Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Ақбота»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші : Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге
«Күз келгенде» әнін тыңданыздар.
Жүргізуші: Жапқандай жапырағымен айналаны
Қуантып байлығымен халқымды
Бір қуантып қайту үшін біздерді
Сабырлы ,сары алтын күз келді.
Балалар хормен: Алтын күз
Күз ханшайымы келеді .
Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Жүргізуші: Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба ?
Балалар: ия
Күз ханшайымы : Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге Қыркүйек, Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.
Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді. Қане балалар менің Қыркүйек , Қазан , Қарашамның әнін тыңдандар
Қыркүйек, Қазан , Қараша ән айтады.
Жүргізуші : Қандай тамаша ән балалар сендерге ұнады ма ?
Балалар : Ұнады керемет ән.
Жүргізуші: Жемістерді тердіңбе ?
Мұндай жеміс көрдің бе ?Реклама16+
Жемістердің айтысын
Ал тыңдайык кел бірге-деп « Жемістер» өлең шумақтарын тыңдаңыздар.
Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайык-деп « » биін қарсы алыныздар.
Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.
1 бала Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі
Жүргізуші: Келесі кезекте Балабақшамыздың меңгерушісі Ишпанова Сауле Мұратқызына сөз береміз
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар ,ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің
сыйлаған сыйы,әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман
заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге
көп –көп рахмет. Қош сау болыңыздар.