Алтын -емел Ұлттық табиғи саябақтың геоботаникалық және экологиялық жүйе алуантүрлілігі



Дата27.06.2016
өлшемі21.34 Kb.
#162651
Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақтың геоботаникалық және экологиялық жүйе алуантүрлілігі

Дагарова Ш.С.



әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

е-mail:dshynar@mail.ru

Ұлттық саябақтың геоботаникалық және экологиялық жүйе жағдайы антрпогендік әсер салдарынан маңызды зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Антропогенді әсер салдарынан саябақ территориясы 3 комплексті бұзылу деңгейіне бөлінеді. 1.Әлсіз бұзылу деңгейінде – жергілікті жердің түпкілікті өсімдіктер қауымдастығының еш өзгеріссіз сақтауы жатады. 2. Орташа бұзылуда – топырақ эрозиясы салдарынынан жергілікті жердегі өсімдіктер мен жайылымды жерлердің бұзылыуын бақылау. 3. Қатты бұзылу деңгейінде – жергілікті және жайылымды жерлердегі өсімдіктер мен топырақ жамылғысының шамадан тыс көп мөлшерде қолдану салдарынан өсімдік түрлері мен топырақ деградациясы. Экологиялық жүйе жалпы түсініктеме бойынша «биогеоценоз» немесе «биотоп» деген баламамен қатар жүреді. Осы ретте Ұлттық саябақтың геоботаникалық және экологиялық жүйе сипаттамасы бойынша зерттеу обьектілері ретінде топырақтың типтік құрамы, өсімдіктер жабыны, экобиоморф, өсімдік қауымдастығының ассоциациясы және олардың түрлік құрамы мен оларды тиімді пайдалану және қорғауға алу мен зерттеу өзекті. Экожүйелік таралуы жағынан Қазақстан территориясы үш ендік зональды экожүйеге жіктеледі: орманды-дала, далылы және шөлді аумақтар болып жіктеледі. Бүгінде Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақ шөлді аумаққа жатады, кейбір экожүйелік жіктелу жағынан аридті төменгі таулы, ұсақ түйіршікті топырақты және жартылай жазықты аумақты болып келеді. Кейбір жерлердің ерекше геоботаникалық сипаттамасы жағынан далалы, бұталы және жартылай бұталы өсімдік қауымдастығының ассоциациясы тән. Ұсақ түйіршікті топырақ литологиясының өсімдіктер қауымдастығына әсер ету жағдайы жағынан өсімдіктер жабыны мен топырақ арасындағы механикалық құрамдық байланыс анықталды (әсіресе далалы тасты түйіршікті аумақтар) және қосымша ылғалды әсері жартылай бұталы өсімдіктер жабынына Rosa, Lonicera, Spiraea, Caragana және жартылай гидроморфтылар Haloxylon aphyllum (қара сексеуіл) жатады. Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақ экожүйесі 3 негізгі класқа жіктеледі: таулы және ұсақ түйіршікті топырақты дала, кішкене төбешікті далалы аумақ. Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақтың Ұзынбұлақ шатқалында топырақ қара қоңыр ұсақ түйіршікті болса, ал өсімдіктер жабыны жағынан Salix, Rosa, Berberberis, Clematis songorica, Juniperus pseudosabina осы өсімдіктер жабыны ландшафты тұрақты өсімдік теңіздің беттік деңгейлік биіктігі 1600 –2400 (2800) м көрсеткішіне ие. Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақтың кейбір биік және аласа таулы аймақтарында (Матай және Дегерес) 2200-2800 м биіктікте алуантүрлі шөптесін астық тұқымдастар Pleum phleoides, Dactylis glomerata, Poa angustifolia, Alopecurus pratensis, Helictotrichon pubescens және Geranium saxatile, G.albiflorum мен Alchemilla vulgaris, A retropilosa жаз мезгілінде мал азықты өсімдіктер қатарына жатады. Ұсақ түйіршікті таулы топырақ аумағында шөлді аумақта негізінен жартылай бұталы жусандар мен астық тұқымдас өкілдері басым; астықты және жусандар туысына Artemisia heptapotamica, Stipa sareptana, Agropyron cristatum мен астықты көп жылдық арамшөптер Nanophyton erinaceum, Stipa caucasica, S.orientalis және кейбір көпжылдық арамшөптер қауымдастығына Nanophyton erinaceum, Salsola arbusculiformis, Arthrophyton iliense, A.balchashense, A.longibracteatum, Anabasis salsa мен кейбір жусан түрлері Artemisia sublessingiana, Artemisia terrae- albae, А.heptopotamica бұл өсімдік түрлерінің маңыздылығы кейбір жусанның түрлері дәрлік болса кейбір асытақ тұқымдастар мал азықтығы үшін өте маңызды. Ал бұл түрлер Алтын –Емел Ұлттық табиғи саябақттың аумағында жиі кездесетін негізгі өкілдері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет