Үлгілік нысан (2015 жылғы 06 ақпандағы №8 хаттама) Эмитенттің, Оператордың және Жеткізушінің



Дата23.02.2016
өлшемі199.65 Kb.
#3099


«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ

Басқармасымен бекітілген

Үлгілік нысан

(2015 жылғы 06 ақпандағы №8 хаттама)

Эмитенттің, Оператордың және Жеткізушінің

«PayPoint» электрондық ақша жүйесінде өзара іс-қимыл жасау туралы

_______ Шарт




Алматы қ.




« » 20__ ж.

Бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын , оның атынан негізінде әрекет ететін , бір тараптан,

бұдан әрі «Эмитент» деп аталатын «Қазақстан Эксимбанкі» акционерлік қоғамы, оның атынан _____________негізінде әрекет ететін _____________, екінші тараптан және бұдан әрі «Оператор» деп аталатын «PayPoint» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның атынан __________ негізінде әрекет ететін ______________, үшінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталатын, төмендегілер жөнінде Эмитенттің, Оператордың және Жеткізушінің «PayPoint» электрондық ақша жүйесінде өзара іс-қимыл жасау туралы шартын (бұдан әрі «Шарт») жасады:



1. Терминдер мен анықтамалар


1.1. Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар Оператормен бекітілген, Эмитентпен келісілген және Оператордың веб-сайтында орналастырылған «PayPoint» электрондық ақша жүйесінің ережелерінде (бұдан әрі – Жүйе ережелері) көрсетілген мағыналарға ие. Тараптар осы Шарттың барлық терминдері, түсініктемелері мен анықтамалары оларға түсінікті екенін, сондай-ақ Тараптарда Шарттың әрбір тармағын ұғынуда және түсінуде келіспеушіліктер жоқ екенін мойындайды.
2. Шарттың мәні

2.1. Осы Шарт Жеткізушінің «PayPoint» электрондық ақша жүйесіне қатысуына, Жеткізушінің Клиенттерден азаматтық-құқықтық мәмілелерінің төлемі ретінде электрондық ақша алуына және Эмитенттің Жеткізушінің электрондық ақшасын өтеуіне қатысты Эмитенттің, Оператордың және Жеткізушінің қарым-қатынастарын реттейді. Жеткізушінің Эмитентпен және Оператормен болатын өзара қарым-қатынастары осы Шарттың және Жүйе ережелерінің негізінде жүзеге асырылады.


3. ЭА операцияларды орындау тәртібі

3.1. Жеткізушінің Жүйе Жеткізушісі мәртебесін алудың міндетті шарттары болып табылатындар:

1) Жүйе ережелеріне және осы Шарттың 12.4. тармағына сәйкес Жүйеге қосылуы;

2) Жеткізушіге Жүйеде электрондық әмиян ашылуы тиіс.

3.2. Жеткізушіні Жүйеде тіркеу және оған электрондық әмиянды ашу Жүйе ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3.3. Жеткізуші азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ұсынылған тауарлар/қызметтер/орындалған жұмыстары үшін Клиенттерден өзінің ашылған электрондық әмиянына электрондық ақша алады. Жеткізушіге электрондық ақшамен жасалатын кез келген басқа операцияларды (атап айтқанда, ЭА өзіне, басқа Жүйе Қатысушыларының атынан/мүддесіне орай сатып алу, көрсетілген қызметтердің төлемі ретінде немесе олардың алдындағы өз міндеттемелерін орындау мақсатында ЭА басқа Жүйе Қатысушыларына/үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ Клиенттерден басқа, өзге кез келген Жүйе Қатысушыларынан ЭА алу) жасауға тыйым салынған.

3.4. Жүйеде тіркелмеген, сәйкестендірілмеген және сәйкестендірілген Клиенттердің электрондық ақшамен жасалатын операцияларының сомасы бойынша шектеулер көзделген, олардың көлемі Жүйе ережелерінде белгіленеген.

3.5. ЭА жасалатын төлем рұқсатсыз қол жеткізудің қауіпсіздік процедураларын сақтаумен, Жүйе ережелеріне сәйкес Клиенттің электрондық әмиянын пайдалана отырып, тауарлар/қызметтер/орындалған жұмыстары үшін Клиенттің Жеткізушіге ЭА аудару жолымен жүзеге асырылады.

3.6. Бір уақытта Клиенттің электрондық әмиянында ЭА қалдығы азайған (Эмитент комиссиясының және Жеткізушінің пайдасына жасалған төлем сомасына) және Жеткізушінің электрондық әмиянында ЭА қалдығы төлем сомасына ұлғайған сәтінде Жүйеде ЭА аударымы аяқталған болып саналады.


3.7. Клиентпен Жеткізушіге төлем жасалғаннан соң, Жүйе Клиентке электрондық ақшамен операция жасалғанын растайтын сауда чегін береді. Жүйеде тіркелген Клиенттерге чек (Жүйеде тіркелген кезіндегі Клиенттің қалауы бойынша) электронды хабарлама түрінде берілуі мүмкін: Клиенттің Жүйедегі жеке кабинетіне, Клиенттің e-mail-не, мобильдік телефонына. Төлем терминал немесе басқа өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары арқылы жүргізілген болса, Клиентке сауда чегі осындай терминал/өз бетінше қызмет көрсету техникалық құралдары арқылы берілуі мүмкін. Сауда чегінде келесі міндетті деректемелер болуы тиіс:

  1. төлем сомасы;

  2. операция жасалған уақыты және күні;

  3. сауда чектің реттік нөмірі;

  4. Жеткізушінің атауы (коды) және ЖСН/БСН;

  5. төлемді электрондық ақшалар жүйесінде сәйкестендіретін транзакция коды немесе басқа коды;

  6. Клиенттің электрондық әмиянының сәйкестендіру коды.

Сауда чегінде қосымша деректемелер болуы мүмкін.


3.8. Жүйе ережелерінде көрсетілген негіздемелер бойынша алушының электрондық әмиянынан электрондық ақшаны ЭА жөнелтушісінің электрондық әмиянына қайтару жағдайларын қоспағанда, кез келген ЭА төлемдері мен аударымдары түпкілікті және қайтарымсыз болып табылады.
4. Жеткізушінің электрондық ақшасын өтеудің тәртібі

4.1. Эмитент Жүйеде осы Шартта көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына ЭА номиналдық бағасына тең қолма-қол ақшасыз соманы (теңге) аудару арқылы (Жеткізушінің қосымша тапсырмасы болмай) ЭА өтеуге арналған тапсырысын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Эмитентпен Жеткізушінің ЭА өтеуі жүргізіледі. Жеткізушінің өз банктік шотының өзгеруі туралы жазбаша хабарландыруы бойынша ақша аударымы хабарландыруда көрсетілген банктік шотқа жүргізіледі.

4.2. Клиенттерден Жеткізушінің электрондық әмиянына түскен ЭА өтеуге арналған тапсырысын құрастыру мен Эмитентке жолдауды Жүйе жұмыс күнінің қорытындылары бойынша келесі кезеңділікпен автоматты түрде жүзеге асырады (нұсқалардың бірі таңдалсын):

□ – күн сайын;

□ – апта сайын;

□ – Жеткізушінің сұрауы бойынша.



4.3. Эмитент Жеткізушіге берілуге жататын ақша сомасын оның банктік шотына есептеген сәттен бастап электрондық ақша өтелген болып саналады.

5. Сыйақы төлеу тәртібі

5.1. Осы Шартқа сәйкес Жеткізуші Жүйеге қатысқан бір жыл үшін Эмитентке _________ (____________) теңге мөлшерінде сыйақы төлейді:

1) төлем Тараптармен осы Шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеткізушімен төленеді;

2) Шарттың мерзімі ұзартылған жағдайда, төлем Тараптармен осы Шарт жасалған күннен бастап әрбір 12 (он екі) ай сайын Жеткізушімен төленеді.

5.2. Жеткізуші сыйақыны Эмитенттің осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару жолымен немесе Эмитенттің кассасына қолма-қол ақша енгізу жолымен төлейді.

5.3. Эмитент осы Шарт бойынша сыйақы мөлшерін біржақты тәртіппен өзгерту құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте Жеткізушіге осындай өзгерістер туралы және жаңа сыйақы мөлшерін қолдану мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. Тараптар аталмыш жағдайда осы Шартқа қосымша келісім жасау талап етілмейді деген келісімге келді. Жеткізуші сыйақы мөлшері өзгерген жағдайда, Эмитенттің жазбаша хабарламасында берілген сыйақы мөлшерін қолдануға міндеттенеді.

5.4. Эмитент Операторға Жүйенің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Эмитентке көрсетілген қызметтері үшін сыйақыны Эмитент пен Оператордың арасында жасалған шартқа сәйкес төлейді.

5.5. Тараптар Шарт бойынша өздерінің іс-әркеттерінен туындайтын салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өз бетінше есептейді және төлейді. Жеткізушінің Клиенттермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелеріне қатысты Жеткізушіде туындайтын салық міндеттемелерінің орындалғаны үшін Эмитент те, Оператор да жауапкершілік атқармайды.


5.6. Жеткізушіде Жүйе шеңберінде қосымша қызметтер алу қажеттілігі туындаған жағдайда, осындай қызметтерді ұсыну және төлеу тәртібі осы Шартқа жасалған қосымша келісімде белгіленеді.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

6.1.


    1. Оператор міндетті:

6.1.1. Жүйе ережелерін, осы Шарттың және заңнама талаптарын сақтауға, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға.

6.1.2. Профилактикалық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу уақытын қоспағанда, Жүйе ережелеріне және осы Шартқа сәйкес Жүйеде ЭА пайдалана отырып Жеткізушіге рұқсат етілген операцияларды орындауы үшін Жеткізушіге Жүйеге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынуға.

6.1.3. Жеткізушінің Жүйеде жұмыс істеу мониторингін, күйге келтіру, жөндеу, қосу жұмыстарын қамтамасыз етуге.

6.1.4. Жеткізушінің сұрауы бойынша Операторда болған және Жүйенің жұмысына қатысты кез келген нормативтік-анықтамалық ақпаратты беруге, сондай-ақ телефон, факс және электрондық пошта арқылы ақыл-кеңестік қолдау көрсетуге.

6.1.5. Мәліметтердің және техникалық құралдардың үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен кешендік қорғау жұмыстарын жүргізуге.

6.1.6. Жүйеде Клиенттен тиісті нұсқау алынған күні тез арада Клиенттерден ЭА Жеткізушінің электрондық әмиянына аударуын қамтамасыз етуге, заңнамада және Ережелерде көзделген негіздемелер бойынша операциялар тоқтатылған немесе оларды өткізу мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда.

6.1.7. Жүйемен Эмитентке Жеткізушінің электрондық ақшасын өтеу туралы тапсырмасын дер кезінде берілуін қамтамасыз етуге.



6.1.8. Оператордың веб-сайты арқылы Жеткізушіні профилактикалық жұмыстардың жүргізілуі мен ұзақтығы туралы олар басталғанға дейін бір тәулік бұрын хабардар етуге.

6.1.9. Жүйе күтпеген жағдайда тоқтап қалған жағдайда, оны қалпына келтіру мен Жеткізушіні хабарлау жөніндегі барлық іс-шараларды қабылдауға.

6.1.10. Шарттың 13 тарауында көрсетілген деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге жазбаша түрдегі жаңа деректемелерін беруге.


6.1.11. Оператор мен Эмитенттің арасында жасалған шартымен Операторға жүктелген Жүйенің жұмысын қамтамасыз ету, соның ішінде Жүйе қатысушыларымен Жүйеде электрондық ақшамен жасалатын операцияларды жүргізудің ақпараттық-технологиялық және операциялық қамсыздандыруы жөніндегі басқа да міндеттемелерді орындауға.


6.2. Оператор құқылы:

6.2.1. Жеткізушіден Жүйе Операторы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұрауға.

6.2.2. Жеткізушімен Ережелер және осы Шарттың талаптары сақталмаған жағдайда, Жеткізушінің Жүйедеге жұмысын тоқтатуға.

6.3. Эмитент міндетті:

6.3.1. Ережелерді сақтауға және заңнама талаптарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаны шығару және пайдалану тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға.


6.3.2. Шарттың 13 тарауында көрсетілген деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушіге жазбаша түрдегі жаңа деректемелерін беруге.


6.3.3. Жеткізушіні ақшаны жылыстатуға және/немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деген күдік келтірген жағдайды қоспағанда, Жеткізушінің электрондық ақшасының өтеуін осы Шартта көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға.

6.3.4. Жеткізушіге (Жеткізушінің сұрауы бойынша) пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдауышында көрсетілген қызметтер актісін беруге.

6.3.5. Жеткізушінің сұрауы бойынша Жеткізуші тиісті сұрауымен жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пошта арқылы немесе қолма-қол, Эмитентпен белгіленген нысан бойынша орындалған, Жеткізушінің пайдасына түскен электрондық ақша туралы ақпаратты қамтитын үзіндіні беруге.

6.4. Эмитент құқылы:

6.4.1. Оператордан және Жеткізушіден осы Шарт, Жүйе ережелері мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті ақпаратты сұрауға.

6.4.2. Жеткізушімен Жүйе ережелері және осы Шарттың талаптары сақталмаған жағдайда немесе Жеткізушінің Анкетада және Эмитентке ұсынылған өзге де құжаттарында көрсетілген (оның ішінде Жеткізушінің сайты мен бизнесіне қатысты) мәліметтері дұрыс емес болған жағдайда, Жеткізушінің Жүйедеге жұмысын тоқтатуға.

6.4.3. ЭА өтеуін тоқтатуға егер де аталған операция заңнаманың немесе Жүйе ережелері талаптарының бұзылуына әкеп соқтыратын болса, сондай-ақ Жеткізушінің Жүйедегі электрондық әмияна санкциясыз ЭА есептелгені байқалған болса.

6.4.4. Жүйе ережелермен көзделген жағдайларда ЭА иесінің электрондық әмиянын оқшаулауға.

6.4.5. Жеткізушіге осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін Жеткізушіден сыйақы алуға және біржақты тәртіппен тарифтер мөлшерін өзгертуге.

6.4.6. Жүйе ережелерінде көрсетілген негіздемелер бойынша жөнелтушінің электрондық әмиянына қайтарылуға жататын электрондық ақшаны Жеткізушінің электрондық әмиянынан акцептсіз тәртіппен (Жеткізушінің қосымша өкімі/нұсқауы болмай-ақ) алуды жүргізуге. Осы Шартты жасай отырып, Жеткізуші Эмитентке Жүйе ережелеріне және Шартқа сәйкес өз электрондық әмиянынан электрондық ақшаны акцептсіз тәртіппен алуға өз келісімін береді.

6.5. Оператор және Эмитент жауапкершілік атқармайды:

6.5.1. Жеткізушімен Жеткізушінің тауарларына/жұмыстарына/қызметтеріне қатысты жарияланған материалдарының мазмұны, сенімділігі және дәлдігі үшін.

6.5.2. Жүйемен пайдалану барысында, соның ішінде мобильдік байланыс құралдары мен басқа да телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, Жеткізушінің айыбы бойынша Жеткізушіге және Жеткізушімен азаматтық-құқықтық қатынастардағы Клиенттерге келтірілген зиян, шығын, залалдар үшін және ақпараттың жоғалғаны үшін.

6.5.3. Жеткізушімен үшінші тұлғалардың авторлық және өзге де құқықтары бұзылғаны үшін.

6.5.4. Жеткізушінің Клиенттермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, оның шарттарының заңдылығы үшін, мәмілені жасау, орындау және бұзу салдары үшін, Жеткізушінің Клиенттердің алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлары үшін, сондай-ақ Жеткізушімен Клиенттерге ұсынылатын Жеткізушінің тауарлар/жұмыстар/қызметтерінің сапасы үшін.

6.5.5. Электрондық ақшаны қайтармағаны үшін, оған қоса егер де Жеткізушімен және/немесе Клиентпен электрондық ақшаны қайтару жөніндегі Ережелерде көзделген процедурасы орындалмаған болса, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша Клиент пен Жеткізушінің арасында жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылғанға байланысты (соның ішінде Клиенттің электрондық ақшаны пайдалана отырып Жеткізушіден сатып алынған азаматтық-құқықтық мәміле затынан бас тартқан және осыны Жеткізуші қабылдаған жағдайда) электрондық ақша дер кезінде қайтарылмағаны үшін.

6.5.6. Әртүрлі вирустар мен басқа ақаулардан Жеткізушінің жеке компьютерінің және бағдарламалық жасақтамасының қауіпсіздігі үшін.

6.5.7. Үшінші тұлғамен (Интернетке қол жеткізу қызметінің провайдері т.б.) қамтамасыз етілетін, олардың көмегімен Жүйеде қызметтер көрсету жүзеге асырылатын құралдар, өнімдер мен қызметтер үшін.

6.5.8. Жеткізушімен Жүйеге қол жеткізу параметрлерін жоғалтқаны (жарияланғаны) және оның салдары үшін, Жеткізушінің қате жүргізген операциялары туралы және оның нәтижесінде үшінші тұлғалардың Жеткізушінің электрондық әмияндарына санкциясыз қол жеткізу әрекеттері (немесе осындай қол жеткізу болғаны) туралы.
6.6. Жеткізуші міндетті:

6.6.1. Жүйе ережелерін, осы Шарттың және заңнама талаптарын сақтауға сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға.

6.6.2. Деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде (банктік шоттың өзгергені туралы ақпаратты қоспағанда) Операторға және Эмитентке жазбаша түрдегі өз деректемелерін беруге, сонымен қатар осы Шарттың және Ережелердің талаптарына сәйкес Операторға бұрын ұсынылған деректемелері өзгерген жағдайда, жоғарыда аталған мерзім ішінде Операторға жаңартылған құжаттарды/мәліметтерді беруге. Банктік шоттың өзгергені туралы ақпарат осындай өзгерістер болған күні берілуге тиіс.


6.6.3. Жеткізуші мен Клиенттердің арасында жасалған азаматтық-құқықтық мәмілердің төлемі ретінде Клиенттерден ЭА қабылдауға.

6.6.4. Тауарлар/жұмыстар/қызметтерді сату тоқтатылған немесе кідіртілген жағдайда, тез арада осындай сату тоқтатылған немесе кідіртілген сәттен кешіктірмей бұл туралы Операторды және Эмитентті хабардар етуге.

6.6.5. Клиент пен Жеткізушінің арасында жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылғанға байланысты Клиентке ақшаны қайтару қажеттілігі туындаған жағдайда, егер бұл кезге Жеткізушінің электрондық ақшасы Эмитентпен өз бетінше өтелген болса (Эмитент пен Операторды қатыстырмай), ақшаны қайтарудың тәртібі мен мерзімдерін Клиентпен келістіруге және толық көлемінде осындай қайтаруды жүзеге асыруға.

6.6.6. Жеткізушінің электрондық әмиянына/банктік шотына қате есептелген ақша байқалған, сондай-ақ электрондық әмиянның жоғалу, ұрлану немесе рұқсатсыз пайдалану фактісі орын алған жағдайда, тез арада бұл туралы Эмитентті және Операторды хабардар етуге. Қате есептелген ақша байқалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеткізушінің банктік шотына қате есептелген ақша Эмитентке қайтарылуға тиіс.


6.7. Жеткізуші құқылы:

6.7.1. Оператордан және Эмитенттен осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін Жеткізушіге қажетті ақпаратты сұрауға.



6.7.2. Клиенттерден азаматтық-құқықтық мәмілелердің төлемі ретінде өз электрондық әмиянына түскен ЭА өтеуін Эмитенттен талап етуге.

6.8. Тараптардың осы Шартта көрсетілмеген, бірақ ЭА операциялар жасау барысында Тараптарға жүктелетін өзге құқықтары мен міндеттері Жүйе ережелерімен анықталады.

7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Тараптармен Шарт бойынша өз міндеттері орындалмаған жағдайда кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауапкершілік атқарады.

7.2. Шарттың 4.1. тармағына сәйкес электрондық ақшаны өтеу барысында Жеткізушінің банктік шотына ақша сомасын аудару мерзімдерін кешіктіргені үшін Эмитент Жеткізушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін аударылуы тиіс сомадан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді. Жеткізуші Эмитентті өз банктік шотының өзгергені туралы дер кезінде хабардар етпеген жағдайда, Эмитент ақшаны Жеткізушіге уақтылы аудармағаны үшін жауапкершілік атқармайды.

7.3. Шарттың 5.1. тармағына сәйкес Жеткізушімен Эмитентке тиесілі тиісті сыйақыны төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін, Жеткізуші Эмитентке әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін тиесілі сыйақы сомадан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

7.4. Жүйе Шарттың 6.1.6. тармағына сәйкес Клиенттің электрондық әмиянынан Жеткізушінің электрондық әмиянына электрондық ақшаны аудару операциясын дер кезінде орындалғаны үшін, Оператор Жеткізушінің алдында жауапкершілік атқарады. Осындай аударымның мерзімдерін кешіктіргені үшін, Оператор Жеткізушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін аударылуға тиіс сомадан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлейді. Егер Клиентпен Жүйе ережелерімен бекітілген төлем сомасы бойынша шектеулер бұзылғанға байланысты ЭА арқылы төленетін төлем сомасы Жүйемен қабылданбаған және аударылмаған болса, онда Оператор жауапкершілік атқармайды.

7.5. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өз міндеттерін тиісті түрде орындаудан босатпайды. Тұрақсыздық айыбы талаптарды алған мезеттен бастап бес операциялық күн ағымында кінәлі Тараппен төленеді.

7.6. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға құпиялы кілттердің, парольдердің және басқа да құпиялы ақпараттардың таралмауын және жарияланбауын, оның сақталуын қамтамасыз етуге жауапты. Бұл ретте құпиялы кілттердің, парольдердің және басқа да құпиялы ақпараттардың жоғалуына немесе сенімділігі жойылғанына байланысты Жеткізушіде туындайтын барлық шығындар мен шығыстарды Жеткізуші өзі көтереді және Эмитенттен немесе Оператордан оның орнын толтыруды талап етуге құқығы жоқ.

7.7. Жеткізушімен Шарттың 7.6. тармағында көзделген міндеттемелері орындалмағанның нәтижесінде оның кінәсі бойынша Жүйеге рұқсатсыз қол қол жеткізу пайда болған жағдайларды қоспағанда, Эмитент үшінші тұлғалардың Жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің нәтижесінде Жеткізушіге келтірілген нақты зиян үшін жауапкершілік атқарады.

7.8. Жеткізушіге нақты зиян келтіруге әкеп соқтырған Эмитенттің тиісті бағдарламалық жасақтамасының жұмысындағы қателер мен істен шығу жағдайлары үшін жауапкершілікті Эмитент көтереді.

7.9. Бір Тараппен екінші Тарапқа зиян (шығын) келтірілген жағдайда, аталған шығындар айыпты Тараппен зардап шеккен Тараптан тиісті талап алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеуге жатады. Бұл ретте айрылып қалған пайданың орны толтырылмайды.

7.10. Осы Шарт бойынша айыппұл санкцияларын (оның ішінде шығындардың орнын толтыру талабын) қолдану Тараптардың міндеті емес құқығы болып табылады. Өз міндеттерін бұзған Тарап екінші Тараптан айыппұл санкцияларын төлеу туралы жазбаша талабын алмаған болса, айыппұл санкциялары төленуге жатпайды.


8. Құпиялық және қауіпсіздік

8.1. Тараптар осы Шартты орындау барысында Тараптардың әрқайсысы үшін құпиялы болып табылатын мәліметтерді жарияламау міндетін өзіне жүктейді. Осы Шартта жалпыға қол жетімді емес ақпарат құпиялы ақпарат деп танылады, оның жария болуы кез келген Тарапты шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін және/немесе іскерлік беделіне ықпал етеді.

8.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін әрбір Тараптың атынан ақпаратты алуға және беруге уәкілеттік берілген Тараптардың жауапты тұлғаларын, өз аффилиирленген тұлғаларын қоспағанда, Тараптар Шарттың 8.1. тармағында көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндеттенеді.

8.3. Шарттың 8.1. тармағында көрсетілген ақпарат тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда ғана немесе Тараптардың жазбаша келісімі бойынша жариялануға жатады.

8.4. Осы Шарт тоқтатылған жағдайда, Тараптар осы Шарттың қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл аралығында Шарттың 8.1. тармағында көрсетілген ақпаратты өз мүддесіне және/немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне орай пайдаланбауға міндетті.
9. Төтенше жағдайлар
9.1. Тараптар су тасқыны, өрт, зілзала, табиғи құбылыстар, қоршауда қалу, ереуіл, соғыс қимылдары секілді дүлей күш жағдайларының және Тараптар күні бұрын болжап біле алмайтын және Шарттың орындалуына тікелей әсерін тигізетін басқа да осыған ұқсас жағдайлардың салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап беруден босатылады.

9.2. Дүлей күш жағдайларының зардабын шеккен Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімдері сол дүлей күш жағдайларының орын алған мерзімге ұзартылады. Бұл ретте Тараптар осындай жағдайлар мен олардың аяқталғаны туралы бірін-бірі тез арада хабардар етуге барлық қажетті іс-шараларды қабылдайды, сондай-ақ тиісті уәкілетті органның/ұйымның растаушы құжатын беруге міндеттенеді. Жалпыға мәлім болып табылатын фактілер дәлелдеуді талап етпейді.

9.3. Егер дүлей күш жағдайларының салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмау мерзімі екі айдан астам уақытқа созылатын болса, онда әрбір Тарап екінші Тарапқа хабар бере отырып, осы Шартты біржақты тәтіппен бұзуға құқылы.

10. Шарттың іс-әрекет ету мерзімі және бұзу тәртібі
10.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 12 ай бойы қолданыста болады.

10.2. Кез келген Тараптың осы Шарттың қолданыс мерзімін тоқтату күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей екінші Тараптарға берілген Шартты тоқтату туралы жазбаша хабарламасы болмаса, осы Шарттың қолданыс мерзімі автоматты түрде келесі 12 айға созылады.

10.3. Шартты бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей басқа Тараптарды жазбаша хабардар етіп, әрбір Тарап осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы. Егер Шартты бұзу қажеттілігі Тараптардың бірімен Жүйе ережелері бұзылғанға байланысты болса, Шарт кінәлі Тарапты бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етіп отырып басқа Тараптармен бұзылуы мүмкін.

10.4. Осы Шарт бұзылған жағдайда Оператор Жеткізушінің Жүйедегі электрондық әмияндарын жабуға тиіс.


11. Дауларды шешу
11.1. Эмитенттің, Оператордың және Жеткізушінің арасында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіпте, оның ішінде Жүйе ережелерінде мазмұндалған процедураларға сәйкес реттеу үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті.

11.2. Тараптар өзара келісімге келе алмаған жағдайда, онда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ. арнайы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында шешіледі.



12. Басқа да талаптар

12.1. Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары қосымша келісімдермен рәсімделеді және оларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, Тараптардың арасында қосымша келісімді жасау талап етілмейтін Шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда.

12.2. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және оның құқық иегерлеріне көшеді.

12.3. Шарттың ережелерімен реттелмеген барлық мәселелер Жүйе ережелеріне және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.

12.4. Жеткізушінің Жүйеге қосылуы және оның Жүйе ережелерінің талаптарын мойындауы осы Шартқа қол қою мен Жеткізушіні Жүйеде тіркеу барысында автоматты түрде жүзеге асырылады.

12.5. Шарт алты дана етіп жасалған: үш данасы мемлекеттік тілде және үш данасы орыс тілінде, заң күші бірдей, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данадан. Шарттың орыс тіліндегі мәтіні Шарттың қазақ тіліндегі мәтініне сәйкес келмеген және/немесе әртүрлі оқылған жағдайда және/немесе Шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндерінде мағыналық жүктемесі әртүрлі болған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі ережелерін қолданады.


13. Тараптардың мекен-жайлары, банктік деректемелері мен қолдары:

ЖЕТКІЗУШІ:

ЭМИТЕНТ:

Оператор:




«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ

«PayPoint» ЖШС





050010, Алматы қ.,

Бөгенбай батыр к-сі, 80









«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-дағы ЖСК KZ099420028700000029








БСК EXKAKZKA







БСН 980 940 000 054







Кбе 14







e-mail:

e-mail:

___________(___________)



_____________ (___________)



_____________ (___________)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет