстың басқа пайдаланушыларымен барлық шығыс қосылыстары туралы ақпаратты тегін ұсынуға міндетті. Өткен есептік кезең үшін аталған ақпаратты ұсыну Абоненттердің қызмет көрсету орындарында, Оператордың ақпараттық сайтында және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін және осы ережеде қарастырылған басқа да ақпарат көздерінде орналастырылған жарнама материалдарында көрсетілетін көлемдегі төлемге ұсынылады;
11) Қазақстан Республикасының қолнадыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде Абоненттердің өтінішіне немесе шағымына жазбаша жауап жіберуге;
12) Абонентке көрсетілген Қызметтер үшін артық төленген ақша қаражатын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтаруға немесе оларды Қызметтерді аванстау ретінде есептеуге;
13) Абонентті ағымдағы шоттағы ақша теңгерімін тексеру мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етуге;
14) Абоненттің төлемді растауын Оператордың алуы немесе Қызметтерді төлеу жөніндегі берешекті жоюын растайтын құжаттарды алған сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Қызметтерді көрсетуді жаңғыртуға;
15) Абоненттің Дербес шотындағы ақшалай қаражатының мөлшеріне байланысты Абонентке көрсетілетін Қызметтер көлемін шектеуге;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеруге міндетті.
3.2. Оператор құқылы:
1) Оператор желісінің, сонымен бірге үшінші тұлғалардың көмегімен көрсетілетін ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтердің тізімі мен талаптарын өз бетінше белгілеуге және соған тиісті төлемді алуға;
2) Осы Шарттың талаптарына, сондай-ақ, жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу жолымен не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалардың кеңселерінде орналастыру жолымен) Абонентті бұл туралы хабарландыра отырып, тарифтік жоспарлар мен қызмет көрсету талаптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізуге; Осы Шарттың талаптарына өзгерістер (толықтырулар) егер, Шартқа өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу туралы Абонентті хабарландыру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша осындай өзгерістерді қабылдаудан жазбаша бас тартуды Оператор алмаған жағдайда Абонент қабылдаған болып саналады;
3) Трафиктің басымдылығын қоса алғанда желінің жүктемелігіне байланысты қызметтерге бірдей қатынауды қамтамасыз ету мақсатында өз бетінше қызметтердің техникалық параметрлерін реттеуге;
4) Келесі жағдайларда Қызмет көлемін шектеуге, Абонентті алдын-ала ескертусіз бір жақты тәртіпте Абоненттік шарттың әрекетін тоқтатуға немесе бұзуға:
- Абоненттің дербес шотында қызмет көрсету үшін жеткілікті қаражат болмағанда (есептеудің аванстық тәртібінде);
- Қолданыстағы заңнама номаларында қылмысты болып табылатын әрекеттерді жүзеге асыру үшін Абоненттік құрылғы немесе Оператор көрсететін қызметтер Абоненттің өкілетті емес тұлғасымен дұрыс және/немесе заңсыз тәсілмен пайдаланылмағаны туралы Операторға мәлім болғанда;
- Абонент Абоненттік шарттың немесе осы ереженің талаптарын бұзғанда және/немесе
қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында шұғыл қызметтерге қаскүнемдік/жалған шақыруларды жүргізсе, басқа нөмірлер бойынша жаман оймен телефондық қоңыраулар жасағанда;
- Операторға Қызметтері SIM-картаның, төлем картасының ұрлану, сәйкестендіру немесе өзге кодының бұзылу немесе кодтың қорғалу және өзге құқыққа қайшы келетін әрекеттердің немесе қызмет көрсетілмейтін тыйым салынған SIM-картаны немесе төлем картасын пайдалану нәтижесінде көрсетілгені айқын болғанда;
- Абоненттен абоненттік жабдық ұрланғаны немесе жоғалғаны немесе басқа уәкілеттігі жоқ тұлғамен тұрақты пайдалану туралы ақпарат түскенде
- Абонент Оператордың пікірі бойынша Оператордың желісі жұмысына зиян келтіретін әрекеттерді жасағанда;
- Абонент осы Ережелердің 4.1.т. 1)-4)тш. көрсетілген талаптарын бұзғанда;
- Абонент 90 (тоқсан) күнтізбелік күн астам мерзімде бір де бір тарифтелінетін қоңырау жасалмаған жағдайда Абоненттің абоненттік нөмірі бұғатталсын. Абонент бұғатталған сәттен бастап 21 (жиырма бір) ай ішінде дербес шотында қаражат болған жағдайда және бұғатталған сәттен бастап 9 (тоғыз) ай ішінде дербес шотта қаражат болмағанда Абоненттің жазбаша өтініші бойынша нөмірді бұғаттан шығаруға құқылы. Абонент тарапынан жоғарыда көрсетілген мерзімде өтініш болмаған жағдайда Абоненттік шарттың әрекеті тоқтатылады және Абонентке берілген нөмір алынады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Ережермен көзделген басқа жағдайларда;
5) Абонентпен Абоненттік шарт немесе Ережелер бұзылған жағдайда қызмет көрсету Абонентке жазбаша хабарландыру немесе қысқа мәтіндік хабарлама (Қызмет көрсетуді қалпына келтіру бұзушылықтарды толығымен жойғаннан кейін Оператордың тарифтері бойынша жүзеге асырылады) жібергеннен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кейін бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін тоқтатылсын.
6) Абонентке Роуминг қызметі көрсетілгенде Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көлемін белгілейтін Роуминг қызметін қосу үшін қажетті соманы белгілеуге құқылы. Абонент Роуминг қызметін пайдаланғанда шығыс қоңырау, сондай-ақ кіріс қоңырау ретінде, сонымен қатар өзге көрсетілген қызметтер, оның ішінде қайта бағыттау қызметтері төлемге жатады.
7) бірнеше Абоненттік нөмір болғанда Абонент осы Ережелердің талаптарын бұзған жағдайда, бір Абоненттік нөмір ойынша қызметтердің төлем шотына алынған қаражат басқа нөмірлер бойынша қарызды өтеу үшін есептелсін немесе Абонентті алдын ала хабарландырусыз барлық Абоненттік нөмірлер бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға.
8) қолданыстағы заңнамамен көзделге тәртіпте Оператордың анықтама-ақпараттық қызметіне түсетін кіріс қоңыраулардың жазбасын жүзеге асыру, сонымен қатар Абонент этикалық нормаларды бұзған және Оператордың қызметіне қатысты емес мәседлелер бойынша Оператор қызметінің мамандарына иеленіп алған нөмірден бірнеше рет хабарласқан жағдайда бір жақты тәртіпте Абоненттің қатынауын шектеуге.
9) Абонентте қызмет бойынша қарыз болған жағдайда, Оператор кез келген тәсілдермен Абонентті және/немесе Абоненттік нөмірді пайдаланушыны қарызды өтеу қажеттілігі туралы ақпараттандыруға, үшінші тұлғаларды қарызды өтеуге тартуға, бірақ Абонент Абоненттік шарт аясында алынған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге қарсы болмайды және келісімін береді, ол осы Ережелердің, Шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзу болып табылмайды.
10) банк талаптарына байланысты, рұқсат етілмеген төлем салдарынан алынған ақша Абоненттің дербес шотынан шығынға жазуға.
11) көрсетілетін қызметтерге лимит белгілеуге. Лимит көлемі алдыңғы айлардағы Интернет желісіне қосылу қарқынан, шоттарды және/немесе кепілдік жарнаны төлеудің уақыттылығынан есептелінеді. Оператор Абонентке көрсетілген қызмет белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда қызмет көрсетуді тоқтатуға, ал Абонент Оператор нақты көрсеткен қызметтер үшін төлеуге міндеттелінеді.
12) Барлық пайдаланушылар қызметтерін ыңғайлы қамтамасыз ету мақсатында, оператор Peer-to-peer трафикті (торрент-жүктеу) шектеуге құқылы.
-
Абонент пайдаланатын модульдің техникалық сипаттарына немесе SIM-картасы бар байланыс құрылғылардың сымсыз протоколдарына қарай интернет желісіне қатынаудың жылдамдығын шектеуге.
-
Пирингтік файл алмасу желілерін (BitTorrent және басқалар) пайдаланғанда интернет желісіне қатынау жылдамдығын 128 кб/сек дейін шектеуге.
-
Әрбір SMS 160 латын немесе 70 кириллица белгісімен есептеуінен алғанда тарифтендіру жүргізілсін және көлемі белгіленсін.
-
Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға.
4. Абоненттің құқықтары және міндеттері.
4.1. Абонент міндетті:
1) осы Ережелердің және Абоненттік шарттың талаптарымен танысуға, Абоненттік шартты дұрыс толтыруға, қол қоюға және Операторға немесе оның сенімді тұлғасына беруге, сонымен қатар Оператордың уәкілетті тұлғасына Абонент туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқасын, Оператормен олардың көшірмесін қағаз/электронды нұсқасында сақтау үшін Абонент өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттарды беруге.
2) Абоненттік нөмірді үшінші тұлғаға бергенде нақты өткізген сәттен бастап 3 (күн) күнтізбелік күннен кешіктірмей үшінші тұлға атына Абоненттік нөмірді қайта тіркеуге келісім туралы өтінішті ұсыну жолымен Абоненттік нөмірдің міндетті қайта тіркеуін жүзеге асыруға.
3) есеп айырысулар мен тарифтік жоспарлар тәртібімен таңдалған, осы Ережелердің, Абоненттік шарттың талаптарына сәйкес қызметтерді уақытылы төлеуге;
4) Операторға осы Ережелердің 2.8. тармағына сәйкес Абонент туралы мәліметтерге жататын деректерді беру. Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, бұл туралы Операторға қажетті көшірмелерді қоса тіркеп осындай өзгертулер күшінен енген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарландыру қажет.
5) кәмелет жасқа толмағандарды қосқанда, үшінші тұлғалармен Оператор қызмет көрсететін USB-модемді және басқа құрылғыларды пайдаланғанын және қатынауын бақылауға.
6) егер қызмет көрсету барысында жеке деректер (абоненттік нөмір және басқа мәліметтер) белгілі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге Абоненттердің жеке деректерінің құпиялылығын қамтамсыз етуге. Осы жайлар бұзылған жағдайда, Абонент қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз бетінше жеке жауапкершілікке тартылады;
7) Оператордың кеңселеріне келгенде талап бойынша жеке басын растайтын құжатты ұсынуға.
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге міндеттерді орындауға.
Достарыңызбен бөлісу: |